Саптық жарғы

Сабақ жоспары

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары» атты теориялық сабақтың өткізілу барысы

Сабақтың барысы: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары»

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің

жарғылары туралы толық түсінік қалыптастыру, ұғындыру;

Б) Әскери кәсіптік біліктілігін арттыру, ойлау, сөйлеу мәнерлерін

дамыту.

В) Өз Отанының патриоты болуға, достық қарым-қатынастарын

нығайтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Уақыты: 45 мин.

Өтетін орны: акт залы

Әдісі: түсіндіру, тірек - сызбалар, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: ҚР ҚК жарғылары, слайдтар.

Материалдық база: плакаттар, кітаптар

Сабақтың барысы:

Оқу жаттығу-лары және уақыты
Жетекшінің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Оқу жаттығу-лары және уақыты: 1
Жетекшінің іс - әрекеті: 2
Оқушының іс - әрекеті: 3
Оқу жаттығу-лары және уақыты:

Кіріспе бөлім -

5 мин.

Жетекшінің іс - әрекеті:

- Взвод командирінің рота командиріне берген баяндауын қабылдаймын.

- журнал толтырып, жоқ оқушыларды тексермін.

- Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы қайталаймын:

1. Қазақстанның қазіргі армиясы дегеніміз не?

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар.

3. Танк әскерлері дегеніміз не?

4. Әуе қорғаныс күштері қандай қызмет атқарады?

5. Әскери теңіз күштері туралы не білесің?

- Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

Оқушының іс - әрекеті: Қойылған сұраққа жауап толық жауап беру.
Оқу жаттығу-лары және уақыты: Негізгі бөлім - 30 мин.
Жетекшінің іс - әрекеті:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жарғы туралы түсінік

  • Жарғы туралы Қазақстан тарихында қандай ұғымдар бар?

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.

Жарғылар әскерилердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Қазіргі кездегі жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көп жылдық тәжірибелер есепке алынған.

Жарғылар ережесі Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.

Қазақстан Ресупбликасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілген.

Ішкі қызмет жарғысы

Әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттері олардың бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым - қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез - құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орнатылады, күн тәртібі белгіленеді. Әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, бөлімнен олардың сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырады.

Тәртіптік жарғы

Әскери тәртіптілік мәні, армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің құқықтары баяндалады. Сондай - ақ, әскери қызметшілерден келіп түскен арыз шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы

Гарнизондық және қарауылдық қызметтерді тағайындау мен ұйымдастыруды белгілейді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады.

Саптық жарғы

Әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай - ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.

Оқушының іс - әрекеті:

Жаңа сабақты меңгеруге атсалысу. Дәптерлері-не жазу.

Сызбаны дәптерге сызу,

Оқу жаттығу-лары және уақыты: Жаңа сабақты бекіту, бағалау - 7 мин.
Жетекшінің іс - әрекеті:

Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері дегеніміз не?
  • Саптық жарғыда не баяндалады?
  • Ішкі қызмет жарғысы не туралы?
  • Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы арқылы не айқындалады?
  • Тәртіптік жарғы дегеніміз не?

Оқушылар жауабын ескеріп, тиісті бағалаулар жүргізу, өте жақсы жауап бергендерге мадақтау және кейбір толық емес жауаптарға ескертулер жасау.

Оқушының іс - әрекеті: Берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.
Оқу жаттығу-лары және уақыты: Үйге тапсырма - 2мин.
Жетекшінің іс - әрекеті: Оқулықтағы 70-74 беттердегі тақырыпты оқу, түсінгенін айту.
Оқушының іс - әрекеті: Үй тапсырма-сын күнде-лікке жазу, даярлану.
Оқу жаттығу-лары және уақыты: Сабақты бекіту-1мин.
Жетекшінің іс - әрекеті: Взвод командирінің рота командиріне берген баяндауын қабылдаймын.
Оқушының іс - әрекеті: Взвод командирі-нің бұйрығын орындау.

Өткізген: Б. Ш. Сақыпқалиев


Ұқсас жұмыстар
Саптық тұрыс
Саптық дайындық
Алғашқы әскери дайындық пәнінен сыныптан тыс сайыс сабақ
Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Саптық адым. 11 сынып
Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар
Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Орнында тұрғандағы бұрылыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz