Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету әдістері

Тақырыбы: Әр түрлі жарақаттану кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету

Мақсаты: а) оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді

меңгерту; ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасы

  1. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?
  2. Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: - Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда, әр түрлі жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету түрлерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Интербелсенді тақтада жарақаттанған адамдарға қалай көмектесу керек?

Ол үшін жарақатты өңдеу тәсілдерін білген жөн. Жаралыларға қолданылатын асептик және антисептик дәрі-дәрмектерді білуге тиіссіңдер.

  1. Асептик - таза, яғни миробтарсыз деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қолды жуып, жарақатты таза күйінде ұстауды ойластыру қажет.

2. Антисептик - микробтарға қарсы химиялық дәрілерді немесе басқа да шараларды (лазер, электр тоғы, т. б. ) қолданып, микробтарды өлтіру деген ұғым

ІҮ. Сабақты бекіту

  • Интербелсенді тақтаға жарақатты емдеу шаралары жазылады.
  1. Жарақатқа ауадан, лас заттардан микробтар жұғуына жол бермеу.
  2. Олардың алдын алу үшін химиялық дәрілер (спирт, йод, сутегі тотығы, марганец ерітіндісі, антибиотиктер, т. б. ) қолданылады.
  3. Жарақатты неғұрлы ерте өңдеудің және оны таңып тастаудың пайдасы өте зор.
  4. Ауру сезімін бәсендету мақсатында ауыртпайтын дәрілерді жарақаттанған кезде ең алғашқы жәрдем ретінде пайдаланған жөн.
  5. Адамның басы, омыртқа жотасы зақымданғанда оны қозғалтпау амалын қарастыру - ең алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негізгі шарты.

Ү. Сабақты қорытындылау

  1. Жараларды өңдеу тәсілдері. Асептик және антисептик шаралары.
  2. Жарақаттанған кезде ауруды бәсеңдету тәсілдері.
  3. Басты ауыртып алған және омыртқа зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдемнің түрлері қандай?


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі негізгі талаптар
Дененің әртүрлі бөліктеріне таңғыш салу: алғашқы жәрдем әдістері
Сүйек сынықтары, буын шығуы және байламдар созылуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өзін-өзі ұстау ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары
Жарақаттанудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету
Жарақат пен жазатайым жағдайлардағы алғашқы медициналық көмек және ес-түссіз науқастарға жедел жәрдем
Жарақаттар, күйік және естен тану: түрлері, қан кету және алғашқы медициналық көмек
Күйік кезінде үй жағдайындағы алғашқы көмек: түрлері, дәрежелері және көрсету алгоритмі
Қан кетуді тоқтату және жгут салу: материалдар, таңу түрлері және алғашқы медициналық жәрдем
Жол-көлік апаттарында дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz