Pain графикалық редакторының құралдары

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекмелерінің мұғалімдерін, педагогтарына өзін оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процсті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, . Ә. Жүнісбековтың, М. М. Жанпейісованың және т. б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Модуль -оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әркетіне сай жеке оқу бағдарламасы.

- Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:

-оқытудың жалпы мақсатын қою;

-жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

-оқу әрекетінің жиынтығы;

-нәтижені бағалау.

Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі-оқушылардың танымдық қызметін арттырады. Әрбір оқушының әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделігі қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Сонымен бірге бұл технология бойынша тұлғаның психикалық қасиеттері, оның жеке өзіндік өзін қанағаттандыратын қызметі сабақ барысында қалыптасады. Оқушыны оқыту мен дамыту өзара күрделі процестер.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі-оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді яғни, жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл және т. б ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық жән шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады. Оқу модулінің ерекшелігі-жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды модульдің жалпы құрылымымен, міндеттерімен таныстырады да, оқу модулінің барлық уақытында есптелген оқу материалын қысқаша / 10-20 минут ішінде/, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілермен түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процсес сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды /топтық, топтық-жеке, жұппен жұмыс, пкірталас/ қолдану -оқытудың міндетті шарты болып табылады.

3-4 сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ және т. б оқу пәннің ерекшкелігіне орай қолданылып, осы бөлімде беріледі.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызы Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» басшылыққа ала отырып графиктік редактор Paint модулі бойынша өткізген сабақ үлгілерін ұсынамын.

Жалпы 34 сағатқа берілген оқу материалын 7 модульге бөлдім.

№:
Мазмұны: Мазмұны
Сағат саны: Сағат саны
№: Модуль №1
Мазмұны: Ақпарат. §1. 1- 1. 3
Сағат саны: 4 сағат
№: Модуль №2
Мазмұны: Компьютердің ақпараттық құралдары. §2. 1- 2. 2
Сағат саны: 4 сағат
№: Модуль №3
Мазмұны: Windows ” 98 -дің операциялық жүйесі. §3. 1-3. 5
Сағат саны: 7 сағат
№: Модуль №4
Мазмұны: Paint графикалық редакторы. §4. 1-4. 4
Сағат саны: 7 сағат
№: Модуль №5
Мазмұны:

Wordрad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.

Блокнот және калькулятор. §5. 1- 6. 2

Сағат саны: 4 сағат
№: Модуль №6
Мазмұны: Компьютердің мулльтимедиялық мүмкіндіктері. §7. 1-7. 2
Сағат саны: 4 сағат
№: Модуль №7
Мазмұны: Компьютерлік желілер. §8. 1- 8. 2
Сағат саны: 4 сағат

Сурет салу редакторы Paint модулі.

Модуль № 4

:
Сағат саны: Сағат саны
Модульдің мазмұны: Модульдің мазмұны
Уақыты: Уақыты
Ескерту: Ескерту
:

Кіріспе бөлімі

Сағат саны: 1 сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Модульге кіру

2. Paint графикалық редакторы.

3. Тірек-сызбасын түсіндіру

4. Ақпараттық сәт

5. Үйге тапсырма

Уақыты:

5 мин

35 мин

3 мин

5 мин

2 мин

Ескерту:

Оқушылардың дәптерге жазуы

Тірек-сызбасын пысықтау

: 2 сабақ
Сағат саны:

1. Мақсат пен міндетті анықтау

2. Paint графикалық редакторының командалары.

3. Үйге тапсырма

Модульдің мазмұны:

3 мин

35 мин

2 мин

Уақыты: Оқушылардың дәптерге жазуы
:

Сұхбат бөлімі

Сағат саны: 3 сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Мақсат пен міндетті анықтау.

2. «Қарлы кесек» ойыны

3. Үйге тапсырма.

Уақыты:

3 мин

35 мин

2 мин

Ескерту:
: 4 сабақ
Сағат саны:

1. Міндетті анықтау.

«Брэйн-ринг» ойыны

3. Үйге тапсырма

Модульдің мазмұны:

3 мин

35 мин

2 мин

Уақыты: Үлгі жауаптар қолданылады
: 5 сабақ
Сағат саны:

1. Міндетті анықтау.

2. «Бақытты сәт» ойыны

3. Үйге тапсырма.

Модульдің мазмұны:

3 мин

35 мин

2 мин

Уақыты:
: 6 сабақ
Сағат саны:

1. Міндетті анықтау.

2. Жеке-топтық жұмыс

3. Үйге тапсырма

Модульдің мазмұны:

3 мин

35 мин

2 мин

Уақыты:
:

Қорытынды бөлім

Сағат саны: 7 сабақ
Модульдің мазмұны:

1. Міндетті анықтау

2. Тест

3. Үйге тапсырма

Уақыты:

3 мин

35 мин

2 мин

Ескерту:

Модульдің кіріспе бөлімі

сабақ №1

Мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушылардың сурет салу редакторы туралы түсініктерін қалыптстыру, негізгі мүмкіндіктері туралы айту.

2. Оқушыларды модулдің құрамымен таныстыру.

3. Бірін-бірі тыңдай білуге, шыдамдылыққа, әдептілікк үйрету.

Жабдықтау: көрнекі материалдар / слайд/, оқу құралдары, интерактивті тақта, компьютер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. /оқушыларды топқа бөліп отырғызу/.

“Суретке қарап болжау” стратегиясымен бастаймын.

Интерактивті тақтадан сурет салуға қолданылатын құралдар көрсетіледі / 1 слайд/.

-Бүгінгі сабағымызда не туралы сөз болады деп ойлайсыздар?

-Бұл құралдар не үшін қажет?

-Ендеше осы құралдары пайдаланып сурет салайық- деп, интерактивті тақтаға бір оқушыны сурет салуға шығарамын.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Paint графикалық редакторының құралдары.

ІІ. Кріспе бөлімі. Лекция.

Компьютер графиктік және графикалық кесіндерд редакциялауға ң қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Бұл баспаға басылмаған жарнаманы, құжаттарды, хаттарды т. б. безендіру үшін қажет. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып, суреттерді әртүрлі сызықтарды сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді: көлем, көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді, түстерді өңдеуді және түзетуді, бір кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т. б орындау үшін өте қолайлы. Редакторлар әртүрлі пішінді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Paint графикалық редакторын іск қосу / 2 слайд/.

Paint мүмкіндіктері / 3 слайд/.

Paint графикалық редакторының терезсімен таныстыру / 4 слайд/.

Интерактивті тақтадан Paint графикалық редакторының құрал-саймандар тақтасымен таныстыру / 5 слайд/.

Ақпараттық сәт. / 1-3 минут/. / 6 слайд/.

ІІІ. Үйге: Жаңа технологияларға байланысты құнды ақпарат іздеу.

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары.

Үзінділермен жүргізілетін жұмыс.

Мақсаттары: 1. Графикалық редакторымен жұмыс істуге үйрету. Болдырмау командасын пайдалануды, суреттерді сақтауды үйрету. Үзінді, суретті форматтау қызметін меңгерту.

2. Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағыландыру.

3. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: көрнекі материал / слайд/, оқу құралдары, интерактивті тақта, компьютер.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Түсіндірмелі-практикум . Бұл сабақта интерактивті тақтадан Paint редакторының командаларының әрекетін орындау арқылы таныстыру. / Оқушылар орындалған әрекеттерді компьютерде ізінше қайталап отырады.

Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерінің өлшемін өзгертуге, озуға, қисайтуға немесе тік бағытта айналдыруға, т. б әркттерді орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажет бөлігін бөліп алу керек. Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады.

Paint графикалық редакторының құрал -саймандар тақтасынан ерікті аймақты және төртбрышты үзіндінің белгіленуімен таныстыру / 2 слайд/.

Интерактивті тақтадан үзінділермен жұмыс істеу әркетін көрсету.

Үзінділермен орындалатын операциялар операциялар / 3 слайд/.

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер / 4 слайд/

ІІІ . Үй тапсырмасына берілген ақпараттық сәттерді тыңдау.

ІV. Үйге: Paint графикалық редакторы тарауын қайталау.

Сабақ №3

Мақсаттары: 1. Сурет салу редакторы бойынша лекция сабақтарында алған білімдерін, іскерлік ойындар арқылы тиянақтау.

2. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, пәнге дген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Топ алдында өз ойын ашық айтуға дағдыландыру.

3. Бір-бірлерін тыңдай, ойлай білулері, әділ бағалары.

Жабдықтар: оқу құралдары, компьютер.

Барысы:1. Ұйымдастыру кезең. Ұсынылатын ақпарат көздері: оқулық, компьютердің Paint-қа байланысты анықтамалық жүйесі.

ІІ. Қарлы кесек ойыны . Қолдарындағы жетондарға байланысты оқушылар А, Б, В, Г, Д столдарына бөлініп отырады.

Топтарға берілетін тапсырмалар.

А тобы:

  1. Paint бағдарламасын іске қосу. Сурет салу кезеңдері. / 106-107 бет/

Б тобы:

  1. Paint графикалық редакторының құралдары. Түзу сызық сызу. Төртбұрыштар мен квадраттар салу. Бұрыштары дөңгеленген тікбұрыштар салу.

Элллипс пен шеңбер салу. Қисық сызықтар сызу. /110-115 бет/

В тобы:

  1. Pain графикалық редакторының құралдары. Көпбұрыштар салу. . Құю құралын пайдалану. Қылқаламмен сурет салу. Өшіргіш құралын пайдалану. /116-122 бет/.

Г тобы:

4. Редактордың командалары. Орындатпау командалары. Қайталау командасы. Суретттерді қалай сақтайды?Мәтіні бар суреттер салу. Суреттерді қалай ашады? / 123-128 бет/

Д тобы:

5. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. Үзіндіні жылжыту мен көшіру. Үзіндіні көбейту. Үзіндіні өшіру. Үзіндіні бейнелеу немесе бұру. Үзіндіні еңкейту мен созу. Суреттерді қарап шығу режимі. Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану. Түстер палитрасын өзгерту. Суретті қағаз бетіне басып шығару. /129-145 бет/

Оқушыларға тапсырманы орындауға 15 минут беріледі. Топ жүргізушісі маршрут парағы бойынша басқа үстелдің басындағы оқушыларға өз тапсырмасын түсіндіреді. Топ мүшелерін тыңдағаннан кейін, әр оқушы өзінің маршрут парағына ең жақсы түсіндірген ойыншының нөмірін жазады. Оқушылардың маршруттық парақтарын жинап алып, нәтижесін жалпы бағалау бланкісін енгізеді.

Тақырып бойынша эссе жаздырту.

ІІІ. Үйге: Деңгейлік сұрақтар әзірлеу. Крассвордтар, ребустар дайындау.

Сабақ №4

“Брэйн-ринг” ойыны . І деңгейдегі тапсырма -10 мин, ІІ деңгейдегі тапсырмаларға дайындықсыз жауап береді. ІІІ деңгейдегі тапсырма 3-5 мин уақыт беріледі. Жаймаға түскен санға сәйкес келетін жетоны бар оқушы жауап береді. Егер жауап дұрыс болса оқушыға фишка берілді, жауап дұрыс болмаса, кез келген оқушы толықтырып, жарты фишка алады.

Мақсаттары: 1. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау.

2. Кез келген жауапқа сыйластықпен, түсіністікпен қарау.

3. Сурет салу саймандар тақтасының құралдарын өз атымен атауға дағдыландыру.

ІІ. ”Брэйн-ринг” ойынын өткізу . Әр сұрақтың жауабына оқушылар компьютерді қолданулары керек.

І деңгей сұрақтары:

  1. Pain редакторын қалай іске қосамыз?
  2. Экранда жоқ саймандар тақтсын қалай орнатамыз?
  3. Түзу сызық салу құралы қалай аталады?
  4. Компьютерлік өшіргіш.
  5. Экранды тазарту -әрекеті.
  6. Түстер гаммасы қалай аталады?
  7. Шеңбер салу құралы.
  8. Құю құралының қызметі.
  9. Бүріккіш құралының қызметі?

10. Файл дегеніміз не?

ІІ деңгей сұрақтары :

1. Экранда жоқ құралдар тақтасын қалай орнатамыз?

2. Экранда жоқ палитраны қалай орнатамыз?

3. Ерікті аймақты белглеу құралы туралы айт.

4. Белгілеу құралының қызметін айт.

5. Масштабты қалай пайдалануға болады?

6. Қисық құралын пайдалана отырып, параболаның графигін қалай салуға болады?

7. Үзіндіні қалай жылжытуға және көшіруге болады?

8. Суретті қарап шығу режимі деген не?

9. Суреттің бірнеше көшірмесін қалай аламыз?

10. Сызықтың түрлерін қалай өзгертуге болады?

ІІІ деңгей сұрақтары:

1. Палитраны қалай өзгертуге болады?

2. Файлды қалай сақтаймыз?

3. Суретті қалай баспаға шығарамыз?

4. Үзіндіні қалай бұрамыз?

5. Сақталған файлды ашу жолдарын түсіндір.

6. Сурет салу терезесінің мүмкіндіктерін ата.

7. Жаңа файлды қалай ашамыз?

ІІІ. Қорытынды: “Брэйн -ринг” ойынының қорытындысын бағалау бланкісі арқылы бағалау.

ІV. Үйге: Тақырып бойынша крассворд құрастыру.

Сабақ №5

Мақсаттары: 1. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

2. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

І -гейм. ”Бой сергіту” . Топтардағы оқушылардың санына байланысты тапсырмалар беріледі.

1. Сурет салу. /3-5 мин/.

2. Жұмысын қорғау. /7-8/

ІІ- гейм. ”Бөшкеден шыққан бас қатырғылар”. Команда мүшелері қапшықтан нөмірлері бар шарлар алып шығады. Әр нөмірге сұрақ оқылады. Топ өз іштерімен талқылайды. Жауабын топ басшысы жауап береді. Әр сұраққа 1 мин.

ІІІ-гейм. ”Көрме” . Топ басшылары компьютерге байланысты қарсы топқа сұрақ қояды. Қарсы топтың әр мүшесі сол тақырыпта сурет салады. Топ ішіндегі ең жақсы сурет көрмеге ұсынылады.

ІV-гейм. ”Сен-маған, мен-саған”. Топ басшысы тобындағы оқушылардың үйде құрып әкелген крассвордтардының ішінен ең тәуірін қарсылас командаларына шешуге береді.

ІІІ. Қорытынды жасау.

Өткізілген геймдер нәтижесі бойынша қорытынды жасалады.

Сабақ № 6-№7

Мақсаттары: 1. Оқушыларға шығармашылықпен жұмыс істеп үйрету.

2. Еркін қиялдап, ойларын қағаз бетінде білу.

3. Топта бірлесе жұмыс істеуге, оқушының жұмысын бағалауға үйрету.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. 1. Берілген тапсырмаларды компьютерде орындау.

Тапсырма 1

1. PAINT бағдарламасын жүкте

2. Төмендегі суретті сал.

3. Көшіру және кері бұру командасы арқылы суретті толықтыр.

4. Суретке аквариум атын беріп сақта.

Тапсырма 2

1. PAINT бағдарламасын жүкте

2. Төмендегі суретті көшіру және симметрияны қолдана отырып сал.

3. Өлшемдерін өзгерте отыра, суретті көбейт.

4. Суретке жаз атын беріп сақта

Тапсырма 3

1. PAINT бағдарламасын жүкте

2. Төмендегі суретті симметрияны қолдана отырып сал.

3. Көшіру және бұруды қолданып, суретті көбейт.

4. Суретті горизонталь осі бойынша 30 0 -қа еңкейт.

5. Суретті мамыр деп сақта.

ІІІ. Сурет салу редакторы бойынша салынған суреттерді оқушылар бағалайды.

1. Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау. / 1 слайд 15-20 мин/.

2. Оқушылардың білімдерін бақылау . Тест. / Тест тапсырмасының үлгісі интерактивті тақтадан көрсетіледі. /10 мин/.

№ А-1 Бағыттау парағы

Тур: Тур
Үстел: Үстел
Ең жақсы ойыншы: Ең жақсы ойыншы
Тур: 1-жүргізуші
Үстел: «А»
Ең жақсы ойыншы:
Тур: 2
Үстел: «Б»
Ең жақсы ойыншы:
Тур: 3
Үстел: «В»
Ең жақсы ойыншы:
Тур: 4
Үстел: «Г»
Ең жақсы ойыншы:
Тур: 5
Үстел: «Д»
Ең жақсы ойыншы:

Ортақ бағалау парағы


Ұқсас жұмыстар
Paint гафикалық редакторының құралдары
Қарапайым графикалық редакторы. суретті ашу. 7-сынып
Paint графикалық редакторының құралдары. 7 сынып
Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Ашу командасы
Графикалық редакторының сурет салу құралдары
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Практикалық сабақ
PAINT графикалық редакторы практикум сабағы
Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz