Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен

«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1) Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемелекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2) Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3) Бағдарламаның мазмұны бойынша оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленгін.

4) Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағытын қарастырып:

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім бере отырып оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты - техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.

6. Оқу міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өндеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекетті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдері меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

2) «Қазақстан тарихымен»: қазах халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед формулаларды және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалықреволюция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтыру»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген:

1) 5 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі әс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

Оқу пəнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Технология (ұл балаларға арналған)

5-сынып

Бөлімдердің атауы
Сағат саны
барлығы
теория
практика
№: 1
Бөлімдердің атауы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Сағат саны: 1
1
№: 2
Бөлімдердің атауы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы
Сағат саны: 2
1
1
№: 3
Бөлімдердің атауы: Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы
Сағат саны: 8
1
7
№: 4
Бөлімдердің атауы: Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу
Сағат саны: 8
8
№: 5
Бөлімдердің атауы: Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы
Сағат саны: 6
1
5
№: 6
Бөлімдердің атауы: Электротехника және электроника негіздері
Сағат саны: 3
1
2
№: 7
Бөлімдердің атауы: Үй мәдениеті. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары
Сағат саны: 1
1
№: 8
Бөлімдердің атауы: Шығармашылық жобалау іс-әрекеті
Сағат саны: 5
5
№:
Бөлімдердің атауы: Барлығы:
Сағат саны: 34
5
29

Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау - 1 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, мектеп шеберханасындағы тəртіптің жалпы ережелері жəне еңбектің жеке гигиенасы, шеберхананың жабдықталуы жəне ағашты қолмен өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы - 2 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, топырақтану негіздері, топырақтың негізгі түрлерінің сипаттамасы, топырақты өңдеу, топырақ өңдеу техникасы, тыңайтқыштар, егіс айналымы, мелиорациялау;

2) сəндік гүл дақылдарын өсіру технологиялары;

3) практикалық жұмыстар: жер учаскесіндегі күзгі жұмыстар көкөніс жəне сəндік гүлді өсімдіктер;

4) көкөніс жəне сəндік гүлді өсімдіктерді өсіру тəсілдері;

5) еңбек нұсқаларының түрлері: сəндік гүл өсімдіктері.

Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы - 8 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, ағаш шебері верстагының мақсаттары мен құрылысы, құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мəліметтер, ағаштың сипаты мен құрылымы, ағаш өңдеу өндірісіндегі мамандықтар, графикалық құжат, ағаштан бұйым жасап шығару, белгі қою, аралау, сүргілеу, бұрғылау əдістерін пайдалана отырып ағашты қолмен өңдеу;

2) ағашты қолмен өңдеу, егеу, сүргілеу;

3) бұрандалы шеге жəне желімді қолдана отырып бұйымдарды бір-біріне қосу жəне жинау;

4) өнімді əшекейлеп өңдеу;

5) практикалық жұмыс: ағашты өңдеу, ағаш бетіне белгі жасап ою өрнек оймасын орындау;

6) қарапайым ою өрнек түрлерін графикалық түрде орындау, мысалы төртбұрыш, үшбұрыш, ромб;

7) еңбек нұсқаларының түрлері: қарапайым ою өрнек жолақтары, тазалау, бояу.

Металды қолмен жəне механикалық түрде өңдеу- 8 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, металдар туралы негізгі мəліметтер, қара жəне түсті металдар мен олардың қорытпалары, металдар қасиеттері, темір ұста верстагінің құрылысы мен міндеті;

2) сым мен жұқа табақты металдардан жасалған бұйымдардың графикалық бейнесі;

3) сым мен жұқа табақты металды түзету және майыстыру, сызба және қалыптар бойынша жұқа табақты металға белгі қою, жұқа табақты металды кесу;

4) сым мен жұқа табақты металдан жасалатын бұйымның құрылымын жасап, оны дайындап шығару;

5) практикалық жұмыстар: жұмыс орнымен танысу, металды қолмен өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар. Сым жəне жұқа табақты құрастыру жəне өнімді өңдеу.

6) еңбек нұсқаларының түрлері: тізбек, бас қатырғыш, поялникке арналған тіреуіш жəне балалар киім ілгіші, сəнді шырақ қойғыш.

15. Сəндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы - 6 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, қазақ халқының сəндік-қолданбалы өнерінің дəстүрлі түрлері, ағашты көркем өңдеу, көркем аралау;

2) ағашты көркем ою, дайын бұйымды бояулармен жəне лакпен өңдеу, теріні өңдеу, металды көркем өңдеудің түрлері;

3) ажарлау жəне лактау əдістерімен бұйымды өңдеу;

4) практикалық жұмыстар: металдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып, сəндік-қолданбалы бұйымдар жасап шығару;

5) еңбек нысандарының түрлері: жазықтықтағы ойыншықтар, асүй жабдықтары, сəндік-қолданбалы бұйымдар.

Электротехника жəне электроника негіздері - 3 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, тоқ көздері, электр қуатының өткізгіштері, өткізгіштер мен оқшаулағыштар туралы түсінік, өткізгіштерге пайдаланатын материалдар;

2) электр тізбегі жəне оның элементтері, электр схемаларындағы шартты графикалық белгілер, тармақталған жəне тармақталмаған тізбектің электр схемасы, электротехникалық арматура, тұрмыстық шамдар;

3) электр қауіпсіздігінің ережелері, электротехникалық материалдармен жұмыс істеу, электр тізбегін құрастыру;

4) практикалық жұмыстар: қарапайым электр схемасын оқу, сымдарды оқшаулау жəне ұшын жасау əдістері, гальваникалық тоқ көзі бар конструктор бөлшектерінен электр тізбегін құрастыру, құрастырудың əр-түрлі əдістерін қолдануда тізбектің жұмыс істеуін тексеру;

5) еңбек нысандарының түрлері: төмен вольттік жарық беруші жəне дабыл қаққыш құрылғыларының моделдері.

Үй мəдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары - 1 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер, киім мен аяқ киімді күтуге арналған қазіргі заманғы құралдарын таңдау жəне қолдану, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру əдістері, киім мен аяқ киімді ұзақ мезгіл сақтау технологияларын таңдау;

2) практикалық жұмыстар: жиһазға, аяқ киімге ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру;

3) еңбек нысандарының түрлері: жиһаз, киім, аяқ киім.

Шығармашылық жобалау іс-әрекеті - 5 сағат:

1) негізгі теориялық мəліметтер;

2) жобалау технологиясының негіздері;

3) жобалау əдісінің жоспары жəне ұйымдастыру кезеңдері;

4) балаларға арналған ағаш күрегін жасау жобасы.

Технология 5 сынып аптасына - 1 сағат, жылына - 34 сағат.

Рет №

Сабақ №

Сабақ тақырыбы

сағат

мерзімі
ескерту
Рет №: I
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 1
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы: Мектеп шеберханасындағы тəртіптің жалпы ережелері жəне еңбектің жеке гигиенасы
сағат:
мерзімі:
ескерту:
Рет №: II
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы
сағат: 2
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 2
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Топырақтану негіздері, топырақтың негізгі түрлерінің сипаттамасы.

Танысу. 5 сыныпта экономика сабағында біз не туралы білеміз?

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 3
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: Жер учаскесіндегі күзгі жұмыстар, көкөніс жəне сəндік гүлді өсімдіктер.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: III
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы
сағат: 8
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 4
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Ағаш шебері верстагының мақсаттары мен құрылысы .

Бұрын өтілген материалды қайталау.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 5
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: Құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мəліметтер.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 6
Сабақ №: 3
Сабақ тақырыбы:

Ағаштан бұйым жасап шығару, белгі қою, аралау, сүргілеу, бұрғылау əдістерін пайдалана отырып ағашты қолмен өңдеу.

Қазақстан Республикасы - әлемдік ынтымақтастық бөлігі.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 7
Сабақ №: 4
Сабақ тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеу, егеу, сүргілеу.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 8
Сабақ №: 5
Сабақ тақырыбы:

Бұрандалы шеге жəне желімді қолдана отырып бұйымдарды бір-біріне қосу жəне жинау.

Қазақстан Республикасы - әлемдік ынтымақтастық бөлігі.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 9
Сабақ №: 6
Сабақ тақырыбы: Өнімді əшекейлеп өңдеу.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 10
Сабақ №: 7
Сабақ тақырыбы:

Ағашты өңдеу, ағаш бетіне белгі жасап ою өрнек оймасын орындау.

Экономика қандай болады?

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 11
Сабақ №: 8
Сабақ тақырыбы: Қарапайым ою өрнек түрлерін графикалық түрде орындау.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: IV
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Металды қолмен жəне механикалық түрде өңдеу
сағат: 8
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 12
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Металдар туралы негізгі мəліметтер, қара жəне түсті металдар мен олардың қорытпалары.

Экономика қандай болады?

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 13
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: Металдар қасиеттері, темір ұста верстагінің құрылысы мен міндеті
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 14
Сабақ №: 3
Сабақ тақырыбы:

Сым мен жұқа табақты металдардан жасалған бұйымдардың графикалық бейнесі.

Қазақстан Республикасы - халықаралық саудаға қатысушы.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 15
Сабақ №: 4
Сабақ тақырыбы: Сым мен жұқа табақты металды түзету және майыстыру.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 16
Сабақ №: 5
Сабақ тақырыбы:

Сызба және қалыптар бойынша жұқа табақты металға белгі қою, жұқа табақты металды кесу.

Мемлекет және экономика.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 17
Сабақ №: 6
Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнымен танысу, металды қолмен өңдеуге арналған құралдар мен жабдықтар.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 18
Сабақ №: 7
Сабақ тақырыбы:

Сым мен жұқа табақты металдан жасалатын бұйымның құрылымын жасап, оны дайындап шығару.

Мемлекет және экономика.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 19
Сабақ №: 8
Сабақ тақырыбы: Сым жəне жұқа табақты құрастыру жəне өнімді өңдеу.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: V
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Сəндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы
сағат: 6
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 20
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Қазақ халқының сəндік-қолданбалы өнерінің дəстүрлі түрлері.

Ақшалар. Ақшаның пайда болу тарихы.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 21
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: ағашты көркем өңдеу, көркем аралау.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 22
Сабақ №: 3
Сабақ тақырыбы:

ағашты көркем ою, дайын бұйымды бояулармен жəне лакпен өңдеу, теріні өңдеу.

Қазақстан Республикасының валютасы.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 23
Сабақ №: 4
Сабақ тақырыбы: Металды көркем өңдеудің түрлері, ажарлау жəне лактау əдістерімен бұйымды өңдеу.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 24
Сабақ №: 5
Сабақ тақырыбы:

Металдарды көркем өңдеу технологияларын пайдалана отырып, сəндік-қолданбалы бұйымдар жасап шығару.

Ақша не істей алады? Ақша қандай болуы керек?

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 25
Сабақ №: 6
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы ойыншықтар, асүй жабдықтары, сəндік-қолданбалы бұйымдар.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: VI
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Электротехника жəне электроника негіздері
сағат: 3
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 26
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Негізгі теориялық мəліметтер, тоқ көздері, электр қуатының өткізгіштері.

Ақшаны сақтау жолдары.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 27
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: Электр тізбегі жəне оның элементтері, электр схемаларындағы шартты графикалық белгілер.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 28
Сабақ №: 3
Сабақ тақырыбы:

Қарапайым электр схемасын оқу, сымдарды оқшаулау жəне ұшын жасау əдістері.

Банктік жүйе. Мемлекет бюджеті. Инфляция.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: VII
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Үй мəдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 29
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы: Жиһазға, аяқ киімге ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау, киім мен жиһаз қаптауышынан дақтарды кетіру.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: VIII
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: Шығармашылық жобалау іс-әрекеті
сағат: 5
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 30
Сабақ №: 1
Сабақ тақырыбы:

Жобалау технологиясының негіздері.

Ақшалар тақырыбы бойынша материалдарды қайталау .

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 31
Сабақ №: 2
Сабақ тақырыбы: Жобалау əдісінің жоспары жəне ұйымдастыру кезеңдері.
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 32
Сабақ №: 3
Сабақ тақырыбы:

Балаларға арналған ағаш күрегін жасау жобасы.

Бұрын өтілген материалды қайталау. Қорытынды сабақ.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 33
Сабақ №: 4
Сабақ тақырыбы: Балаларға арналған ағаш күрегін жасау жобасы
сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №: 34
Сабақ №: 5
Сабақ тақырыбы:

Жобаны қорғау.

Экскурсиялар.

сағат: 1
мерзімі:
ескерту:
Рет №:
Сабақ №:
Сабақ тақырыбы: барлығы
сағат: 34
мерзімі:
ескерту:

Ұқсас жұмыстар
Технология (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы
Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы
Технология пəнінен оқу бағдарламасы
Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу
Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Тағам әзірлеу технологиясы
Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп иесі
Дене дайындығының деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz