Вирус ауырған адамнан сыртқа шығуы кекре

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Ең сұмдық,

ең азапты

. . . ЖҚТБ.

Кітапханашы: Бесенова А. А.

2012-2013 оқу жылы

Ең сұмдық, ең азапты . . . ЖҚТБ.

Мақсаты: Оқушыларға ғасыр ауруы туралы түсінік беру, санитарлық -гигиеналық білімін дамыту.

Көрнекілігі: бүктеме, слайд, кітаптар, журналдар.

Кітапханашы : Өткен жиырмасыншы ғасырдың «берген мұраларының» ең бастысы ЖҚТБ болды. Бұл туралы аз айтылып жатқан жоқ. Бірақ, азаюдың орнына бұл аурумен ауыратын адам саны күннен - күнге көбеюде. әлі де бұл дауасы жоқ дертке бүгінгі таңда әлем жұртшылығы бірлесіп ем іздеуде.

ЖҚТБ дегеніміз не?

ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері - АҚТҚ- мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы.

Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ - дан толықтай айықтыратын дәрі - дермек табылмай отыр, қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Алайда АҚТҚ жұпасының дамуына кедергі жасайтын әрі аурудың соңғы сатысы ЖҚТБ - ға өтуіне мүмкіндік бермейтін дәрілер жасалып шығарылған.

Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп, тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ - ның таралуының алдын алуға болды.

ЖҚТБ деген нені білдіреді?

  • Жұқтырған:Демек, адам оны біреуден жұқтырған.
  • Қорғаныш:Адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйе.
  • Тапшылығының:Қорғаныш болуға тиісті мөлшерден кем.
  • Белгілері:Аурудың симптомдарының тобы (синдромы) .

АҚТҚ дегеніміз не?

АҚТҚ - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы - ағзаны әтүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды (Т - хелпелер) .

АҚТҚ (ВИЧ) деген не?

ЖҚТБ ауруын бір кішкентай қоздырғыш (вирус) тудырады. Оның аты АҚТҚ.

  • Адамның:осы қоздырғыш адамда ғана болады (ол жануарлар мен шыбын - шіркейлерде болмайды) .
  • Қорғаныш Тапшылығының:Бұл қоздырғыш біздің қорғаныш (иммундық) жүйеміздің күшін әлсіретеді.
  • Қоздырғыш:Ол вирустардың (өте кішкентай микроорганиздердің) бір түрі.

Сұрақ жауап:

  1. ЖҚТБалғаш рет қашан пайда болды?

Жауап: ЖҚТБ туралы алғашқы кезде Орталық Африкада 70 - жылдардың аяғында білді және бүкіл дүние жүзіне таралды. Ауру туралы нақты деректер 1981 жылы француз ғылымы Монтенье және америка ғылымы Галло жүре пайда болған иимундық тапшылық синдромын ашты. Осы уақыттан бастап адамзатқа төнген қауіпі ауру туралы біле бастады. Бұл КСРО - да 1987 жылы бірінші білінді. Қазақстанда 5362 адам ЖҚТБ -пен ауырады.

  1. ЖҚТБ-пен ауырған адамның ауру белгісі қандай?

Жауап: ЖҚТБ -пен ауыған адамды сипаттайтын симптомдар мыналар.

  • Лимфа түйіндерінің көбеюі.
  • Құрғақ жөтелдің болуы
  • шаршағандық, қажығандық
  • жиі - жиі іштің өтуі
  • күнделіәкті денеден терінің көп шығуы
  • арықтау
  • Аяқ - қолда сезңмталдықтың кенетен жойылуы
  • ойлау әрекетінің бұзылуы.
  1. ЖҚТБ-тің адамға жұғу жолдары қандай?

Жауап: ЖҚТБ негізінен жыныстық жолдармен, ауру жұқтырған анадан балаға емізу кезінде, ЖҚТБ - пен ауырған адамның қаны тиген медециналық құралдар арқылы жұғады.

  1. ЖҚТБвирусы ауырған адамнан сау адамға қалай жетеді?

Жауап: Ол үшін:

  1. Вирус ауырған адамнан сыртқа шығуы кекре.
  2. сыртқа шыққан вирус сау организімге жетуі қажет

Зақымдалған организмде вирус қанның лимфоцитімен қан түйірлері пайда болатын органдарда өсіп өнеді. Сыртқа ұрықпен және сұйықпен шығады, яғни жыныстық қатынас кезінде жұғады.

  1. ЖҚТБвирусы адам организімде қалай өмір сүреді?

Жауап: Адам организімне енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне еніп, клетканың гинетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Соның әсерінен клетка жарылып өледі. Лимфоцит клеткалардан осылай өле беру салдарынан организмде иммунитет жетіспеушілік пайда болады.

  1. ЖҚТБқанша уақыттан кейін білінеді?

Жауап: ол жасырын кезенде ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске сала кететін бір жай, осы кезенде адам өзін ауру деп есептемейцді, бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі СПИД - ті тарата береді. Ол қанша адаммен қатынаста, сонша адам ауруға шалдығады, сөйтіпбірінен - бірі жұға береді.

  1. ЖҚТБвирусын к\қалай жоюға болады?

Жауап: ЖҚТБ вирусы химиялық және физикалық әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса, өледі. Медициналық тәжірбиеде қолданатын спирт, ацетон, эфир т. б. дезинфекциялық заттар ЖҚТБ вирусын оп - оңай жоқ қылады.

  1. ЖҚТБ-пен ауырмау үшін алдын алу жолдарын айтып беріңізші?

Жауап: Ол үшін барлық жерде жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін дұрыс сақтау, жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек. Дәрігерлік инемен ортақ пайдаланбау, егілу керек болса деке инемен егілу, анаша, насыбай атпау, түнгі клубқа бармау.

  1. ЖҚТБ-пен қандай аурулар қосарлана жүреді?

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттандырылған сабақ
Компьютерлік вирустардан қорғау жайлы ақпарат
Желтоқсанның қайғысы
ЖҚТБ ауруы қатерлі
Қауіпсіз интернет ережелері
Сайыстың көрнекілігі
СПИД деген қандай ауру
адамзатқа төнген қауіптідерт
Вирустар-тіршіліктің клеткасыз тобы
Тақырып Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz