Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Төрт бұрыш

Батыс Қазақстан болысы, Ақжайық ауданы,
Атамекен ауылы, М.Өтемісұлы атындағы негізгі
жалпы білім беретін мектебі.

Кім жүйрік ойлы – сол алады!

Сабақтың мақсаты:
Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ой
өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлау, танымдық қабілетін
дамыту. Шығармашылдыққа, тапқырлыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен
қарауға тәрбиелеу.

Сайыстың көрнекілігі:
Тақырыптық сөздер, топшамалар, сөзжұмбақтар, ұлағатты сөздер. «Ақыл –
ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов). «Математика –
ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус).
«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды
болмасаңыз, математикте бола алмайсыз».

Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру.
2. Бәйге сайысы (логикалық сұрақтар).
3. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер).
4. Сандар сырына саяхат (үй тапсырмасы).
5. Тіл өнері (сөздер құрау).
6. Біліктілік сайысы (есептер шығару).
7. Ойлы болсаң озып көр (полиглот).
8. Ширату (сөзжұмбақтар шешу).
9. Қорытынды.

Сайыстың барысы:
Мінекей, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы –
Математика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Қазылар алқасымен таныстыру.
«Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты» - дей келе І тур бойынша топтар өздерін
таныстырып өтсін.
І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш
нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

1) тең қабырғалы үшбұрыш
2) тең бүйірлі үшбұрыш
3) әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

1) тік бұрышты үшбұрыш
2) сүйір бұрышты үшбұрыш
3) доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп
аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель
емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-
ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-
дысының жартысына тең болады.

«Осындай дүбірмен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан» - дей келе келесі турымызды
бастаймыз.
ІІ тур. «Бәйге» сайысы
І топ «Үшбұрыш» тобына:
1.Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. Радиус.
2. Сәуленің ұшы бола ма? Иә.
3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. Шаршы.
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш. Сүйір.
5. Қосудың теңдігі. Қосынды.
6. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз.
7. Санның жүзден бір бөлігі. Процент.
8. Бұрышты өлшейтін құрал. Транспортир.
9. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? Жазыңқы.
10. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін кесінді Биссектриса.
ІІ топ «Квадрат» тобына:
1. Тік бұрыштың шамасы . 900
2. Көбейтінді қай кезде нөлге тең? Біреуі нөлге тең болғанда.
3. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға қалай аталады?
Гипотенуза.
4. Бірге және өзіне бөлінетін сан. Жай сан
5. Екі санның бөліндісі. Қатынас
6. Пропорцияны білдіретін белгі. Теңдік
7. Математика патшасы. Арифметика
8. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. Диагональ.
9. Диаметрдің жартысы. Радиус
10. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық.
Радиус
ІІІ топ «Трапеция» тобына:
1. Жазыңқы бұрыштың шамасы. 1800
2. Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең? 4м
3. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларын қалай атайды? Катет
4. Алымы мен бөлімін бірдей санға бөлуді. Қысқарту
5. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. Бұрыш
6. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала
бар.
6 бала
7. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? 900
8. Түзудің ұштары бола ма? Жоқ
9. Қиылыспайтын екі түзуді қалай атайды? Параллель
10. Екіден артық бөлінгіші бар сан. Құрама сан.
ІІІ тур. «Ойымды жалғастыр» бөлімі. Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
І топ «Үшбұрыш» тобына:
1. Жеті жұрттың тілің біл, (жеті түрлі білім біл).
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

ІІ топ «Квадрат» тобына:
1. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

2. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

4. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

5. 2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас).
ІІІ топ «Трапеция» тобына:
1. 7 атасын білмеген (жетесіз),
2. Бір тал кессең, (он тал ек).
3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді).
4. 5 бармақ жұмылса (жұдырық болады).
5. 30 тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарайды).
ІV тур. «Сандар сырына саяхат» бөлімі. (үй тапсырмасы).
Оқушылар өздеріне берілген сандардың қасиеті туралы айтып шығады.
І топ «Үшбұрыш» тобы:
3 санының қасиеттері.
Халқымыз іргелі үш жүз құрамынан тұрады. Олар:
Ұлы жүз – АҚАРЫС Орта жүз – ЖАНАРЫС
Кіші жүз – БЕКАРЫС Үш жұрт 1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы
жұрт. 3. Қайын жұрт. Үш байлық 1.
Бірінші байлық – денсаулық. 2. Екінші байлық – ақжаулық.
3. Үшінші байлық – қорадағы бес саулық.
Үш би 1. Үйсін Төле би. 2. Арғын
Қаздауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би. Үш дана 1. Абай. 2.
Шоқан. 3. Ыбырай.
Үш арыс 1. Сәкен. 2. Бейімбет. 3. Ілияс.
Үш қат 1. Жоғары қат
/аспан/. 2. Орта қат /жер үсті/. 3. Төменгі қат /жер асты/. Үш қуат
1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.
Үш ғайып 1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып.
3. Несібе ғайып. Үш арсыз 1. Ұйқы арсыз.
2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз. Үш
қадірсіз1.Жастық шақ. 2.Денсаулық. 3. Жақсы жардың /әйел/ қадірін
білмеушілік. Үш жамандық 1. Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу.
3. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш жақын 1. Жан тәтті. 2. Мал тәтті. 3. Жар
тәтті. Үш ақиқат 1. Қымбат – шындық.
2. Арзан - өтірік. 3. Дауасыз -
кәрілік /Жанқұтты шешен/.

Үш қуаныш 1. Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі.
3. Ісіннің өшпеуі. Үш асыл 1. Көз. 2. Тіл.
3. Көңіл. Үш
көз 1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол насы – тұяқ. 3. Сөз анасы -
құлақ. Үш қасиет1. Өліде – аруақ. 2. Малда – ие.
3. Аста – кепиет. Үш тағылым

1. Мейірімнен – сауап. 2. Жақсылықтан –
шарапат. 3. Жамандықтан – кесапат.

ІІ топ «Квадрат» тобы:
4 санының қасиеттері.
Төрт тұлға 1. От. 2. Су. 3. Жел. 4. Жер.
Төрт құбыла 1. Шығыс. 2.
Оңтүстік. 3. Батыс. 4. Солтүстік. Төрт
маусым 1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.
Төрт бұрыш 1. Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы
деп Шын-Машын /Үндістан/. 2. Мысыр. 3. Рұм. 4.
Еуропа елдерін айтқан. Төрт
түлік 1. Түйе пірі – Ойсыл қара. 2. Жылқы пірі – Қамбар ата.
3. Сиыр пірі – Зеңгі баба. 4. Қой, ешкі пірі –
Шопан ата, Шекшек ата.
Төрт мұрат 1. Дау мұраты – біту. 2. Саудагер
мұраты – ұту. 3. Қыз мұраты – кету. 4. Жол
мұраты – жету /Сырым батыр/. Төрт мүлік 1.
Бас – сандық. 2. Тіл – кілт. 3. Қол – мүлік. 4. Аяқ – азамат.
Төрт қорлық 1. Шақырылмаған жерге бару. 2. Бейбастық сөйлеу.
3. Дұшпаннан жәрдем күту. 4. Сараңнан қажет
сұрау.
Төрт періште 1. Жебірейіл. 2.
Әзірейіл. 3. Мекайіл. 4. Исрафил.
Төрт қылыш 1. Хәмхам. 2. Сәмсам. 3. Зұлпыхар.
4. Зұлқажа. Төрт кітап 1.Тәурат – Мұсаның кітабы. 2.
Зәбүр – Дәуіттің кітабы. 3. Інжіл – Исаның кітабы.
4. Құран – Мұхамбеттің кітабы.
Төрт пір 1.
Жарлының пірі – қалтаң ата. 2. Ұрының пірі – жалтаң ата.
3. Шебердің пірі – тепшем ата. 4. Кәрінің пірі – кекшіл ата /Досбол
шешен/. Төрт күнә 1. Аллаға күмән келтіру. 2. Нақақтан қан төгу.
3. Ата-анаға тіл тигізу. 4. Өтірік қу болу. /Мұхамбет пайғамбар/.

ІІІ топ «Трапеция» тобы:
5 және 6 сандарының қасиеттері.
Бес парыз
1. Құдайдың
бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2. Намаз оқу.
3. Ораза тұту. 4. Қайыр садақа беру. 5. Қажылыққа бару.
Бес намаз 1. Таң намазы. 2. Бесін
намазы. 3. Екінді намазы. 4. Ақшам намазы.
5. Жашиық намазы.
Бес борыш

1. Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты
борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй-іші, жақындарға
борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш. /Мұхамбет
пайғамбар/ . Бес асыл, бес
дұшпан
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге
асық бол, Адам болам десеңіз.....

Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпанын
білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой – Бес асыл іс
көнсеңіз./Абай/.

Бес жаратылыс 1. Күн. 2. Ай. 3. Жұлдыз. 4. Күндіз.
5. Түн. Бес өсиет 1. Топасқа сенбе.
2. Жауға иілме. 3. Әрқашан сақ жүр. 4. Аш үйге қонба.
5. Жарлыдан сый алма.
Бес қатер 1. От. 2. Жау. 3. Борыш.. 4. Ауру.
5. Сөз. Алты алаш

1. Қазақ. 2. Қарақалпақ. 3. Өзбек. 4. Түркімен.
5. Қырғыз. 6. Жайылған. /Төле би/. 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз.
3. Кіші жүз. 4. Қарақалпақ. 5. Қырғыз.
6. Қазақтың құрама рулары. /М.Тынышпаев/.
Алты игілік

1. Денсаулық. 2. Қазына. 3. Дос. 4. Әйел /жар/. 5.
Білім. 6. Бала /ұрпақ/. Алты парыз

1. Бір-біріне сәлем беруге /әдейі барып/. 2. Шақырса –
баруға. 3. Кеңес сұраса – ақыл қосуға. 4. Сұрағына – жауап беруге.
5. Ауырып қалса – көңілін сұрауға. 6. Қайтыс болса –
жерлеуге қатысуға. /Мұхамбет пайғамбар/.
Алты асқар
1. Ақыл. 2.
Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.

V тур. «Тіл өнері» (сөздер құрау).
Оқушылар берілген сөздерден 1 мин 30
секундта сөздер құрау керек. І топ «Үшбұрыш»
тобы:
Теорема – ар, ор, ер, мама, тер, ел, ара, арала,
терме, ем, ерме, тор, тар.

ІІ топ «Квадрат» тобы:
Аралас – ас, лас, ар, сал, рас, ара, алас, Сара, сарала, ал, салалас.
ІІІ топ «Трапеция» тобы:
Бөлшек – бөшке, бөлке, бөле, өкеше, өлше, бөл, шек, бел, лек, кел, шөл,
шөк, шел, кеш, ек, еш, ел, өш.
VІ тур. Біліктілік сайысы.
Әр топқа 2 есептен беріледі.
І топ «Үшбұрыш» тобына:
1. (-3)2+17-(-6)2 мәнін табыңдар. Ж/бы: (-5)
2

2. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 5 см, ал периметрі 17 см болса, бүйір
қабырғасын табыңдар. Ж/бы: (6 см)

ІІ топ «Квадрат» тобына:
1. Квадрат теңдеудің түбірін табыңдар: х2-9х+14=0 Ж/бы: (2; 7)
2. Трапецияның табандары 6 см
және 10 см.Оның орта сызығын табыңдар.Ж/бы: (8см)

ІІІ топ «Трапеция» тобы:
1.{ х2+у2=20
Ж/бы: (2; -4) (-2; 4)

{ ху=-8 теңдеулер жүйесін шешіңдер.
2. ā(5;
12) және в(-4; 3) векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар. Ж/бы: (16)

«Таза мінсізі асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.
VІІ тур. «Ойлы болсаң, озып көр» бөлімі.
Әр топқа 3 жұмбақтан қойылады. Жауабын 3
тілде айту керек. І топ «Үшбұрыш»
тобына:
1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін.
(қолғап – перчатка, варешки - glove). 2. Төрт қарны
бар, бір ауызы бар. (үй – дом – home).
3. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап
– книга - book). ІІ топ «Квадрат» тобына:

1. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас – голова -
head). 2. Егер Т-дан
бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire).

3. Жоқ
өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш –
линейка – line, ruler).

ІІІ топ «Трапеция» тобы:
1. Он қойым болды өміріме азық, Инемен саламын құдық қазып.

Жатсам да, тұрсам да қасымда, Өзімнен көрген емес
кейін қалып. (он саусақ – палец - finger).

2. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй
– юрта -yurt) 3.
Алды-артымыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді, Шыққан тегі білснң
де. (түзу – линия - line).

«Бұл кезеңнің сұрағы,
Сайыскерлерге ұнайды.
Көп шаршының орнында,
Қандай әріптер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты да үнемдеп.
Кім жазады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп»- дей келе келесі турымызды бастаймыз.
VІІІ тур. Ширату
Әр топқа жеке сөзжұмбақ беріледі.
І топ «Үшбұрыш» тобына:

|қ |ұ |р |а |м |а |
| | | |п |а |й |ы |
| |м |е |т |р |
|х |о |р |д |а | | |
| | |т |а |қ | | |
|т |а |б |и |ғ |и | | |
| |а |к |с |и |о |м |а |
| |р |а |д |и |у |с | |

1. Екіден артық бөлгіші бар сандар.
2. Санның 100 ден 1 бөлігі.
3. Барлық ғылымдардың патшасы.
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .
5. Ұзындық өлшемі.
6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.
7. 2 бөлінбейтін сандар.
8. Натурал санның мағанасы.
9. Дәлелденбейтін ұғым.
10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.

ІІ топ «Квадрат» тобына:

| |т |р |а |п |е |
| |ф |и |г |у |р |а | |
| | |т |е |ң |д |е |
|ғ |а |с |ы |р | | |
| |с |а |ғ |а |т |

1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш.
2. Бір нүктеден шығатын түзу.
3. Бейне, кескін.
4. Құрамында белгісізі бар теңдік.
5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады.
6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.
7. Уақыт бірлігі.

ІІІ топ «Трапеция» тобы:

| |ж |а |й |
|п |а |р |а |л |
|ш |и |р |е |к |
| |к |е |с |і |н |д |

1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.
2.Қиылыспайтын түзу.
3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.
4. Ғұлама ғалым.
5. Ең үлкен хорда.
6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.
7.2 бөлінбейтін сан.
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.
10. 180о-тең бұрыш.

Әділқазы армысыздар, алқалар,
Талай-талай шындық сізде бар табар!
Бағаларын балалардың беріңіз,
Қымбат бізге-билігі бар орталар – деп сөз кезегін әдіқазыларға беріледі.
Жеңімпаз топтар марапатталады.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар
қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пифагор тобына
Перпендикуляр түзулер
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайлы ақпарат
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы
Қарсы құрақ
Тапқыр болсаң талас жоқ
Ойын шарты
ВЕРТИКАЛЬ БҰРЫШТАР
Баяндама. оқушыларға геометрия пәнін оқу қажеттілігін ұғындыру
Пәндер