Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мынау әкеңнің майданнан жіберген киімдері
І КӨРІНІС
Сахнада партада отырған оқушылар. Оқушылар шулап отырады. Класқа мұғалім
кіріп келеді.
Мұғалім: Саламатсыңдар ма, балалар!
(оқушылар мұғаліммен амандасады)
Мұғалім: Барлығыңды осы Ұлы Отан соғысының Жеңісі мерекемен құттықтаймын.
Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Біздер сол үшін сол майданда қан
төккен ата-бабаларымызға қарыздармыз. Сол сұм соғыстың шет жағасын біздер
де көрдік қой.
(Осы кезде жай музыка ойналады. Сосын жарық сөнеді. Желдің дыбысы ойнайды.)
ІІ КӨРІНІС
(Военкомат. Соғыс комиссарының кабинеті. Аяқтарын теуіп бір топ бала
келеді)
Айт, два, айт, два. Стой. Налево... Жолдас капитан. Бір топ болашақ
жауынгерлер сіздің қарамағыңызға келіп тұр. (Бәрі қосылып) Служим
Советскому союзу№
Военком: Вольно! Ал сөйлеңдер болашақ жауынгерлер!
Қасым: Жолдас капитан, барлығымыз да өз еріктерімізбен әскерге сұрана
келдік.
Бәрі: Неміс басқыншыларымен соғысамыз
Военком: Мылтық ата білесіңдер ме?
Бәрі: Білгенде қандай, білеміз.
Қасым: Мен жолдас капитан ұшып бара жатқан үйректі де көздемей атып түсіре
берем.
Военком:Жау саган үйрек емес. Мылтық ата білсең оны алып жүре де білесің
ғой.
Қасым: Еһе, мылтық түгілі бір қап бидайды иыққа салып қайқаңдай
жөнелгенде... Сіз менің күшімнен қорықпаңыз.
Военком:Мылтықты жай көтеру бар да, Берлинге дейін жеткізу бар...
Қасым: Енді мылтықты орта жолда тастап, Берлинге ән айтып немесе би билеу
үшін бармайтын шығармын
Военком:Тіл бар балақай, тіл ұзын. Бірақ бой қысқа.
Қасым: Сіз менің бойыма қарамаңыз, соғыс басталғалы шөгіп қалған бойды
қайтесіз. Әкелерін, ағаларын майданға кетіп, бар үйдің жұмысы мойныңызға
түссе, сіз де өспей қалар едіңіз.
Бәрі: Мұны біз Пипин Короткий дейміз
Қасым: Бойым аласа демесеңіз, осылардың бәрінен үлкенмін. Жас деген біраз
жерге келіп қалды.
Военком:Нешедесің? Гешінші кластасың?
Қасым: Он алты... Он сегізге кеттік... Жетінші класта. Жолдас капитан, биыл
бір класта үш жыл отырмын, сабақ жағына кінәліміз.
Военком:Үш жыл? Оһо... Жаман оқушы жақсы солдат бола алмайды.
Қасым: Жолдас капитан. Үш үйдің жұмысы мойнымда. Оның үстіне колхоз жұмысы.
Шөп шабу, егін ору.
Бақытгүл: Жолдас капитан, мен жақсы оқимын, мені әскерге алыңызшы.
Военком:Сен нешедесің?
Бақытгүл: Он төрттемін
Военком:Жоқ, сен тым жассың.
Қасым: Айттым ғой сендерді алмайды деп. Мына мен болмасам...
Бақытгүл: Иә деген, ол жасқа қарамайды. Украинада бізден де жас балалар
соғысып жүр емес пе?
Военком:Олар неміс қолында қалған – партизандар.
Бақытгүл: Маған партизан болса да бәрібір. Бірақ әкемді көре алмаймын ғой.
Военком:Әкең қайда?
Бақытгүл: Соғыста. Екінші Украина майданында. Бес ай болды хат келмегелі.
Военком:Фамилиясы кім?
Бақытгүл: Мамбетов
Военком: (Селк етіп) Мамбетов?
Бақытгүл: Иә, білесіз. Соңғы реткомандирі мақтап жазған хатты апама өзіңіз
әкеп бердіңіз ғой
Военком:Иә, иә, білемін. Папан мақтаулы азамат. Сенің атың кім?
Бақытгүл: Бақытгүл
Бәрі: Мұны біз сыбызғы дейміз. Өзі әрі ақын. Немістерге шығарған өлеңі бар.
Военком:Қане, айтшы, өлеңіңді.
Бақытгүл: Онша мықты емес жолдас капитан.
Военком:Сонда да тыңдайық
Бақытгүл:
Немістер-Қанға жіреген –
Адамның етін жегіштер!
Айн, звай, драй
Болсам да мен сыбызғы – қылдай құрай.Қолымда екі пұттық пулеметпен,
Сендерді жоқ қыламын шөптей тұрай.
Бәрі: Неміс, неміс – колбаса,
Мен тұрайын, сен аса
Отанға кірген аш қасқыр – немістерді қуамыз,
Жауыздардың бастарын жұлып, тістерін қағамыз.
Өз жерінде қойдай бәрін қырамыз.
Бәрі: Айн, звай, драй
Біздердің салтымыз солай!
Неміс, неміс – колбаса!
Мен тураймын, сен аса!
(Бәрі мәз болып, күліп қуанысып, қол соғады. Қолында қамшысы бар бір көзі
шыны Баттал кіріп келеді)
Баттал: Оһ, дизиртерлер, менен бәрібір құтыла алмайсыңдар! Қазір әкелеріңді
танытайын!
Бақыт: Құлағым-ай, құлағым. (Военком арашыға түседі)
Военком: Тұра тұр, соншама не боп қалды?
Баттал: оны мыналардан неге сұрамайсың? Жұмысты тастап осында қашып
келгендерін қарай көр өздерінің. Күз болса мынау. Қырау түсе бастады. Егін
жиналмай жатыр.
Военком: Балалар, шынында бұларын жарамағн екен. Сенде майданға барамыз деп
жұмыстан қашып келіп тұр екенсіңдер ғой.
Қасым: Егін даласы – майдан даласы емес.
Бақыт: Барамыз майданға. Әкелерімізден артық емеспіз.
Баттал: Қуатит енді. Давай, алға түсіңдер! Көздеріңе көк шыбынды үймелетем
сендердің.
Военком: (дауысы ащырақ шығады) Жолдас ефрейтор!
Баттал: Әй, маған әкіреңдеме.Сендей капитанның талайын видали.
Военком: (балаларға) Жауынгерлер! В одну шерингу становись! Смирно!
Балалар, сендер тылдағы жауынгерлерсіңдер! Сендердің әкелерің, ағаларың
майданда қан кешіп жүр. Оларға жылы киім, оқ-дәрі, нан керек. Оны
дайындайтын тылдағы біздер. Отан сендерге қарап отыр. Жау елімізге баса-
көктеп кіріп келеді. Егер олар тез шегінсін десеңдер жұмыстарыңа барыңдар.
Бұйырамын. Қане, смирно. Направо! Шагом марш!
Баттал: Запивай (Балалардың соңдарынан ілесе береді)
Военком: Сіз тұра тұрыңызшы. Сіз балаларға тым қатал екенсіз. Сіз жаңа
Бақыт деген баланы қатты ренжіттіңіз. Кешірім сұрауыңыз керек.
Баттал: Кішкентай баладан ба?
Военком:Ол енді кішкентай бала емес. Ол енді үйінің бас көтерер азаматы. Үй
иесі.
Баттал: Ал әкесі ше?
Военком: (теріс қарап) Оның әкесі енді бұл дүниеде жоқ.
Баттал: Бұл дүниеде жоқ? Жо-оқ!
(Қайғылы музыка. Шам сөне береді)
ІІІ КӨРІНІС
(Балалар жұмыс жасап жүреді. Ал Баттал солардың үстінен қарап жүреді)
Бәрі: Алақай, айраншы ата келе жатыр! Алақай!
Мұғалім: Саламатсыңдар ма балалар! Бүгін айраншы аталарың сырқаттанып
қалды. Сендерге хат беріп жіберді. (Қасым отыра кетіп хатты оқиды)
Мұғалім: (Батталдың қасына келіп) Аға, бүгін балаларды елге апару керек!
Баттал: Не үшін?
Мұғалім: Апармасақ болмайды. Бақыттың шешесі келіпті.
Баттал: Еее, ондаша Бақыттың өзі барсын, ал басқалары қалсын!
Мұғалім: Жоқ, бұл комиссардың бұйрығы. Балаларға бүгін естіртпекші.
Баттал: Естірту деген өзі қиын нәрсе ғооойй!
(Осы кезле аспаннан бір топ тырналардың ұшып бара жатқан дауысы естіледі.
Жәй музыка)
Тырау-тырау тырналар,
Тізіліп қайда барасың?
Сәлемімді ала бар
Көрсең майдан даласын
Майданда жүрген әкем бар
Көрсең сәлем айтарсың
Артында қалған жұртына
Хат салып тұр деп айтарсың.
Өзің де байқа майданда,
Оқ тисе мұнда қайтпассың
Әкемді бірақ жасытпа,
Қайғырып жүр деп айтпассың
Тырау-тырау тырналар,
Тізіліп кетіп барасың,
Сәлемімді ала бар,
Көрсең майдан даласын.
(Мұңды әуен)
ІҮ КӨРІНІС
Сахнада Бақыттың үйі. Мұңайған адамдар. Бақытгүл үйге кіре бере сескеніп
қалады. Бақытгүл жан-жағына жалтақтап анасын іздейді. Оң жақта бетін ақпен
жапқан адам жатыр. Мұңды әуен ойналады.
Бақытгүл: Барлығың жиналып неге үнсіз тұрсыңдар? Не боп қалды? Апам қайда?
(Бақытгүл төрде жатқан апасын көріп, апа не ғып жатырсың, тұршы апа? Ояншы,
неге ұйықтап жатырсың, апа? Апа деймін, апа...)
Мұғалім: (Анасын құшақтап жылап жатқан Бақытгүлдің шашынан сипап) Қайырын
берсін. Әттең жете алмай қалған екенбіз. Амал не?
Бақытгүл: (Басын көтеріп) Тым құрыса бір күн қасында бола алмадым ғой, апа!
Қасыңда бола алмадым. Соңғы сөзіңді ести алмадым. Енді сен алыстасың...
Енді менде ана жоқ...
Военком:Бақытгүл, айналайын, берік бол! Сендер енді үлкен азаматсыңдар!
(Мұғалім Бақытгүлді құшақтап, басынан сипап, жұбатып тұрады)
Военком: Бақыт, айналайын, сен енді бері келші. (Бақыт ортаға шығады.
Военком Бақыттың қолына әкесінің киімдерін ұсынады)
Берік бол... Мына... Мынау әкеңнің майданнан жіберген киімдері. (Бақыт
үрейленіп қарайды) Әкең нағыз ер еді. Біз оны мәңгі ұмытпаймыз. (Бақыт
мәңгірген адамдай түк түсінбейвоенкомның қолындағы киімді алады. Бақытгүл
естіп қалып, жүгіріп, шинельді ұстап)
Бақытгүл: Қан, кімнің қаны? Кімнің шинелі?
Военком:Отан үшін, ел үшін совет солдаты Мамбетов қаза тапты.
Бақытгүл: Па-па! (Шинельді құшақтап, тізерлеп отыра қалады. Музыка баяу
ойнап тұрады) Апа! Па-па! Жалғыз... Жалғыз қалдым ғой! Бір күннің ішінде
жалғыз қалдық қой. Біз енді жетімекпіз... Неге... біздің атымызды Бақыт,
Бақытгүл деп қойдыңдар? Неге бақытсыздар деп қоймадыңдар... Тым болмаса бір
ауыз сөзіңді де ести алмадық-ау... енді менде әке де, шеше де жоқ.
(Тағы шинельді құшақтап, анасының қасына сүйретіле барып тізерлеп отыра
кетеді. Осы кезде сырттан жан ұшырып Қасым келеді)
(үрейлі) Ойбай, немістер келіп қалды. Екі арбамен түсіп жатыр.
Тұрғандар абыржып, немістер... немістер...
(Бақыт атып тұрыпекінші жаққа жүгіріп қос ауыз мылтық алып шығады. Мылтығын
көтеріп жүгіре жөнеледі)
Бақыт: Қолдарында өлем. Бірге ала өлем, немістер – жауыздар!
Военком: Тоқта, тоқта! Абыржымаңдар! (Сырттан иттердің дауысы, атылған
оқтар дауысы)
Ү КӨРІНІС
Партада отырған оқушылар. Мұғалім өз естеліктерімен оқушылармен бөлісуде.
Мұғалім: Міне балалар! Сонау бірнеше жыл бұрынғы сұм соғыстың тылдағы өмірі
жайында сендерге аз да болса мәлімет бердім. Ендеше әрдайым жеңістің
оңайшылықпен келмегенін естеріңнен шгығармағандаың дұрыс. Болашақ сендердің
қолдарыңда, жастар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz