Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жай бөлшекті бөлу

Математика. 5 сынып
Тақырыбы: Жай бөлшекті бөлу
Мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды қолдана
алуы.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, компьютер, видеопраектор
Жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру №752 есеп
3. «Еске түсіру» сұрақ-жауап
1. Жай бөлшек, жай бөлшекке қалай көбейтеміз.
Алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, бөлімі бөлімдерінің
көбейтіндісіне тең бөлшек.
2. Натурал санды бөлшек санға көбейткенде натурал сан бөлшек алымына
көбейтіп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалады.
3. Аралас сандарды жай бөлшекке қалай көбейтеміз? Оларды бұрыс бөлшекке
айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолданамыз.
4. Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге
тең
«Ой салу» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
1. Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек
2. 2*2 неге тең?
3. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан
4. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек
|Б |Ұ |Р |Ы |С |
|Т |Ө |Р |Т | | |
| |А |Р |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

«Жауаптарын тап»

«Кім жылдам?»
1. Қораптағы шай 1/4 кг. Неше қорап шай 1 кг? (4 қорап)
2. Поезд 1 сағатта екі қала арақашықтығының 1/3 бөлігін жүрді. Поезд бір
қаладан екінші қалаға қанша сағатта барады?
3. Бір орам өрік 3/4 кг. Неше орам өрік 6 кг болады?

«Біле жүрейік»
|Атау |Уақыты |Ұлты |Тегі |
|Бөлшек сызығы, |ХІІ |Итальян |Леонардо Пизанский |
|бөлшек | | | |
|Алым, бөлім |ХІІІ |Грек |Максим Плануд |
| |Б.з.д. |Грек |Архимед |
| |287-212 | | |
|Бөлшек туралы толық |ХХ |Орта Азия |Әл-Хорезми |
|мәлімет | |математигі | |

Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім,
Құмға жазған жазумен тең.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Белсенді оқушыларды марапаттау. Үйге
тапсырма. № 784 (5,6,7,8) № 785 (5,6,7,8)
-----------------------


Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшекті жай бөлшекке
Жай бөлшектерді бөлу жайлы
Бөлшекті орында
Аралас санды аралас санға бөлу
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Жай бөлшектерді және аралас сандар көбейту
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру
5 класс емтихан сұрақтары
Ондық бөлшек. ондық бөлшекті оқу және жазу
Пәндер