Шәкәрім Құдайбердиевтің Еріншек өлеңіне арналған ана тілі сабағының жоспары

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Еріншек». Шәкәрім Құдайбердиев.

Сабақтың мақсаты: 1. «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, ойларын жүйелеу.

2. Сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

3. Жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуге, жақсылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, салыстыру, талдау-жинақтау, ойын.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жылқы» әңгімесінің мазмұнын сұрау. Жылқы туралы жазып келген әңгімелерін оқыту.

-Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?

-Жылқының адамға пайдасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсат қою.

«Еріншек» Шәкірім Құдайбердиев. Автордың өмірбаянына тоқталу. Суретіне, кітаптарына, тағдырына тоқталу. 1931-1932 жылдардағы қиын жағдай. «Еріншек» деген сөздің мағынасы қандай?

Сергіту сәті.

V. Материалды түсіндіру кезеңі.

Оқушыға кезекпен мәнерлеп оқыту.

Тізбектей, топқа оқытып, мазмұнын айтқызу.

Дәптермен жұмыс. Сөздікті таныстыру. Харекет - әрекет. Кесел - бұл жерде: сор, дерт.

Алғашқы екі жолды көшіріп жазу, түсіндіру.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау, тақтаға жазу.

5 асыл іс, 5 дұшпан.

а) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

ә) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.

Абайдың қара сөздерінен үзінділер:

1. Қор қылатын үш нәрсе бар.

2. Баланың екі түрлі дүниеге келуі.

Бірін-бірі жеңе алмайтын 8 батыр. (күн - түн, тақ - жұп, қыс - жаз, жақсылық - жамандық) .

Ойын: «Жұбын тап!» 6 оқушыны шығару, олар қарсы мәндес сөздерді табады. (арам - адал, таза - лас, т. б. )

VII. Бекіту кезеңі: «Кім жылдам?» ойыны. Жағымды, жағымсыз қасиеттерді тізіп жазу.

Қорытынды ой: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

Бағалау.

Үйге тапсырма. Өздеріне ұнаған шумақты жаттау. Еріншектікке байланысты мақал-мәтелдер жинақтау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып Ана тілі: Шәкәрім Құдайбердиевтің Еріншек өлеңін оқытуға арналған сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Ғафу Қайырбековтің Ана тілі өлеңіне арналған қазақ тілі сабағының жоспары
8-сынып Қазақ әдебиеті: Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еріншек өлеңі бойынша сабақ жоспары: мақсаттар, мазмұн және әдістемелік ұсынымдар
Қ. Жұмағалиевтің Мен соғысты жек көрем өлеңіне арналған 4-сынып ана тілі сабағының жоспары
Ана тілі: Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңіне арналған сабақ жоспары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: іздену-зерттеу сабағының жоспары
М. Жұмабаевтың Балалық шақ өлеңіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары
3-сынып ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Жаз өлеңіне арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz