Қайнақты қамыр

Сабақтың тақырыбы: Қайнақты қамыр
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларды тамақ түрлерін жасай білуді үйрету, ұннан жасалатын кондитер өнімдері туралы мағлұмат беру.
- Тәрбиелілік: Қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа, тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға, аспаздық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Көнрнекілігі: суреттер, мақал мәтел, тірек сызба
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Cыныпты топқа бөлу
I - топ II - топ
2. Ұй жұмысы:
I- кезең Өткен сабақтрады қайталау сұрақтары ”Кім жылдам?”
2 топқа бірдей сұрақтар беріледі. Оқушылар жылдам жауап беруі қажет. Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі.
1. Одан әрі өңдеуді керек ететін зат? (Шала)
2. Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап не қосу керек?
( Қант)
3. Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек? (Сортын және елегіштен өткізу)
4. Тұздық дегеніміз не?
(тұздық - жеке ұсынатын тағам емес, ол тағамның дәмін кіргізіп, хош иіс беріп, көрінісін әдемілейді)
5. Тұздықтар неше топқа бөлінеді?
(екі топқа : ұн қосылған және үн қосылмаған)
6. Бисквит қамырдың құрамы ?
(жұмыртқа, қант, ұн)
7. Дастарқанның басты асы не?
(Нан)
8. Ашытпалы қамырдан қандай нан түрлері жасалады?
(Тапа нан, бауырсақ)
9. Ашытпасыз қамырдан қандай нан түрлері жасалады?
(Пирог, шаг-шаг, бисквит, үгілмелі)
10. Торт қай елдің сөзі?
(италян torta; испанша tortilla - нан)
II - кезең Ой толғау
a) Әр топтан бір оқушыдан шығып өздерінін дайындап келген тағамына сипаттама беру
б) Топтағы қалған оқушыларға тапсырма. Тамақ әзірлеу технология тарауы бойынша тірек сызба әдісін пайдалану арқылы дұрыс жауабын сызу.
- Жаңа сабақ
![]()
![]()
Эклер дайындау технологиясы:
ингредиенттер
- 1, 5 стакан су
- 7, 5-100г сары май немесе маргарин
- 0, 5 шай қасық тұз
- 1, 5 стакан ұн
- 4-5 жұмыртқа
1. Шағын кастрөлге су құйып, май немесе маргарин, тұз салып қайнағанға дейін жеткізеді
2. Кастрөлді оттан алып, ыстық сұйықтыққа біртіндеп ұн сеуіп, түйіршіктерді жойылғанға дейін араластырады
3. Кастрөлді отқа қайта қойып, кастрөл қабырғасына жабыспай біртұтас массаға айналғанша араластыра отырып жылытады
4. Қамырды біраз салқындатады, әйтпесе жұмыртқа пісіп кетеді де, өнім піскенде көтерілмей қалады.
5. Кондитерлік құйма қалтаға металл ұштық кигізіп, қамырды жұқалап майланған табаға ұзынша етіп(10-12см) қысып шығарады. Егер таба көбірек майланса өнімдердің асты қуырылып қалады, ал майланбаса түбіне жабысып қалады
6. 210-220*С -та қыздырылған қаңылтыр пештің төменгі торына табаны қойып, 10-15 мин пісіреді. Одан кейін 200*С-қа түсіріп, тағы 10-15 мин пісіреді.
Қайнақты қамырдан пісірілген пирожный жақсы көтеріліп, көлемі үлкеюі керек. Оларға тез қатты қабық пайда болу үшін, пісіру барысында беті жарылып кетпеуі үшін пеште ылғал ауа болуы керек. Ауаны циркуляция жасайтын қаңылтыр пештерде пирожныйлар жақсы болып шығады. Егер қаңылтыр пеште церкуляция болмаса, оның түп жағына қайнаған суы бар ыдыс қоюы керек. Шамамен 15 мин соң пештің ішінде ылғал жылы ауа пайда болып, дөңгелек пирожныйлардың көтерілуі жақсы қалыптасады.
Есте сақта!
- Қайнақты қамырдан дайындалатын өнімді пісіру барысындақаңылтыр пешті ашып көруге болмайды! Қамыр отырып қалады.
- Пешті қамыр көтеріліп, қатты қабық пайда болған соң аш!
- Қайнақты қамырды алдын ала дайындап қоюға болмайды!
Қайнақты қамырдың сапасын анықтау
- Дайын қамыр жылтыр, қою, жұмсақ болуы керек.
- Табаға қамырды құйғанда жайылып кетпеуі керек.
- Дұрыс дайындалған қамыр табаға салғанда аздап жайылады да, пісіргенде іші кеуектеніп жақсы көтеріледі.
- Тығыз қамыр қиын көтеріледі, ал сұйық қамыр аса жайылып кетеді.
III- кезең мағынаны ашу
- қайнақты қамыр
- қайнақты қамырдан жасалатын пирожный
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz