Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тапқыр математик математикалық сайыс

3 сынып оқушыларына арналған
сыныптан тыс іс-шара

Дайындаған: Ж.Т. Жанабекова

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр математик» математикалық сайыс
Мақсаты:
1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық
ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу
дағдыларын жетілдіру.
2) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Дидактикалық, логикалық т.б. тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой
белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, математиктердің портреттері, нақыл сөздер, қима
тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

1-жүргізуші: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Математика тілінде,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген.
2 - жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін естіп тұрып
Оқығанын миға тоқушылар.
Бүгінгі “Тапқыр математик ” сайысымызға
Қош келдіңіздер! (2-еуі бірге)
1слайд

1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әділқазылар алқасы сайланады.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: 2 слайд

І топ: «Тапқыр» тобы
ІІ топ: «Намыс» тобы
ІІІ топ: «Жігер» тобы

1-жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »
- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да,
тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі
сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. 3 слайд

2-жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. 4слайд
1 «Қім жылдам», 2. «Ойлан, тап», 3. «Сандар сыры», 4. «Кім тапқыр»,
5. «Мерген»
І кезең «Кім жылдам» 5 слайд
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам» деген кезеңінен
бастайық.
Әр топқа 5 сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
І топ
1)      Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)
2)      Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша
уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
3)      3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
4) Қырықаяқта неше жұп аяқ бар?
5) Бір ыдыстағы 3 жұмыртқа 9 минут піссе, сол ыдыстағы 1 жұмыртқа неше
минут піседі?
ІІ топ
1)      1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
2)      Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның
салмағы қанша? (3 кг)
3)      Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш
қалады?(5)
4) 1 кг етті пісіру үшін 1 сағат уақыт керек. А л 2 кг етті пісіру үшін
қанша сағат уақыт керек?
5) Үш орындықтың аяғы нешеу?
ІІІ топ
1)      Төрт қойдың неше аяғы бар?
2)      Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары
бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
3)      Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат
ойнады?
4) Бірге жегілген 3 ат 12 км жүрсе, бір ат қанша км жүреді?
5) Он екі айды бір сөзбен айт.

ІІ кезең «Ойлан, тап» 6 слайд
(әр топқа логикалық тапсырмалар беру )
-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
І топқа: 1)«Үй иесі мен ұрылар» 7 слайд
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі
бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі
тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
2) «Күлшеқыз» 8 слайд
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей,
үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс
бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)

ІІ топқа: «Шаштараз » 9 слайд
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана
шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас
екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай
алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы
тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші
шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы
да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
2) « Алдар көсе мен қыз» 10 слайд
Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынындай
жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170кг болды, ал суға жартылай
толтырса 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?»
(570кг, себебі,3170-1870=1300*2=2600 таза судың салмағы 3170-2600=570)

ІІІ топқа: «Екі ауыл» 11 слайд
Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға –Балталы мен Бағаналы
ауылдарына баратын жолдың қашықтықтарын көрсетіп тұр. Бір жолаушы дұрыстап
қарап екі жақтағы да сандардың қосындысы 13 екенін байқады. Енді Балталы
ауылы мен Бағаналы ауылының арқашықтығы қанша екенің тап. (Екі ауылдың
арасы 13 км)
2) «Бір мая шөп» 12 слайд
Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді.
Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)

ІІІ кезең «Сандар сиқыры» 13 слайд
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Алтыншы сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге
көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы
сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1
ұпайдан қосылады
1 топ.
1)      2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
2)      Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3)      Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4)      Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2 топ
1)      Бір тал кессең, он тал ек.
2)      Бес саусақ бірдей емес.
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.

3 топ.
1)  100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
2) Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.
3) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
4) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

ІV кезең «Кім тапқыр» 14 слайд
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
15 слайд
1 тапсырма .Әр топқа таяқшалар таратып тапсырма беру.
2 тапсырма. 3 алманы 4 адамға қалай тең бөлуге болады.
V кезең «Мерген» 16 слайд
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Мерген» кезеңіне де жеттік.
Бейне тапсырма (Олимпиадалық тапсырманы шешу) 17,18 слайд
Үш вазаға 27 қызғалдақ салынған. Бірінші вазадан 5 қызғалдақты алып,
екіншісіне салсақ, ал екінші вазадан 3 қызғалдақты алып үшіншісіне салсақ,
онда барлық вазадағы гүлдер бірдей болады. Әуелде әр вазада қанша
қызғалдақтан болды.(1в.-14қ, 2в.-7қ, 3в.-6қ)

1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

-Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі
сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсе.
Оқушыларды грамотамен марапаттау.
19,20 слайд

.

Ұқсас жұмыстар
Ғылымдардың атасы
Жас математик
Ойнайық та, ойлайық ( сыныптан тыс )
Бір таңбалы сан
Ондықтар тобына
Математикалық сайыс. Брейнг Ринг
Тапқыр математик (сайыс)
Математикалық сөзжұмбақ
"үздік математик" сайысы (3-сыныптар арасында)
Математика және біз. 7 сынып
Пәндер