Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Достарым әні
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-
қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен,
менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін
нығайту.
Сабақтың әдісі : әңгімелесу, түсіндіру, тренингтер, шығармашылық жұмыс.
Пайдаланылатын көрнекіліктер:
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-
мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Шаттық шеңбері.
Мұғалім: — Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр.
Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайықшы.
— Сәлеметсіз бе күннің көзі?!
— Сәлеметсіз бе аспан?!
— Сәлеметсіз бе жер — ана?!
— Сәлеметсіз бе қонақтар?!
— Сәлеметсің бе сен?!
— Сәлеметсің бе мен?!
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
«Достарым» әні.
Сөзі: Х.Закарияновтікі;
әні: О.Көшеровтікі
Міне, балалалар! Сендер «Достарым» әнін тыңдадыңдар.
Досы көптің жаны семіреді
Асы көптің тәні семіреді, -деген нақыл сөз бар. Сендер дос, достық
деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріне сыйлас дос,
сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде
өрбітпекпіз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Іздегенде табылатын
қасыңнан...»
/Слайд арқылы достық түрлеріне тоқталу. Нағыз достықты көрсететін
әңгімелерді тыңдату/
ІІІ. Жаңа сабақ:
• Не туралы екен?
• Кімдердің достығы?
• Ендеше бүгін, біз достық туралы әңгімелесеміз.
• Иә бақытты балаға көп дос керек екен.
• Сендерге достар керек пе?
1. — Ендеше, достар шеңберін құрайық. (15 түрлі сурет)
— Менің қолымдағы өз достарыңның суретін аласың. Ешкімге көрсетпей, досың
туралы әңгімелейсің. (суретті таңдап алу)
— Ал, кезекпен айта қойыңдар. (ән ойналып тұрады). Оқушылар кезекпен өз
досы туралы әңгімелейді.
— Енді достарымызбен бірге бір–біріміздің қолымызды ұстап «Достық шеңберін»
құрайықшы. Қандай тамашасыңдар, сендердің сүйікті достарың көп екеніне мен
қуаныштымын! (суреттерін үстелге қою)
ІҮ. Тақырыпты ашу сұрақтары
1. Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге
болатын адам
Сенімді адам
2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір
оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты
шеңберге теңедім
3-жауап: Жүрек 4-
жауап : Гүл
1.Досың бар ма? Ол кім?
2. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
3. Достық жасқа байланысты ма?
4. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
5. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
6. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
7. Дос қандай болу керек?
Адал жомарт адамгершілігі мол
қарапайым мейірімді
Дос кешірімді
төзімді ақылды
сабырлы салмақты
кек сақтамау ашықтық бүкпесіздік
Ү. Мәтін оқу: Екі дос. Аңыз әңгіме
- Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен
үзінділер келтірейік.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет
қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы
нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді,
ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз
килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан
сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның
өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен
оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда
келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып
көрсетілген.
VІ. Тыныштық сәті:
— Ендеше, тыныштық сәтін құрап, Достық әлеміне шақыратын сүйікті
достарымызды елестетейік. (баяу ән қойылады)
— Елестеттік пе? Жұмысымызға кірісейік, қазір әр топ өзінің «Достық әлемін»
құрайық.
Ү. «Сөйлемді аяқта» тренингі
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу
керек.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық, сатқындық.
Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп
айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып
қалу одан да қиын.
YІ. «Мінездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің
қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы
бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік
YІІ. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... ».
7. «Досы ... , өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».
10. « Досың мың ....,
... біреу болса да көп».
11. « ... адам тамыры жоқ ... тең»
12. « ... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
. ҮІІІ. Қорытынды:
Ал, сендер достарыңмен әрқашан бірге болу үшін, мен сендерге бір аңыз.
Сендер оның кейіпкері боласыңдар.
— Ертеде бір ата болыпты. Бір күні балаларын шақырып:
— Міне, сендерге бір — бір таяқшадан беремін. Оны сындырып көріңдерші.
(балалар сындырады)
— Қалай сынды енді, біріккен таяқшаны сындырыңдаршы. Бір — бірлеп жүрсеңдер
сендер де тез сынасыңдар, бәрің бірге жүрсеңдер ешкім сендерді сындырмайды.
Тату — тәтті болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар.
— Сендердің достарыңа қуанып, біздің әсем гүліміз одан сайын жайқала
түсіпті.
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
ІХ. Жүректен жүрекке
— Қол ұстасып, дөңгеленіп тұра қалайық та достығымызды бір — бірімізге
жеткізейікші. Мысалы: Әйгерім, мен сенімен достасқаныма қуаныштымын. Шыңғыс
сенімен дос болғым келеді.
— Ендеше, әрқашан досымызбен бірге болып, келесі сабағымызға барайық. (ән
әуенімен оқушылар сыныптан шығады).
Үйге:
Достыққа байланысты мақал-мәтелдер, шағын көріністер дайындау
№ 54 жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Барлыбаева Г.Қ.
Шымкент қаласы, 2010 жыл.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
ІV. Тыныштық сәті:
— Ендеше, тыныштық сәтін құрап, Достық әлеміне шақыратын сүйікті
достарымызды елестетейік. (баяу ән қойылады)
— Елестеттік пе? Жұмысымызға кірісейік, қазір әр топ өзінің «Достық әлемін»
құрайық.
Мұғалім сөзі:
— Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар достық қажет пе? (мақал)
— Адаммен адам ғана дос бола ма? (балалардың жауабы)
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Жолдасы жоқ жігіттің олжасы жоқ.
Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Сырласуға дос жаксы,
Сыйласуға жат жаксы.
Жаксы болса алғаның,
Үйінен кісі кетпейді.
Жаман болса алғанын,
Шын досын да шеттейді.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Айрылғысы келген дос,
Аяулыңды сұрайды.
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан калдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Досқа ауырлығынды салма,
Достан қарыз алма.
Ұлыңа бес жаска дейін патшадай кара,
Он бес жаска дейін косшыңдай сана,
Он бестен аскан соң досыңа бала.
-----------------------
Дос

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz