Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көлік құралдарының тоқтау жолы
Тақырыбы: Көлік құралдарының тоқтау жолы
Мақсаты: а) көлік құралдарының тоқтау жолы туралы түсінік беру;
ә) оқушылардың танымдық көзқарасын,
зейінінің тұрақтылығын дамыту;
б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Біздің елімізде жолдың қай қапталымен жүру белгіленген?
2. Велосипед мінген балалар қай қатармен жүруге тиіс?
3. Жүргізушілердің қатар алмасуын қалай түсінесіңдер?
4. Жүргізушілер жүру бағытын өзгертерде ескерту белгілерін қалай береді?
5. Жүргізушілер не себептен жарық беру құралдарын қосып жүреді?
6. Қарама-қарсы келе жатқан көлік жүргізушісі жарық шағылыстыруын
өзгертпесе, велосипедшілер не істеуі керек?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту
Мұғалім: - Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді,
бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарынң тоқтау
жолымен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін
қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
• Интербелсенді тақтада көлік құралдарының тоқтау жолы туралы
мәлімет.
1- Тежеу жолы, біріншіден, машина доңғалағы мен жолдың арасындағы
байланыс күшінің әсерінен белгілі болады. Жол құрғақ, автокөлік
доңғалағының бедері жаңа болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші
онан сайын күшейіп, тежеу жолы қысқарады. Егер жол тайғақ, доңғалақ
бедері жұқарған болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші азайып,
тежеу жолы ұзарады.
2- Сонымен бірге, автокөліктің тежеу жолы көліктің жүру
жылдамдығына көп байланысты. Жылдамдық неғұрлым жоғары болған сайын
тежеу жолы соғұрлым ұзын болады. Нақты мысал келтірейік. Автокөлік
сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенде, жеңіл автокөліктің тежеу
жолы 7,2 м, дәл осы жылдамдықта жүк машинасының тепжеу жолы - 9,5 м
болады екен. Ал жүк машинасының жүру жылдамдығы 30 шақырымнан 60
шақырымға дейін өссе, тежу жолы 2 есе емес, өкінішке қарай, 4 есе
артатыны нақты есептелген әрі дәлелденген.
3- Тежеу жолы ұзын болуының тағы бір себебі бар. Ол машинаның
салмағына да байланысты. Әсіресе ірі жүк машиналары, автобустар, КамАЗ-
дар мен КрАЗ-дардың тежеу жолы жеңіл машиналардың тежеу жолынан
әлдеқайда ұзын болады.
ІҮ.Сабақты бекіту
• Интербелсенді тақтада көлік құралдарының тоқтау жолы мен жүргізуші
байланысы
1. Тежеу жолына қосылатын тағы бір жай - ол жүргізуші тежеуішті басқанға
дейінгі жүріп өткен аралық. Бұл - жүргізушінің кедергіні көрген сәттен
бастап тежеуішті басқанға дейінгі уақытта өтетін жолы. Қарапайым
тілмен түсіндірсек, жүргізушінің реакциясына (әркетіне) кететін
мезгіл.
2. Жүргізушінің әрекеті оның тәжірибесіне, қырағылығына байланысты.
Жүргізуші шаршап келе жатса, ол кедергіні байқап, тежеуішті басқанша
біршама уақыт өтеді. Ол кезде машина да жүріп келе жатпай ма? Оған
жолдың көрінуі мен жарықтығы, ауа райының жағдайы да әсер етпей
қоймайды.
3. Осындай көптеген себеп-салдардан жинақталып, талданып, сараланған
жайлардың барлығы, айналып келгенде жүргізушіге тікелей байланысты.
Ү. Сабақты қорытындылау
Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу
жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп,
тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға
дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады.
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үй тапсырмасы
1. Машинаны кілт тоқтатуға бола ма?
2. Тежеу жолы неге байланысты?
3. Жүргізушінің реакциясы дегенді қалай түсіндіруге болады?
4. Автокөліктің тоқтау жолын түсідіріңдер.
5. Жақындап қалған автокөліктің алдынан жүгіріп өту неге қауіпті?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz