Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қайталау операторы

Ақтөбе облысы,
Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Тақырыбы: Қайталау операторы.

Жаңа сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың оператор дегеніміз не екенін, оның нешеге
бөлінетінін еске түсіру. Қайталау операторы туралы түсіндіру.
Тапсырмаларды орныдау барысында орындалатын әрекеттер тізбегі
ретінде оператор түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды қайталау операторларын есепте пайдалануға
үйрету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар
арқылы дамыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Пәнаралық байланыс: математика

Қолданатын көрнекіліктер: Видеопроектр, компьютер құрылғылары,

бағалау парағы.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс: Қайталау
операторының анықтамасын, операторлардың жазылуын, берілген тапсырмалардың
программасын құруды.

Сабақтың барысы:
• 1-кезең. Берілген үй тапсырмасын №9(а) есепті компьютерден тексеру,
«Бой сергіту» сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту.
• 2-кезең. Жаңа тақырыпты оқушыларға презентациялық көрсетілім арқылы
түсіндіріп өту. Қайталау операторлары туралы түсінік беру, оны
программа барысында қолдануға үйрету.
• 3-кезең. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылардан тест сұрақтары
бойынша жауап алу, тексеру.
• 4-кезең. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.Үйге тапсырмасын
беру.

1-кезең. №9(а)есеп.

Program esep9;
Var x,y:real;
Begin
Write(‘x енгіз:’);
Readln(x);
If (-2<=x) and (x<=2) then y:=sqr(x)
Else y:=4;
Writeln(‘y=’,y);
End.

«Бой сергіту» сұрақтары:
1. Паскаль тілін қай жылы және кім ұсынды?
2. Паскаль тілінде оператор дегеніміз не?
3. Паскаль тілінде программаның үш бөлімі.
4. Begin, End түйінді сөздерін не деп атаймыз?
5. Оператор қандай топтарға бөлінеді?
6. Паскаль тілінде шартты, шартсыз, цикл операторлары қандай операторлар
деп аталады?
7. GoTo операторы қандай оператор?
8. Турбо Паскальдағы екі шартты операторды ата?
9. CASE қандай операторға жатады?
10. Программада есептің дұрыстығын тексеру үшін қанадай клавиашаны
қолданамыз?
11. Программада есепке мән беру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
12. If, Then, Else операторының аудармасы.
13. Программада есептің нәтижесін көру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
14. Var бөлімін есепте не деп атаймыз?

2-кезең. Жаңа сабақ мазмұны.

Цикл операторлары

while..do repeat..until
for..to..do

While..do операторы.
While (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)

Жазылу пішімі:
WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>
<қайталану шарты>-логикалық өрнек
<цикл тұлғасы>-қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
WHILE <шарт> DO
BEGIN
<1-оператор>;
<2-оператор>;
…..
;
END.

For..to..do операторы.
FOR (оқылуы: фо, аударылуы: үшін)
To (оқылуы: ту, аударылуы: дейін)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)

Жазылу пішімі:
For <айнымалы> := To Do <оператор>
S1,S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы
мәндерін анықтайтын өрнектер.
For, to, do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер
<оператор> - цикл тұлғасы.
Орындалуы:
FOR k:=1 TO 100 DO read(M[k]);

Repeat..until операторы.
Repeat (оқылуы: рипит, аударылуы: қайталау)
Until (оқылуы: антил, аударылуы: дейін, шейін)

Жазылу пішімі:
Repeat <қайталану шарты> Until <цикл тұлғасы>
<қайталану шарты>-логикалық өрнек
<цикл тұлғасы>-қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
REPEAT
<оператор-1>;
<оператор-2>;
…..
<оператор-n >;
UNTIL <ШАРТ>

3-кезең. Жаңа сабақты бекіту тест сұрақтары.
1. Цикл операторлары:
А) if, case, for Ә) for, while, repeat
Б) goto, if, case В) read, write
2. Цикл операторларының арифметикалық циклі.
А) for Ә) while Б) repeat
В) case
3. WHILE операторының қызметі.
А) шартты соңынан тексереді Ә) дұрыс жауап жоқ
Б) шартты алдын-ала тексереді В) шартты тексермейді
4. FOR операторын басқаша қалай атайды?
А) параметрлі Ә) тұрақты Б) өзгермелі В)
дұрыс жауап жоқ
5. Қайталау операторлары қай оператор түріне жатады?
А) қарапайым Ә) құрама Б) жай
В) дұрыс жауап жоқ

6. Турбо Паскальда қайталау операторларын басқаша қалай атайды?
А) таңдау Ә) шартты Б) цикл В)
дұрыс жауап жоқ
7. Қайталау саны алдын-ала белгілі болған кезде қандай операторды
қолданамыз?
А) while Ә) repeat Б) for В)
case
8. Цикл операторларында қайталанатын бөлігін не деп атайды?
А) циклдің денесі Ә) циклдің басы
Б) циклдің соңы В) дұрыс жауап жоқ

4-кезең. Бағалау. Үй тапсырмасын беру.

Бағалау парағы.
| |Үйге тапсырма |Бекіту тест | |
|Оқушының аты-жөні | |сұрақтары |Бағасы |
| |№9 (а) |Сұрақ | | |
| |есеп | | | |
| | | | | |

15-14 – «5»
13-11 – «4»
10-7 – «3»

3.7 тақырып. Қайталау операторы.
№1, 100 бет.

Ұқсас жұмыстар
Қайталану операторы. 9 сынып
Repeat операторының қызыметі
Паскаль тілінің қайталау операторы
Шартты көшу операторы
Теориялық сабақ
For қайталау операторы жайлы ақпарат
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары
Паскаль тілінің қарапайым операторларымен жұмыс. 9 сынып
Жұп сандарға мысал келтір
Циклдік алгоритмдер.Циклдiк алгоритмдi программалау
Пәндер