Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жіктеу есімдігі

Тақырыбы: Жіктеу есімдігі .
Мақсаты: 1) Жіктеу есімдігі туралы білімдерін толықтыру, есімдік зат есім,
сан есім, сын есімнің орнына қолданылатыны туралы алған білімдерін
практикамен ұштастыра білуге машықтандыру.
2) Өз бетінше ізденуге , ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық жұмыс арқылы
қиялын ұштау,тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберлігін арттыру.
3)Адамгершілікке тәрбиелей отырып ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Оқу материалын оқып - үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау жұмысы.
Көрнекілігі: Семантикалық карта, слайдтар.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз
Біз мәңгілік біргеміз.

Елбасымыздың «Еліміздің келешегі білімді ұрпақ» деген сөздерін ұран етіп
ала отырып «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» дегендей, бүгінгі
сабағымыз (бөлімдер аты) деп аталатын бөлімдердің көмегімен жіктеу есімдігі
туралы білімімізді толықтырамыз.

I Ой қозғау. Үй тапсырмасымен жұмыс.
- Қандай сөз таптарын білесіңдер?
- Есімдік деген не?
Кестемен жұмыс. Өлеңді оқу.
- Балалар, қазір мен өлең оқимын. Бұл өлеңдегі кездесетін есімдіктерді есте
сақтай отырыңдар.
- Мен, сен, ол,
Інім таныс бол.
Жіктеліп жүреді,
Бар айыбы сол.
Мен дейді, сен дейді,
Бір – біріне сенбейді.
«Олға» көңіл бөлмейді.
Түптеп келгенде,
Тірліктері өнбейді.
Біз, сіз, олар,
Көпке таныс болар.
Қимылына қарасаң,
Көңілің толар.
Біз дейді, сіз дейді,
Бірлігін үзбейді.
Бірігіп іздейді.
«Олар» да ,
Қосылады соларға.
Ауыз бірлік бар жерге
Қауіп - қатер жолар ма?

- Қай есімдік туралы айтылған?
- Осы өлеңде қандай жіктеу есімдіктері бар?

II Мағынаны тану.
- Сіз деген – сыпайылық,
Сен деген - анайылық.
Біз деген – көмек,
Сіз деген - әдеп, - дегендей, әдептілік пен сыпайылық туралы
бейнебаянды тамашалайық. Көрініс: Пікіралысу.
- Сен ата – анаңа сіз деп сөйлейсің бе, әлде сен деп сөйлейсің бе? Ата –
анаңа, үлкен кісіге қалай сөйлеу керек? Онда, «сіз» деген жіктеу
есімдігінің қай түріне жатады? Ал, «сен» деген ше?
Жіктеу есімдігі. Суретпен жұмыс. Тексеру.
- Есімдіктер мағынасына қарай 7 бөлінеді (кесте). Жіктеу есімдігінің
түрленуі (жіктеледі, септеледі).
-
III Мұқият бол.
Күнді, сынып жұмысын жазу. Түзу отыру ережелері. «Кітап
пен дос туралы сыр» мәтінінен жіктеу есімдіктерін теріп жаз.

IV Артық білім кітапта.
486 – жаттығу: қайталанып келген сөздің орнына тиісті
жіктеу есімдігін қойып, көшіріп жаз. Есімдіктің қай түрі қай жақта? Ол
жіктеу есімдігі не үшін жұмсалады?
487 – жаттығу: берілген сөздер мен жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем
құра.
Сергіту сәті
Кел, балақан, балақан
Шапалақта алақан.
Жай, жай, жай,
Шапалақта алақан 2
Қозғап барлық денеңді,
Қолды қатты соқ енді.
Сарт, сарт, сарт,
Қолды қатты соқ енді! 2
Тықылдатпа таяқты,
Ақырын бас аяқты.
Жай, жай, жай,
Ақырын бас аяқты! 2

V Өзіңді - өзің сынап көр.
489 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісіт есімдіктерді қойып, сөйлемдерді
көшіріп жазу.
490 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Той алдында
Сексенге келген Көкпекті,
Секілді шежіре – қария.
Кеудесін кере демалса,
Тарихын етер жария.
Ата – бабаң ту тіккен,
Көкпекті туған тұғырың,
Деп тұрғандай ол бізге:
“Еңсеңді көтер, құлыным”
А. К.
Тоқпаева.
- Өлеңдегі жіктеу есімдіктерін ата.
Жұмбақты шеш:
Қара итім бар еді,
Өзі сондай кішкентай.
Үрмейді де жүрмейді
Ол болса,үйге ешкім кірмейді. (Құлып)

Өздігінен жұмбақ құрау.

VI Пайдалана біл.
Семантикалық карта арқылы жіктеу есімдігі тақырыбы бойынша білімдерін
тексеру. Бағалау.
Үй тапсырмасы:
1) Жіктеу есімдіктері бар үш мақал – мәтел жазып, жаттау;
2) 141, 143 б.Ережелерді қайталау.
3) 488 – жаттығу (мәнерлеп оқу).
- Елбасымыз Қазақстан халқына үндеуінде «Біз кемел келешегіміздің берік
іргесін бірге қалаймыз» - делінген. Ал, сендер еліміздің болашағысыңдар.
Сондықтан әр сабақта өз білімдерінді толықтыра бергейсіңдер!

Ұқсас жұмыстар
Көкшетау қаласына саяхат
Сабақты бекіту кезеңі
Сілтеу есімдігі
Есімдіктерді салыстыр
Өздік есімдігінің түрленуі
Сілтеу, сұрау есімдігі
Есімдіктің септелуі
Өздік есімдігі
Қазақ тілі сабақ жоспары
Есімдіктің лексико-семантикалық сипаты
Пәндер