Тамыр бөлімдері - биология сабақ жоспары (интерактивті саяхат әдісі)

Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы,

Ақсу ауылы.

№116 орта мектеп биология пәні мұғалімі

Мырзабекова Меруерт

Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тамыр бөлімдерінің 5-ке бөлнетіні, олардың құрылысының ерекшеліктері, бөлімдердің қызметі туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: Тамырдың өсімдік тірішілігіндегі, табиғаттағы маңызын талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімінің маңызын ашу.

Сабақтың түрі: Саяхат

Сабақтың типі: Аралас

Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бейне слайдтар, кодоскоп, интерактивті тақта, таблица.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

3. Қортындылау.

4. Жаңа білім беру.

5. Бекіту.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, қатысуын тексеру, дайындықтарын бақылау, сабақтың саяхат түрінде өтетінін, саяхатқа поезбен шығып білім қалашығына баратынымыз айтылды. Поезда үш вагон бар, 1-ші вагон жұмсақ, 2-ші вагон жайлы, 3-ші вагон жалпы. Оқушыларға әр аялдамада билеттер сатылатыны айтылды. Әр билетте сұрақтар болады. Сұрақтарға жауап беруіне байланысты оқушылар әр вагонның астына өздерінің атын жазады. Вагондарға отырғызуды жауап бергеніне қарай отырған оқушылар айтатындығын айтылды.

Жұмсақ вагон - 5.

Жайлы вагон - 4

Жалпы вагон - 3 деп бағаланады.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

I аялдама сұрақтары.

1 . Мүше дегеніміз не, өсімдіктердің мүшелерін ата.

2. Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі, атқаратын қызметі қандай?

3. Вегатативті мүшелерді ата, вегатативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

II-аялдама сұрақтары.

1 . Тамырдың шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олар қайдан пайда болады?

2. Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады ?

Екі оқушыға құпия хат тапсырмалары беріледі.

1.

3: 3
6: 6
9: 9
5: 5
1: 1
3: 10
6: 15
9: 1
5: 13
1: 8
3: 3
6: 13
9: 4
5: 2
1:
3: 9
6: 14
9: 11
5: 12
1:
3: 7
6: 12
9:
5:
1:

1-Р, 2-У, 3-Т, 4-Н, 5-Ы, 6-А, 7-С, 8-К, 9-М,

10-Қ, 11-Ш, 12-І, 13-Е, 14-Ү, 15-О

Жауабы: тамыр қоректену мүшесі

2.

3: 3
12: 12
9: 9
11: 11
5: 5
:
3: 1
12: 4
9: 2
11: 9
5: 6
: 2
7
3: 3
12: 2
9: 5
11: 8
5: 10
: 2

1-Ө, 2-І, 3-Т, 4-С, 5-Р, 6-Д, 7-К, 8-Е, 9-М,

10-Г, 11-Ы, 12-А .

Жауабы: Тамыр өсімдік тірегі

3. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сызықтық диктант.

Тақтадағы тапсырмаларының ішіндегі дұрыс жауапты тауып «ия» бағанына, қате жауап «жоқ» бағанына белгілеңіз.

1. Өсімдіктің мүшелері өсімді және көбею болып 2-ге бөлінеді.

2. Мүше дегеніміз - тірі ағзаның тіршілік белгілері сақтайтын ең кіші бөлшегі.

3. Көбею мүшесіне - тамыр, сабақ жапырақ жатады.

4. Тамыр өсімдіктің жер асты мүшесі.

5. Тамырлар шығу тегіне қарай кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді.

6. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.

7. Жанама тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.

8. Тамырдың атқаратын қызметі қоректік, тіректік және көбею.

9. Тамырлар жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді.

4. Жаңа сабақ

Оқушылар поезға билеттер алып, «Білім» қалашығына келгені айтылады.

Жаңа сабақтың тақырыбы:Тамыр бөлімдері.

Сұхбаттасу кезеңі. Жаңа тақырыпты оқып-білу. Бүгін біз тамыр бөлімдері туралы айтамыз.

5. Бекіту.

1. Тамыр бөлімдерін ретімен ата.

2. Тамыр түктері бар аймақта неліктен сору аймағы деп аталады?

3. Бөліну аймағы неше қабаттан тұрады?

4. Тамыр оймақшасының қызметі.

Тест сұрақтарына жауап бере отырып, «Нүктелі ойын» әдісі қолданылады. Бұған барлық оқушылар қатысады.

1. Тамыр бөліміне кіретінмейтін аймақ

А) СОРУ (3-8-10-11)

Б) БӨЛІНУ(2-5-7-16)

В) Тамыр оймақшасы(1-5-9-11-16-7)

2 . 3Қабаттан тұратын бөлімі.

А ) Өткізу(20-11-7-6-15)

Б Бөліну (4-1-7-16-13)

В Өсу (2-4-11-9-17)

3. Тамырды ұзартып өсіретін аймақ.

А. Сору (1-5-10-12-19)

Б. Тамыр оймақшасы (7-9-20-15-13)

ВӨсу (19-4-13-20)

4. Су мен еріген минералды тұздарды соратын аймақ .

А. Сору (2-15-14-6-19-20-8-10-12-18)

Б. Өткізу (19-20-1-4-11)

В. Бөліну (13-1-5-18)

5. Қоректік заттарды сабаққа қарай өткізетін аймақ.

А. Өткізу (3-2-18-17)

Б. Өсу (6-12-9-19)

В. Сору (5-15-8-12)

Нүктелі ойын:

6. Бағалау

Оқушылардың өздерінің сұрақтарына жауап беруіне қарай отырғызылған вагондарына қарай отырып бағаланады.

Жұмсақ вагонға отырған оқушы «5»

Жайлы вагон «4»

Жалпы вагон «3» деп бағаланады.

7. Үйге тапсырма

1. § 8 оқу. 30-беттегі кестені толтыру.

2. 10-шы суретті салу.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып биологиясы: Тамыр, тамыр түрлері және тамыр жүйелері - сабақ жоспары (12-сабақ)
Жай бөлшектер тарауын қайталау: интерактивті саяхат-сабақ
Тамыр құрылымы мен қызметтері: тамыр оймақшасы, аймақтары және тамыр түктерінің рөлі
Өсімдік мүшелері: тамыр туралы сабақ жоспары
Жай бөлшектерді қосу: деңгейлік тапсырмалар мен интерактивті саяхат формасындағы сабақ жоспары
Қаңқаның негізгі бөлімдері: сайыс түріндегі сабақ жоспары
Тамыр және тамыр жүйелері: түрлері, құрылысы және қызметі
Тамыр және тамыр жүйелері: құрылысы, түрлері және қызметі
8-сынып биологиясы: Қаңқаның негізгі бөлімдері - ашық сабақ жоспары
6-сынып биологиясы: тамыр бөлімдерінің құрылысы мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz