Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні: тарихы, маңызы және орындау мәдениеті

Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасының Гимні
Сабақтың мақсаты: Балаларға мемлекеттік рәміздердің
маңызын түсіндіру және әнұранды орындау мәдениетін үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе
білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі : Үнтаспа, суреттер, оқулық
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі - Гимн. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.
Гимннің сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған - белілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу - әрбіріміздің парызымыз!
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Музыка тыңдау: «ҚР Гимні»
Үйге тапсырма:
Бағалау:
Қорытындылау