Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін талдау
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№14 жалпы білім беретін орта
мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні
мұғалімі Сүндетбаева Оразгүл
Әдебиет
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесін талдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әнгіменің
мазмұнын аша білу, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу;
Дамытушылық: озық технологияларды пайдалана отырып,
оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тіл байлығын
дамыту;
Тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке,
шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО, СКТ.
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, портрет, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тіл
Сабақтың өту барысы.
1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа
аудару.
2. Үйге тапсырма: С.Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, біз өткен сабақта 60-90 жылдардағы
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі жазушы Сайын Мұратбековтің «Қылау»
әңгімесімен таныстық. Сонымен қатар жазушының қаламынан туған «Менің
қарындасым», «Ауыл оты», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай»,
т.б. шығармаларының бар екенінен хабардар болдыңдар. Сайын Мұратбековтің
шығармаларының тақырыбы сол кезеңдегі ауыл тынысы, тұрмыс-тіршілігі,
адамдардың өзара қарым-қатынасы, дүниеге көзқарасы екен. Қай шығармасын
алып оқысақ та тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, оқырманды өзіне баурап
алады. Осындай шығарманың бірі – «Қылау» әңгімесі екенін өткен сабақта
айтқан болатынбыз.
Балалар, әңгіме өзегі өздеріңе таныс. Әңгіме желісі бойынша мынадай топтық
жұмыстар жүргіземіз.Бұл үшін сыныптағы оқушылар төрт топқа бөлінеді.
«Жеңіс»тобы: «Қылау» әңгімесін сатылай кешенді талдау.
Әдеби теориялық ұғымдарды дәлелдеу. Бірі мәтін бойынша, екіншісі
теориядан жауап береді.
«Қылау» әңгімесі
1. Авторы – Сайын Мұратбеков.
2. Тақырыбы – адамгершілік, сыйласымдық, қайырымдылық, балаң сезім.
3. Эпикалық жанр түрі – әңгіме.
4. Идеясы - Сатай мен Рәбиға арқылы таза, нәзік балаң сезімді, адал
достықты, адамгершілікті, сыйласымдылықты, қайырымдылықты көрсету.
5. Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер – Сатай мен Рәбиға
Жағымсыз кейіпкерлер – жоқ.
6. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу – Қос құлағы найзадай шаншылып, шақырған
тауықтай
Тұрақты тіркес – зәресі ұшу, тіл-жағы байлану.
7.Тәрбиелік мәні-бір-бірімен дос болуға,
адамгершілікке үндейді.
«Бірлік» тобы: Шығарманың композициялық құрылысына талдау.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы. Үйқы құшағындағы Сатай.
Байланысуы. Әке тапсырмасы.
Дамуы. Сатайдың Рәбиғаны кездестіруі.
Шиеленісуі. Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі. Рәбиға үшін алаңдауы.
Шешімі. Рәбиғаның сыйлығы.
«Жалын» тобы: Шығарманың көркемдік әдісі бойынша талдау
Баяндау –Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді
баяндау дейміз.
Суреттеу – жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның
болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлерімен, олардың жеке басына
тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны
суреттеу дейміз.
Портрет- Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет-әлпетін
суреттеуді портрет дейміз.
Диалог – Көркем шығармада кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог
дейміз.
«Жас қанат» тобы: «Қылау» әңгімесін қысқаша мазмұндау.
Мәтінді әңгімелеу жоспары:
1. Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.
2. Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.
3. Жол бойынан Рәбиға атты қызды кезіктіруі.
4. Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.
5. Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.
6. Сатайдың Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.
7. Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.
Балалар, әңгіме неліктен «Қылау» деп аталған?
Ширату сұрақтары.
1. Таң азанғы әке дауысы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?
2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырады, сендер де ересектердің ақыл
сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлануына не түрткі болды, оны ненің
белгісі деуге болады?
4. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай
әрекеттерінен байқалады?
5. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы, оның
батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
6. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?
7. Сатайдың балаң мінезін, ағаттығын, үстірт түсінігін мәтіннен мысал
келтіре отырып (сабақ, мектеп ережесі, мұғалім туралы) дәлелдеңдер.
8. Сатай Рәбиғаға деген алғашқы балаң сезімін қалай білдірді, үлгілі
жағы неде?
9. Сатай жолдан қандай сезіммен оралды, ойларыңды мәтіннен мысал
келтіре отырып дәлелдеңдер.
«Дыбыстар сөйлейді» әдісі бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
С-сыпайы,сезімтал
А-ақылды
Т-тәрбиелі,тәртіпті
А-ақкөңіл
Й-инабатты
О-ойлы
Қ- қайырымды
У-уайымшыл
Ш-шыншыл
Ы- ынталы
Сабақты бекіту.
Оқушыларға шығармашылық тапсырма: «Мен достықты қалай түсінемін?»
тақырыбына ойтолғау жазу.
Қорытынды
Сонымен, балалар әңгімеден түсінгеніміздей әрқашан бір-бірімізбен дос
болуымыз керек. Достық – адамдар арасын жалғап тұрған нәзік жіп. Ендеше,
білім жолында достықта, бірлікте болайық.
Үйге тапсырма.
Достық, адамгершілік, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
Бағалау.
Жаңаөзен қаласы
Жалпы білім беретін №14 орта мектеп
Қалалық ашық сабақ
С. Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
(2-сағаты)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сүндетбаева Оразгүл
2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz