Көк лента

Сынып: 1 «Ә» Күні: 28. 02. 12ж
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Есеп(қанша қысқа?) .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды есеп және оның құрамды бөліктері, қанша қысқа ұғымына байланысты амалдар таңдау тәсілдерімен таныстыру.
Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Есеп шығаруда еркін пайдалануға үйрету,
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың білім, іскерлік, білік дағдыларын қалыптастыру.
Қабылдау, түйісу процестерін, есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының
өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, ұқыпты, әдемі, көркем етіп жазуға жетелеу.
Сандарды дұрыс айтуға, орынды сөйлеуге, адамгершілікке, топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ертегі, кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, мадақтау, көрнекілік,
практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, сандар жүйесі, таратпа материалдар,
геометриялық фигуралар, сергіту сәттері, слайд, шығармашылық
тапсырмалар, ойындар.
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты қайталау, пысықтау. Бүгін біз математика
сабағымызды ертегімен байланыстырып өтеміз. Біз бәріміз ертегіні ұнатамыз ба?Ендеше «Мақта қыз бен мысық »ертегісін білеміз бе?Олай болса «Мақта қыз бен мысықтың » үйін құрастыруға көмектесейік. Ауызша тапсырмалар орындау.
Әр топқа тапсырмалар беру: 1-топ: 6+2= 2-топ: 7+2= 3-топ: 4+3=
9-3= 5-1= 6-5=
Геометриялық фигураларды қолдана отырып, үй құрастыру.
Біз тапсырманы тез әрі жылдам есептей отырып, үйді жылдам соқтық.
ІІІ. Жаңа сабақ: Олай болса, біз бүгін сабақта есеп және қанша қысқа ұғымына
байланысты есептер шығару арқылы «Мақта қыз бен мысық»ертегісін
тамашалаймыз. Үш топтан бір-бір мүшелері шығып, ертегіні үзіп-үзіп айтады.
-Ал, енді балалар, бәріміз бірге мысықтың құйрығын қайтып алуына
көмектесейік. Ол үшін алдымен 1- топ сиырдың тапсырмасын орындайды.
Тақтамен жұмыс: Есептерді салыстыру және шығару.
Қызыл лента-10 см
Көк лента-? 5 см қысқа
Шешуі:10 см-5см=5 см
Жауабы:көк лента 5 см қысқа.
-Балалар, мысық сиырдан кейін тағы неге барады?Талға барады. Бірақ, балалар, талдың
да сендерге арналған тапсырмасы бар екен. Қане оны 2-топтың оқушыларына арнап отыр.
Тапсырма:Сатып алғаны-10 см
Қиып алғаны-5 см
Қалғаны- ?см
Шешуі:10см-5см=5см
Жауабы:5 см лента қалды.
-Дұрыс балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Енді мысық көмек сұрап тағы
кімге барды?
-Иә, су әкеле жатқан қыздарға жолығады. Ол қыздардың да мысыққа және сендерге
3-топ деп дайындаған тапсырмасы бар екен.
Есептерді салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
Есептің шартында 10см және 5см ленталар жайында айтылған, шешуі азайту амалымен орындалады(ұқсастығы) .
Есептің айырмашылығы:шарттары әр түрлі, 1-ші есептің сұрағы неше сантиметр лентаның қысқа екендігі айтылған, 2-ші есепте неше сантиметр лента қалғаны жайында айтып отыр. Жауаптары әр түрлі.
Мадақтау әдісін қолдана отырып, оқушыларды мадақтау.
ІV. Сергіту сәті:
Қыздардың берген тапсырмаларын орындадық, ендігі кезекте мысық кімге барды?
-Иә дүкенші апайға барыпты. Ал дүкенші апай мысыққа қандай тапсырма дайындап қойған екен?Соны біз орындап көрейік.
Қосудың компоненттерін айту. Мәні 4-ке тең болатын қосындыларды жазу. Мәндерін
табу үшін қолданған қосу кестесін жазу. Топтармен жұмыс:
0+4=4 2+2=4 4+0=4
1+3=4 3+1=4
V. Ойын ойнау: Көбелектердің гүлдерге қонуына көмектес! Көп көмек берген топты мадақтау.
2+3+1 4+2-3 5-5+4 2+5+3
6+1-4 10-7+2 7-4+3 3+2+5
-Балалар, дүкенші апай мысыққа жұмыртқа алып кел, - деді. Ал жұмыртқаны неге барып сұрады?(тауыққа) Сонымен тауық мысыққа қандай тапсырма дайындаған екен, көрелік.
4- тапсырма: Азайтудың компоненттерін атау. Азайғышы 5 болатын айырмаларды ата. Айырмалардың мәндерін өсу ретімен жаз.
5-5=0 5-3=2 5-1=4
5-4=1 5-2=3 5-0=5
Балалар, сендер білесіңдер тауық жұмыртқа беру үшін оған керек?(тары, бидай) .
Мысық бидай іздеп келе жатқанда алдынан не шығады?Тышқан қандай тапсырма берер екен.
V. Сабақты қорыту: Шығармашылық тапсырма:
Торда жоғалған мысық табу. Мысық отырған тордың түсі әр түрлі. Қай түстің
торындағы мысық жоқ.
Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, - деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
- Ал біз қандай болуымыз керек?
- Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық!
VІ. Үйге тапсырма: 2-тапсырма 106 бет
VІІ. Бағалау.
№29 Александр Герцен атындағы орта мектеп
Сынып: 1
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдрашова Сәуле Ермекбайқызы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы
Б. Момышұлы ауылы
Б. Момышұлы 2012ж
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz