Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғұндардың тұрмысы

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
№1 Зеренді орта мектебі

Дамыта оқыту технологиясы бойынша

Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы.

6 сынып

Такетов Әуелбек Дүйсенбекұлы

Тарих пәнінің мұғалімі.I санат

Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғұндарда шаруашылық пен кәсіптің түрлі салалары – мал
шаруашылығы, егін шаруашылығы болғандығын, металл өндіріп, одан әшекей
бұйымдар, саз балшықтан, теріден, ағаштан түрлі ыдыс-аяқтар жасағандығын
түсіндіру.
Дамытушылық: Шаруашылықта, кәсіпшілікте, өнер саласында болған
өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін
тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау
қызметін одан әрі дамытуға көмектесу,өз беттерімен тарихи деректер іздеуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Еңбек ету арқылы өнерді дамыту нәтижесінде ғұндардың өз кезіне
лайық шаруашылық салаларын дамыта отырып, дүниежүзілік өнердің көркеюіне
үлес қосқандығына тоқталып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың картасы,
әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқтар, қару-жарақтар, киім кешектер, музыкалық
аспаптар суреттері. С.Кенжеахметұлының «Қазақ халқының тұрмысы мен
мәдениеті» атты кітабы. 2006 ж. «Алматы кітап».
Пәнаралық байланыс: технология пәні, әдебиет пәні.
Қолданылатын педагогикалық технология: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Оқушыларға сұрақ: әр топқа топтың аттары қандай мағына береді?- деп сұрақ
қойылады.

Психологиялық дайындық.
( сәттілік тілеу оқушыларға)

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

IІ. Фронтальдық тексеріс.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға өткен тақырыптан тапсырмалар
беріледі.
1 топ.
1. Ғұндар туралы деректер, олардың мекен қоныстары.
2. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?
Тарихи картаны пайдаланып бір оқушы жауап береді.

2 топ
Тірек сызба: Ғұндар сөзін топтастыру

3топ. Кесте толтыру.

|Р/с | Сұрақ | Жауап |
|1 |Ғұндарда қанша ру болды? | |
|2 |Мемлекет басында кім болды? | |
|3 |Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды. | |
|4 |Түмен дегеніміз не? | |
|5 |Ұлы Қытай қорғаны қашан салынды? | |
|6 |Түменбасылар кімдерді тағайындады? | |

ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру. Топтық жұмыс
1. Ғұндардың тұрмысы.
2. Қоғамдық құрылысы.
3. Ғұндардың мәдениеті.

ІҮ кезең. Жаңа терминдерді түсіндіру.
Тарихи терминдер:
Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.
Патриархалды билік- ер адамдардың билігінің жоғары болуы.
Тәлімді егіншілік -қолдан суарылмайтын егін.
Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.
«Полихромдық стиль»( безендіру әдіс)- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті
заттар жабыстыру.

Ү. кезең. Презентация.
1-топ. Ғұндардың тұрмысы туралы айтады.
2-топ. Қоғамдық құрылысы туралы айтады.
3-топ. Ғұндардың мәдениеті туралы айтады.

VІкезең.
Мұғалім оқушылардың жұмысын қорытындылайды. Оқушыларға сұрақ қойылады.
Бүгінгі сабақта не туралы айтылды?
VІІ. Алғашқы ұғыну және бекіту.
Әр топқа тақырыпқа байланысты белгілі бір сөз беріледі. Сол сөзді
тақырыппен байланыстырулары керек.
1-топ. Қыш. 2-топ. Тері.
3-топ. Ағаш.

Келесі тапсырмаға көшпес бұрын бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасайық.
(сергіту сәті)

VІІІ. Сабақты пысықтауға арналған тест тапсырмасы.
1. Ғұндардың негізгі шаруашылығы:
А) аң аулау Ә) балық аулау Б) мал
шаруашылығы
2. Төсеніш пен кілемдерді неден жасаған?
А) жүннен Ә) теріден Б) шөптен
тоқыған
3. Ыдыс-аяқ жасауға төмендегі материалдардың қайсысын пайдаланған?
А) тас Ә) темір Б) ағаш
4. Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі қалай аталған?
А) зерлеу Ә) безендіру Б) полихромдық
стиль
5. «Ғұндар төзімді келеді.Ат үстінде ұйықтап түс те көреді» деп
сипаттаған Рим тарихшысы кім?
А) Прииск Ә) Геродот. Б) Аммиан Марцеллин
6. Өлім жазасына қандай қылмыс жасағандар кесілген?
А) ауыр қылмыс Ә) жеңіл қылмыс Б) мал ұрлаған
7. Ғұн әйелдерінің құлағына таққан әшекей заты:
А) білезік Ә)сырға. Б) түйреуіш
8. Қолдан суарылмайтын егіншілік қалай аталады?
А) көгенді Ә) суармалы Б) тәлімді
9. Бағалы заттар кімдердің қабірлерінен табылған?
А) қарпайым адамдардың Ә) үстем тап өкілдерінің Б)
құлдардың
10. Қорамсақ деген не?
А) жебе салатын сауыт Ә) садақтың аты Б) ер
тоқымның түрі

Әр топ бір-бірінің тестін тексереді.
Бағалау шкаласы 5-6 – «3», 7-8- «4», 9-10- «5»

IХ. Бағалау парағы арқылы топ жұмыстарын бағалау.

Х.Рефлексия (жетон көтеру арқылы сабақты бағалау)

VІ. Үй тапсырмасы.
1топқа тапсырма.
Қыш ыдыстар, құрбандық шалу діни наным-сенімі туралы, қару-жарақтардың
түрлері, егіншілік құралдары, киім-кешектердің түрлері, киіз үй туралы
деректер жинау (суреттерін салу).
2 топқа тапсырма.
Төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдер жазып келу.
3 топқа тапсырма
Тақырыпқа қатысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын құрастыру.

-----------------------

Ғұндар

Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндар тарихы. ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Сұрақтарға сабақ
тоқсан (18 сағат)
Ғұндар. 5 сынып
Ғұндардың шаруашылығы
6-ші сыныптарға арналған тарих сабағына жоспар
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы жайлы ақпарат
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Үйсін билеушісі
Пәндер