№5 Жеткіншек балабақшасының ашық оқу іс-әрекеті Ертегілер елінде: кеңістік ұғымы мен салыстыру қабілетін дамыту

№ 5 «Жеткіншек» балабақшасы

Ашық оқу іс - әрекеті

Өткізген: Каресова Н. С.

Қараша айы

2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Бөлімдері: Сенсорика, көркем әдебиет, құрастыру.

Мақсаты: Білімділік: Заттарды кеңістікте орналасуына қарай (оң, сол, астында, үстінде, жоғары, төмен т. б. ) анықтау, балаларды салыстыруға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: Әр баланы өзінің жеке жұмысын жасап қана қоймай, өзге достарына да көмектесуге тәрбиелеу, достық сезімін ояту.

Көрнекілігі: Тақта, үйшік, тышқан, қоян, қасқыр, түлкі.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Үлестірмелі құрал: Сәбіз

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Іс-әрекет кезеңдері: Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Бізқандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Баланыңіс-әрекеті: Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
Іс-әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

- Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, «Үйшік» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық.

- Алаңда бір үйшік тұр. (Суретті көрсетеді) Жертесер тышқан оны көріп қалып, неткен керемет үйшік, бұл кімдікі, - деп сұрайды. (тышқанның карточкасы қойылады) .

- Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

- Балалар тышқанға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларға тапсырманы ұсынады:

1. Суреттегі заттардың қайсысы үстелдің үстінде, қайсысы астында орналасқан?

Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар!

Тышқан үйшікке кіріп тұра бастайды.

Секеңдеп, секіріп қоян келеді.

- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады? Сол кезде үйшіктен

ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады:

1. Балалар қоян не жейді? Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді тапсырманы орындайық. Мына қиынды қағаздарды құрастырайық. Балалар ненің суреті шықты? Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.

Орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым

Егеменді ел көрдім.

- Үйшікке жүгіріп көкжал қасқыр келеді.

- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

- Менің тапсырмамды орындаған-дарға ғана үйшік өз есігін ашады.

- Балалар қасқырға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші балаларға тапсырма ұсынады.

Дидактикалық ойын:

«Не артық?»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Дұрыс таптыңдар, сиқырлы үйшіктің есігі қасқыр үшін де ашылды. Жарайсыңдар!

Қасқыр үйшікте тұра бастады.

Қутыңдап түлкі келіп:

- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік? (тышқан, қоян, қасқыр өздерін таныстырады) . Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:

- Менің тапсырмамды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

- Үйшікте қандай аңдар бар?

- Олардың қайсысы бұрын келді?

- Қайсысы соңынан келді?

- Қасқырдан бұрын қай аң келді?

Үйшіктің есігі түлкіге де ашылады. Содан

бері барлық аңдар тату-тәтті өмір сүріпті.

Баланыңіс-әрекеті:

Ия. Көмектесеміз.

Қолдарын жоғары көтереді.

Қолдарын төмен түсіреді.

Оңға, солға бұрылады,

Қолын алға созады.

Ия, көмектесеміз.

Іс-әрекет кезеңдері: Іс-әрекетті бақылау кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті: - Балалар, сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? Ертегіде қандай кейіпкерлер болды? Аңдарға үйшікке кіруге кім көмектесті? Әрине сендер. Жарайсыңдар! Барлығың да тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Аңдар сендерге риза болып, дәмді сыйлық беріп жіберіпті.
Баланыңіс-әрекеті:

Ия.

Тышқан, қоян, қасқыр, түлкі.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Заттардың қалай орналасқанын ажырату.

Баланың меңгеруі: Салыстырулар жайлы түсінік.

Баланың жасай алуы: Бірлесе жұмыс жасауды.


Ұқсас жұмыстар
Математика ертегілер елінде: сайыс сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
№37 Бәйтерек балабақшасының оқу іс-әрекет жоспары: Ертегілер еліне саяхат - Үйшік ертегісін сахналау арқылы тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Бастауыш сыныптарға арналған Ертегілер елінде әдеби-сахналық шараның сценарийі
Қатынас тақырыбы бойынша ашық оқу іс-әрекеті: Жануарлар мен қала көшелеріндегі қауіпсіздік
№27 Жігер балабақшасының ересек тобына арналған қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Мұз патшалығына саяхат - жыл мезгілдері, лексика және сөйлеу дағдыларын дамыту
Еңбекші мектеп-балабақшасының Толағай отбасылық спорттық сайысы және түстер мен қарапайым математикалық ұғымдарды дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
4-сыныпқа арналған Ертегілер елінде тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Ашық сабақ: Домбыра - халық даналығы (шығармашылық оқу іс-әрекеті, ән)
Дидактикалық ашық оқу іс-әрекеті: ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz