Шығармашылық белгілер

Баяндама
Математика-информатика пәні мұғалімінің
кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Қызықлорда облысы
Жаңақорған ауданы
№125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің
математика-информатика пәнінің мұғалімі Асанова Мөлдір
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, білім көрсеткішінің жақсаруы мен білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін ең алдымен мұғалімдердің мәртебесін арттыру, бүкіл қызметі бойына мансаптың өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, мұғалімдердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, келешегі жайлы толғануына, жаңа ойлармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болады. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың деңгейіне байланысты.
Кәсіби білім берудің мақсаты - әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағытталған білім беру. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «соmpetens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында мұғалім мамандардың кәсіби-тұлғалық құзырлығын қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде мұғалімдердің төмендегідей құзіреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
- Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
- Әлеуметтік құзіреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
- Білім беру құзіреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер мұғалім өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қойып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілуі арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзырлығын қалыптастыруға мүмкіндік табады. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну мұғалімнің құзіреттілігіне байланысты болады.
Педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиетінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімдердің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық белгілерін анықтаған.
1. Объективті белгілер - мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі, жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т. б.
2. Субъективті белгілер адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес, қаншалықты өз ісіне қанағаттанатынына байланысты. Оған кәсіби-педагогикалық бағыттылықты, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде позитивті көзқарастың болуы жатады.
3. Нәтижелі белгілер. Мұнда мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселелер қарастырылады.
Біз үшін оқыту нәтижесі - баланың психологиялық қызметтерінің жетіліп, өздерінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. Шығармашылық белгілер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол аралықта өз тәжірибесін, еңбегін өрлете алуы жатады. Шығармашылық (Шығармашылық мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өзі жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Кәсібилік бірден келе салмайды, оны мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі керек. А. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі:
Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі, мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі; мамандықты еркін меңгерген кезең, маманның
шығармашылық деңгейге жеткен кезеңі. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер мұғалімнің, жаңашыл мұғалімнің, зерттеуші мұғалімнің, кәсіби дәрежесі көтерілген мұғалімнің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, жаңа технологияларды толық меңгерген және білімділік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Бүгінгі таңда жоғарғы педагогикалық оқу орындағы оқып жатырған болашақ мұғалімдерге қойылатын талап кәсіби құзырлылық деңгейін жетілдіру. Яғни, жаңа мұғалімнен тек өз пәнін білу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Болашақ мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңашыл, шығармашылық пен жұмыс істей алатын, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде қалыптасуы керек. Осы арада ежелгі ғұламалардың айтып кеткен сөздері есімізге түседі. «Егер бір жылдығынды ойласаң егін ек, ал 100 жылдығынды ойласан ағаш ек, ал 1000 жылдығынды ойласаң адам тәрбиелеп, білім бер» деген екен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz