С. Сейфуллин атындағы гимназияның мектеп кітапханасы үшін Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру курсының бағдарламасы

Қарағанды обл.

Сәтбеав қаласы

«С. Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

кітапхана меңгерушісі

Абишева С. И.

Кітапхана бағдарламасы.

Түсінік хат

Қазіргі таңда ақпараттық - кітапханалық жүйеде орын алып отырған инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қажет етеді.

Бағдарламада мектеп кітапханасының ақпараттық - оқырмандық мәдениетін қалыптастыру орталығының ролі жаңаша берілген. Берілген курс ғылыми, тарихи, әдеби шығармаларды және қазақ жазушыларының еңбектерін өз бетінше оқуға бағыттайды.

Оқу - тәрбие үрдісі әлеуметтік - психологиялық, нұсқаулық - әдістемелік мәселелерді, іс - әрекеттік тәсілді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Мектеп кітапханасы, біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен, және құжаттармен, әдебиетпен қамтамасыз етеді, екіншіден, ол арнаулы кітапхана, үшіншіден, ол сол мектептің бүкіл педагогикалық ұжымын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз етеді әр оқырманның мүмкіндігі мен дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды.

Курсы кітап оқуға деген ынтаны, сүйіспеншілікті оятатын ақпараттық дерек көздерді іздестіруге және оларды тиімді пайдалануға машықтандырады.

Сондықтан оқушылардың өзіне қажетті ақпаратты дұрыс анықтауына, анықталған ақпаратты талдай отырып ең қажеттісін іріктеуіне және оған оны қолдана білуге үйретеді.

Мақсаты:

«Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» курсының негізгі мақсаты:

Бәсекеге қабілетті ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау, оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық біліктері мен дағдыларын дамыту, ұлттық саясаты насихаттау, қалыптастыру және оның қолдануын, сақталуын ұйымдастыру.

Міндеті:

  • Білім беру үрдісінде оқырмандардың танымдық әрекетін белсендіру мақсатында ақпараттық қызмет көрсету.
  • Мектеп бағыты мен ерекшелігіне сай оқу - тәрбие ісін толық қамтамасыз ету үшін кітап қорын ұйымдастыру, жинақтау, сақтау.
  • Біртұтас ақпараттық кітапханалық жүйені қалыптастыру, ғаламтор жұмыстарын кеңейту.

Оқушының біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар.

- Оқушы алған білімін теориялық тұрғыдан толық меңгере білу.

-Теориялық білімді негізге ала отырып, тәжірибелік зерттеу жүргізе білу.

Бағдарламаның мазмұны

(барлығы 34 сағат)

І бөлім.

1. Кіріспе.

Кітап және кітапхана. Кітап туралы түсінік.

Мектеп кітапханасы. Оқырман мен кітапхана.

ІІ бөлім.

Кітапхана туралы түсінік.

Этика туралы түсінік беру. Кітапхана этикасы мен ережесі. Кітапхана құрылымымен жұмысы. Кітапхана білім жинағы. Электронды оқулық, бейнетаспа, аудио ақпараттар пайдалану жолдары.

ІІІ бөлім.

Кітап құрлымы.

Қағаз өнеркәсібі. Кітаптың шығу тарихына түсінік. Кітапты түптеу, терілу жұмыстары туралы түсінік. Кітап- ақыл мен ойдың негізі.

IV бөлім.

Баспасөз орталықтары.

Қазақстандағы кітап басылым баспасөз орталығы туралы мәліметтер беру

V бөлім.

Анықтама әдебиеттерімен жұмыс .

Сөздікпен жұмыс. Сөздік кітапша жасау.

VI бөлім.

Ғаламтормен жұмыс

Оқытудың компьютерлік технологиясын, ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілеттерін дамытуда ақпараттық кеңістікті, компьютерлік Windоws - HP, Microsoft Word, Exsel, Internet Explorer тақырыптары сабаққа қажетті материалдарды интернеттегі Google. kz, www. pushkinlibrary. kz, www. buninlib. orel. ru, www. library. mephi. ru, http:// library. bmstu. ru сайттардан алып пайдалану.

VII бөлім.

Қорытынды.

Баспасөз конференциясы. Қалалық кітапханаға топ серуен.

«Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» курсының күнтізбелік жоспары

6 cынып (34 сағат)


Ұқсас жұмыстар
Заманауи мектеп кітапханасы: ақпараттық кеңістік пен электрондық каталогты құру
№4 С. Сейфуллин атындағы орта мектеп: 7-сынып информатика пәні сабақ жоспарлары
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы рөлі
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның 5-сыныпқа арналған Адам және табиғат үйірме бағдарламасы (2014)
5-сыныпқа арналған Ақпарат және ақпараттық үрдістер курсының оқу бағдарламасы
Математика-информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектеп тәжірибесі
С. Сейфуллин атындағы орта мектеп - 9-сынып информатика пәнінің тест жинақтары: алгоритмдер, Pascal, графика, желілер және модельдеу
1-сынып үшін Қызықты грамматика қосымша курсының оқу бағдарламасы
Мектеп оқушыларына арналған Кітап - рухани қазына таңдау курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
Жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сынып үшін Компьютерлік модельдеу таңдау курсының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz