Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы

Оқу пəнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология (ұл балаларға арналған)
6-сынып
Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, мектеп шеберханасындағы тəртіптің жалпы ережелері жəне еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы жəне ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы - 2 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, өсімдік шаруашылығы туралы түсінік. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, сəндік бау-бақша шаруашылығы мен гүл шаруашылығы;
2) жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы, көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жеміс-жидек дақылдарын вегетативтік əдіспен көбейту;
3) практикалық жұмыстар: көкөніс шаруашылығындағы күзгі жұмыстары, жемістердің піскенін анықтау, өнімді жинау, оған есеп жүргізу жəне жеміс-көкөніс дақылдарын сақтау, тұқымдықтарды іріктеп алып, оларды сақтау, көкөніс дақылдарына арналған жеріне күзгі өңдеу жұмыстарын жүргізу, көкөніс дақылдарын зиянды жəндіктерден қорғау;
4) еңбек нысандарының түрлері: сəбіз, ақжелкен, асхана қызылшасы, қияр тұқымдары.
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, жұмыс орнының жабдықталуы жəне ұйымдастырылуы, ағашты дайындау, ағаштың қасиеттері, құрылымы жəне кемшілігі, кесілген ағаш дайындамаларын алу жəне оларды қолдану;
2) жасанды ағаш материалдары, ағашты қолмен өңдеуге арналған саймандар;
3) призма қалпындағы бұйымның сызбасы;
4) құрылымдау жəне модельдеу, цилиндр қалпындағы бұйымдардың графикалық бейнесі, қол сайманымен цилиндр тəрізді бұйымдар жасау;
5) практикалық жұмыстар: ағаш бұйымын құрылымдау, бұйымның бір бөлшегінен технологиялық картасын құру, ағашты аралау, сүргілеу жəне бұрғылау əдістерімен өңдеу, технологиялық карта бойынша бұйым жасап шығару;
6) еңбек нысандарының түрлері: ағаш шеберінің саймандарына арналған тұтқалар, түю аспабы, швабра, стусло, планшет, дидактикалық материалдарға арналған жәшік.
Металды қолмен жəне механикалық түрде өңдеу - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, металдардың табиғи жəне механикалық қасиеттері;
2) металдар мен олардың қорытпалары, сорттық прокат, сорттық прокатты алу жəне қолдану, белгі қою саймандары;
3) сорттық прокаттың графикалық бейнелеуі жəне дайындамаларға белгі қою;
4) темір ұста қол арасымен дайындамаларды кесу, жазық беттерді егеу, қозғалыс беріліс механизмы, машина жəне оның негізгі бөлшектері, бұрғылау станогінің құрылысы жəне онымен жұмыс істеу, металл дайындамаларын бұрғылау;
5) практикалық жұмыстар: сорттық прокат үлгілерінің эскиздерін жəне сызбаларын орындау: алты қырлы, бұрыштық металл бұйымдарының, жұмыр болат шыбықтың жəне швеллердің. Металды кесу, егеу, бұрғылау əдістерін қолдануды қажет ететін сорттық прокаттан жасалатын бұйымдарды технологиялық карта жəне сызбасы бойынша дайындау. Пішінді бұрыштық металл бұйымынан тойтармаларға арналған тетіктерді жасау, тойтарма қосылыстарын қолдану арқылы қаңылтырдан қалақ жасау, бұрғылау станогінің құрылысымен танысып, онымен жұмыс істеу, сəндік-қолданбалы элементтерін қолдануымен тұрмыстық міндеті бар заттарды жасап шығару;
6) еңбек нысандарының түрлері: тойтармаларға арналған тетіктер, қалақ, бұрыштық металл бұйымы, шаруашылық-тұрмыстық міндеті бар заттар.
Сəндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы - 6 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, қазақтардың жəне Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт халықтарының қолданбалы өнері;
2) ағашты ою түрлері;
3) ағашты ою əдістері мен техникасы, ағаш оюын қолданып бұйымдарды əшекейлеу;
4) металды көркем өңдеу, қанылтырды бедерлеу, шекіме, тері өңдеу жəне теріден бұйым жасаудың халықтық əдістері, балшықтан көркем сомдау, өру;
5) практикалық жұмыстар: ағаш бетіне геометриялық оюды орындау, бедерлі жəне пішінді шекіме элементтерін орындау, теріден кəдесый бұйымдарын жасау, сəндік себет өру;
6) еңбек нысандарының түрлері: ойыншықтар, кəдесыйлар, тұрмыстық бұйымдар.
Электротехника жəне электроника негіздері - 3 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер. Негізгі электр мөлшерлерін өлшеуге арналған құралдар: тоқты (I), кернеуді (U), кедергіні (R) . Амперметр, вольтметр, омметр, мегомметр, байқау жəне құрама құралдарының құрылысы.
Сол құралдарды пайдалану ережелері, схемалардағы белгілер, электромагниттер және оларды қолдану, электромагнитті жасау;
2) құрылымы, міндеттері, жұмыс істеу жəне құрылу принциптері, техника мен тұрмыс жағдайларында электрқозғалтқыштарын пайдалану;
3) электрмонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында электр қауіпсіздігін сақтау ережелері;
4) практикалық жұмыстар: тізбектегі амперметр, вольтметр, конденсатор мен резисторларды жалғау əдістері. Тоқтың, кернеудің, кедергінің қуатын анықтау;
5) еңбек нысандарының түрлері: электрқоңырауды, электромагнитті жасау.
Үй мəдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, тұрғын бөлмелердің интерьері, интерьердегі заманауи стилдер, бөлмедегі жиһаз бен жабдықтарды тиімді орналастыру, бөлмелерді функционалды аймақтарға бөлу, тұрғын үйдің жарығы;
2) практикалық жұмыстар: тұрғын бөлмелердің ішкікөрініс элементтерінің эскизін орындау;
3) еңбек нысандарының түрлері: ішкікөрініс эскиздері, сəндік-қолданбалы мақса тындағы бұйымдар.
Шығармашылық жобалау іс-əрекеті - 5 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер;
2) шығармашылық жобалау іс-əрекетінің талаптары мен негізгі кезеңдері;
3) өзіндік жобалау іс-əрекетін жасау.
Технология 6 сынып аптасына 1 сағат, жылына - 34 сағат
Рет№
Сабақ №
Сағат
Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы
Тансысу. Пәнге кіріспе. «Біздің әлеміміз»
Жұмыс орнының жабдықталуы жəне ұйымдастырылуы, ағашты дайындау
«Қажеттілік», «Отбасы», «Менің қалам» блоктары
Жасанды ағаш материалдары, ағашты қолмен өңдеуге арналған саймандар
«Біздің еліміз» тақырыптарын блоктар бойынша қайталау
Құрылымдау жəне модельдеу, цилиндр қалпындағы бұйымдардың графикалық бейнесі
Экономиканың негізгі проблеммаларын қарастыру. Балама құн
Металдардың табиғи жəне механикалық қасиеттері
Жеке меншік және бәсеке
Темір ұста қол арасымен дайындамаларды кесу, жазық беттерді егеу, қозғалыс беріліс механизмы
Бизнесті ұйымдастыру нысандары
Металл дайындамаларын бұрғылау
Бизнес жоспарымен танысу
Тойтарма қосылыстарын қолдану арқылы қаңылтырдан қалақ жасау
Бизнес жоспарымен танысу
Қазақтардың жəне Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт халықтарының қолданбалы өнері
Өндірі пен өнімділік
Ағашты ою əдістері мен техникасы, ағаш оюын қолданып бұйымдарды əшекейлеу
Өндірі пен өнімділік
Бедерлі жəне пішінді шекіме элементтерін орындау
Сен - тұтынушысың!
Негізгі электр мөлшерлерін өлшеуге арналған құралдар: тоқты (I), кернеуді (U), кедергіні (R) .
Сен - тұтынушысың!
Тізбектегі амперметр, вольтметр, конденсатор мен резисторларды жалғау əдістері
Ұсыныс. Ұсыныс заңы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz