Сызықтық алгоритмдерге программа құру

№ 21 жалпы орта мектептің
9 “___” сынып оқушысы
информатика пәніне арнаған
дәптері
Сабақтың өтілген күні:
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
- Жалпы
- ДК-де жұмысты бастау алдында
- Жұмыс істеу кезінде
- Авариялық жағдайларда
- Жұмысты аяқтағанда
Есте сақта:
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын кауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігінжәне айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігінекөз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі кою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең колайлы кашықтығын (60-
70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету
әдістерін, өрт сөндіргіпшен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Тапсырма: Жалпы қауіпсіздік ережелерін жазыңыз.
Есте сақта:
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру) ;
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
4. Дәрігер шақыру {мектептің меддунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен) .
Күйгенде көмек керсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка) ;
- Күйген жеріне май жағу (винилин) ;
- Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежақын жердегі емдеу мекемесінен) .
Тапсырма: Көз талғанда қандай жаттығулар жасайсыз?
Сабақтың өтілген күні:
Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Негізгі ұғымдар : Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз.
«Алгортим» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж. ) осы атының латынша жазылуы - alqorithmi - жазылуынан шыққан.
Алгортимдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз -құрастырылған алгортиммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.
Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.
Компьютер - кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.
Мысал:
у = (ах+b) (сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У - ті b -ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с - ны х - ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 -ден d - ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 -ді У3 -ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Негізгі ұғымдар : Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету программа деп аталады.
Тапсырма №1:
А) У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:
y=(4x + 2) 2 + x 3 ;
Б) Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап.
1) х - ке 1-ді қосып, нәтижені b 1 деп белгілеу;
2) 1 - ді b 1 - ге бөліп, нәтижені b 2 деп белгілеу;
3) b 2 - ден 1 -ді алып тастап, нәтижені b 3 деп белгілеу;
4) b 2 -ге 1 -ді қосып, нәтижені b 4 деп белгілеу;
5) b 3 - ті b 4 - ке бөліп, нәтижені b 5 деп белгілеу;
6) b 5 - тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.
Тапсырма №2: Цинк, 96℅ -тік күкірт қышқылы, су, колба, пробирка берілген. Сутегін алу алгоритміндегі қатені түзетіңдер:
Колбаны үстелге қойыңдар.
Колбаға қышқыл құйыңдар.
Колбаға су құйыңдар.
Бөлініп шыққан газды пробиркаға жинаңдар.
Колбаға цинк тастаңдар.
Тапсырма№3: АВ кесіндісі берілген. Төмендегі алгоритм қандай есепті шешуге арналған:
Циркульдің ұшын А нүктесіне қою.
Циркульдің қадамын АВ кесіндісінің ұзындығына тең етіп алу.
Шеңбер сызу.
Цикульдің ұшын В нүктесіне қою.
Шеңбер сызу.
Шеңбердің қиылысу нүктелері арқылы түзу жүргізу.
Тапсырма№4: «Компьютерде ойнау» алгоритмін құрыңыз.
Үйге тапсырма:
Тапсырма№1: Жолдан өту алгоритмін құр.
Тапсырма№2: Жоғарғы оқу орнына түсу алгоритмін құр.
Сабақтың өтілген күні:
Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі -кең таралған әдіс.
Негізгі ұғым: Блок-схема - алгоритмнің арнайы бекітілген фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.
Есте сақта: - Блок-схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек.
- Блок-схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет.
Мысал: екі санның қосындысын табатын алгоритмнің блок-схемасын құрайық: у = а + с .
Негізгі ұғымдар: Алгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
Компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті құрылымдар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілі деп аталады.
Алгоритмдік тілде машина тіліне автоматты түрде аударатын аудармашы программа транслятор деп аталады.
Мыс: программада - end
Транслятордан соң - 11100010 10001110 1110
Алг алгоритмнің атауы
Арг А, В, С, D, Х
Нәт Y, R1, R2
Басы
Алгоритм командалары
. . .
. . .
. . .
соңы
Алг формула бойынша есептеу
Арг А, В, С, D, х
Нәт Y
Басы
R1:=A*x-B
R2:=C*x+D
Y:=R1*R2
соңы
Тапсырма №1: y=(at2+2) /(at-1), мұндағы t=a*x+xформуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу кезеңдерін алгоритмдік тілде жазыңдар және блок-схема түрінде құрыңдар.
Тапсырма №2:
y=cx 3 -d формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құр.
Тапсырма№3: x=6y / (4y-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құрыңдар.
Үйге тапсырма:
Тапсырма№1: у= (2x+c) / (3x - z) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схема түрінде құрыңдар.
Сабақтың өтілген күні:
Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Алгоритмдегі идентификатор - айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.
Есте сақта: меншіктеу командасы айнымалы:= өрнек үлгісінде жазылады. Мысалы: y:=5 « у айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.
Бастапқы мәндері X:=7; Y:=0 болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?
R:=X; X:=Y; Y:=R;
Негізгі ұғымдар: Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын тармақталу алгоритмдері деп аталады.
Есептеу процесінің бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану саны алдын ала белгілі цикл - арифметикалық цикл, ал орындалу саны белгісіз цикл - қадамдық цикл деп аталады.
Есте сақта: Тармақталу командасын алгоритмдік тілде өрнектегенде егер , онда , әйтпесе , бітті түйіндері пайдаланылады.
Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір) , цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады : әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл бас ы мен цикл соңы түйінді сөздерінің арасына қайталанатын командалар жазылады.
алг Z функциясын есептеу
( нақ a, b, x, Z)
арг a, b, x
нәт Z
басы
a, b, x енгізу
t:=ax2 +b
Z:=t+cost-tgt
x, Z шығару
соңы
алг у функциясын есептеу
( нақ x, У)
арг x
нәт У
басы
егер болса
онда
әйтпесе
бітті
x енгізу
x, У шығару
соңы
алг арифметикалық цикл ( нақ x0, xk, dx, y ) есептеу
арг x0, xk, dx
нәт У
басы
енгізу
x:=x0
егер x
онда
шығару х, у
x:=x+dx
бітті
соңы
Компьютерде есеп шығару процессі өте күрделі болып табылады. Оны келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:
0. Есептің ауызша анықталуы.
1. Есептің қойылымы. Есепті математикалық түрде анықтау.
2. Есепті ЭЕМ-де шешу үшін қолданатын әдісті таңдау және анықтау.
3. Есепті шешу алгоритмін құру.
4. Компьютерде есепті шешу программасын құру. Программаны баптау (қатесін жөндеу) .
5. Қажетті берілгендерді дайындау.
6. Есепті компьютерде шешу, талдау және нәтижесін қолдану.
Тапсырма№1: x=(2y-3) *(6y+4) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құрыңыз.
Тапсырма№2: x=(4-7y) /11y формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құрыңыз.
Сабақтың өтілген күні:
Паскаль - программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады:
PROGRAM BASTAU;
СИПАТТАУ БӨЛІМІ
BEGIN
ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ
END.
Есте сақта: Кез келген программаның алғашқы жолы Program сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.
Негізгі ұғымдар: Мәліметтер (деректер) - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар және т. б. құрылымдар немесе солардың адрестері.
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.
Нәтиже алу - аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу - шығару порттарына жазу.
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы.
Түсініктеме- программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында жүйелі жақшаға алынып жазылған қазақша (орысша) түсінік беретін сөз тіркестері.
Есте сақта: бір қатарға бірнеші команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл әрі оқуға ыңғайлы.
Тапсырма№1: Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Паскаль тілін қолайлы програмалау тілі ретінде ұсынған кім және қай жылда?
- Паскаль программасының басқа программадан ерекшелігі қандай?
Тапсырма№2: Төмендегі программаны компьютерде Паскаль бағдарламасында теріңіз.
Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасы.
Program shenber;
Const pi=3, 14;
Var
R:real;
L:real;
Begin
Writeln (‘R manin engizinder:’) ;
Read (R) ;
L:=2*pi*R;
Writeln;
Writeln;
Writeln (‘natije:’) ;
Writeln (‘shenber uzyndygy L=’, L:8:3) ;
End.
Экранда төмендегідей нәтиже көрінеді:
R мәнін енгізіңдер: 0, 2
Нәтиже:
Шеңбер ұзындығы L=1, 257
Сабақтың өтілген күні:
Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері.
Мысал: 10 div 3 = 3 10 mod 3 = 1 27 div 5 = 5 45 mod 8 = 5
Негізгі ұғымдар: Өрнек - арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі.
Оператор - программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөздер.
Программаның сипаттамасы - программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны.
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», « тұрақты», « айнымалы», «функция», және «өрнек» ұғымдары кіреді.
Негізгі ұғымдар: Идентификатор - программалау процесінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілеулер және міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратны атау (ұзындығы 8 символдан тұрады) . Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Тұрақтылар (константа) деп мәндері белгілі және программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Есіңе сақта: const < айнымалының аты> = <мәні>
Айнымалылар - программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуг болатын шамалар.
Есіңе сақта: Айнымалыларды сипаттау var түйінді сөзінен басталады.
Есіңе сақта: Тіл ережесін графиктік түрде бейнелейтін диаграмма Вирт диаграммасы деп аталады.
Тапсырма №1: Есептеңіз:
а) 25 санын 3-ке бөлгендегі бөліндіні табыңдар.
б) 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар.
Тапсырма №2: Есептеңіз: .
1) 459 div 60 =
124 mod 7 =
2) 982 div 54 =
95 mod 3 =
3) 657 div 36 =
324 mod 6 =
4) 774 div 45 =
101 mod 7 =
5) 542 div 23 =
57 mod 41 =
6) 687 div 98 =
61 mod 4 =
7) 1234 div 245 =
355 mod 66 =
8) 308 div 2 =
604 mod 78 =
9) 446 div 54 =
854 mod 6 =
10) 49 div 3 =
852 mod 101 =
Үйге тапсырма:
Тапсырма№1: Есептеңіз:
11) 2541 div 1021 =
69 mod 3 =
12) 555 div 5 =
659 mod 8 =
13) 27 div 5 =
364 mod 7 =
14) 1952 div 96 =
654 mod 75 =
15) 82 div 9 =
930 mod 96 =
16) 852 div 2 =
1000 mod 10 =
Сабақтың өтілген күні:
Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.
Негізгі ұғымдар: Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Тапсырма№1: Төмендегі берілген өрнектерді Паскаль тіліне аударып компьютерде жаз:
- (a-d) 2/(a+2b) ;
- (a3+b) /sin ab;
- (x5+xy) / (2x+y) ;
- ln (a2+c) / (a-c) ;
![]()
Тапсырма№2: А-ның мәндері берілген: а) А:= 1. 0; Ә) А:=4; б) А:=5.
Х-тің мәндерін анықтау керек:
B:=2. 4*A;
X:= (A+B) /A*B-A;
X:=A/B MOD B;
B:= A*A-2*A;
A:=(B+2) *(B-1) ;
X:=A+B.
![]()
Тапсырма№3: Төмендегі операторлардың жазылуындағы жіберілген қателерді табыңдар:
1. a= b (x+3) 2 /sin3x a:=exp(sqrt(x+3) *ln(x) ) /sin(3x) ;
2. x=arctg-5y- x:=arctan(5*y) -sqrt(9*y)
Сабақтың өтілген күні:
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.
…
Var типтері көрсетілген айнымалылар;
Мысал:
ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
program esep01;
var x, y:integer;
begin
write (‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’) ;
read
(x, y) ;
write (x, ’+’, y, ’=’, x+y) ;
end.
Негізгі ұғым: Оператор дегеніміз - белгілі бір шамаларға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау.
Құрамына басқа операторлар кірмейтін операторлар жай (қарапайым ) операторлар деп аталоады.
Есіңе сақта: Begin, end қызметші сөздері операторлық жақша деп аталады.
Есіңе сақта: Программада өңделетін мәліметтерді Input файлынан оқиды.
Программада өңделу нәтижесін Output файлына жазады.
Тапсырма№1: Паскаль тілінде жазылған төмендегі операторлардың қатесін табыңдар:
А) Write (Y1; Y2) ;
Ә) Write (Y1 Y2) ;
Б) Write (Y1, Y2) ;
В) Write [Y1, Y2] ;
Г) Write 1. 62;
Д) Write (A, B/F) .
Тапсырма№2: Берілген бүтін х, у екі санның көбейтіндісін кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
Сабақтың өтілген күні:
Енгізу, шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру.
Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.
Read - ағылшынша оқу, readln (read line) - қатарды оқу
Есіңе сақта: Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an) ;
Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.
Есіңе сақта: Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an) ;
Негізгі ұғым : Сызықтық программа -дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол ретпен атқарылатын программалар.
Тапсырма№1: Берілген программаны теріңіз.
Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз') ;
Readln(a, b) ;
X:=a/b;
Writeln(‘x=’, x) ;
End.
Тапсырма№2: Екі санның азайтындысын табу программасын құру керек.
Тапсырма№3: Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) 1, у = a* b
Тапсырма№4: Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу программасын құр және компьютерге енгіз.
Сабақтың өтілген күні:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz