Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуке хан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КРАСНОАРМЕЙКА ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

Ашық сабақ

Сынып: 5 «А»

Тақырыбы: «Қазақ билері»

Мұғалім: Мырзабекова Д.Е.

Сабақ жоспары.

Сынып: 5 «А» Пән: Қазақстан
тарихынан әңгімелер

Мерзімі:
Мұғалім: Мырзабекова Д.Е.

Тақырыбы: §30. Қазақ билері.

Мақсаты: оқушылардың би түсінігін, олардың қазақ қоғамындағы орны мен
атқарған қызметін, Тәуке хан және оның «Жеті Жарғысының» Қазақ хандығында
алған орнын түсінуіне жағдай жасау.

Міндеттері:
а) білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту
жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны,
өнегелі істері жайында мәлімет беру.
ә)дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету
дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту,
құқықтық түсініктерін дамыту.
б)тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға
келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеріп бастапқы бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, көрнекілік, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап,
топтық жұмыс әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, карточкалар, оқулық, жұмыс
дәптері.

Техникалық оқыту құралдары: интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Ұйымдастыру формасы: топтық.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа
аудару. Сабақтың психологиялық көңіл-күйін қалыптастыру.
ә) үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша тест беріледі. Орындап
болған соң өткен тақырып қорытындыланады.
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызады.

Жаңа сабақты оқытуға дайындау. Проблемалық жағдай туғызу. Мұғалім:
қымбатты балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қазақ билері» деп аталады.
Қалай ойлайсыңдар, осы сабақты оқуда біз алдымызға қандай мақсат қоямыз?
Оқушылар мүмкін болатын жауаптарын айтқан соң, мұғалім сабақтың-
міндеттерімен таныстырып, жоспарын айтып, сұрақтар береді.
1) Би деген кім?
2) Билер қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?
3) Қандай адамдар би бола алатын еді?
4) Қандай билерді білесіңдер?

Жаңа сабақты оқыту. Содан соң мұғалім қазақ хандығында би сайланудың
тәртібі, билерге қойылатын талаптар туралы қысқаша мәлімет береді. Болған
соң қазақтың үш биіне жеке – жеке тоқталып өтеді. Үйге берілген тапсырма
билер туралы қосымша мәлімет оқып келу болатын. Мұғалім әр топтың
дайындығын тексереді. Оқушылар билер туралы әңгімелеп болған соң, жоспардың
келесі бөлігіне көшеді.
Тәуке хан. Мұғалім Тәуке хан туралы өзі қысқаша әңгімелеп өтеді де, оның
билермен бірлесе отырып құрастырған қазақтың көне ел билеу құқығы – «Жеті
Жарғы» туралы айтады. Тақтадағы «Жеті Жарғының» құрылымын көрсетіп, оның
қазақ қоғамындағы рөлін атап өтеді.

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларға үш түрлі тапсырма
беріледі. Тақтада көрсетілген семантикалық картаны мұғалім әр оқушыға
үлестіріп береді. Орындап болған соң бірлесіп тексереді. Келесі тапсырма
билердің айтқан нақыл сөздері бойынша «Сөз кімдікі?» сәйкестендіру
тапсырмасы. Үшінші тапсырманы орындау үшін мұғалім «Жеті Жарғының» мәтінін
әр топтың алдына үлестіріп береді. Бұл тапсырманы орындау үшін басқаларына
қарағанда көбірек уақыт кетеді.

Жаңа сабақты бекіту. Бекіту үшін төмендегідей тапсырмалар ұсынылады.
1) «Тарихи портрет» тапсырмасы. Тақтада берілген анықтамалар бойынша
оқушылар тарихи тұлғаны тануы тиіс.
2) «Жеті Жарғы» бойынша тест.
Тапсырмалар орындалып болған соң мұғалім бекіту сұрақтарын қояды.
1) Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарды?
2) Қазақтың қандай атақты билерін білесіңдер?
3) Олар қандай істерімен тарихта із қалдырды?
4) «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай маңызы болды?

Рефлексия: оқушылар нені білу керек?
а) би сайлануға қойылатын талаптарды;
ә) билердің атқарған қызметін;
б) көрнекті қазақ билерін, олардың өмірі мен қызметін;
в) Тәуке ханның билігінің тарихи маңызын;
г) «Жеті Жарғының» негізгі мазмұнын.

Үй тапсырмасын беру. §30. Мазмұндау, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды
орындау.

Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Тәукехан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Xv-xvii ғ. қазақ хандығы қайталау сабағы
Тәуке ханның сыртқы саясатының негізгі бағыттары
Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
Хv- хvііі ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. 7-сынып
"Қазақстанда мемлекеттердің пайда болуы және дамуы" тарауында білімді тиянақтау сабағы
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз атты зияткерлік сайыс
Қазақ хандығының басқару жүйесі мен әлеуметтік құрылымы
Пәндер