Оңтүстік Американың оңтүстігінде арал

Батыс Қазақстан обылысы
Тасқала ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектеп
Географиялық диктанттар
жинағы
6-7 сынып
Оқу-әдістемелік құрал
2013 ж
Жұмыстың аталуы : 6-7 сыныптарға арналған «Географиялық диктанттар» жинағы
Құрастырған: Абдрахманова К. С. 1 санатты география пәнінің мұғалімі.
Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектептің жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігі басылымға ұсынады
Рецензенттер:
- Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мендығалиева З. А.
- ӘБ жетекшісі: Бирниязова А. А.
Оқу - әдістемелік құралға география пәні бойынша 6-7 сыныптарға арналған географиялық диктанттар жинағы енгізілген. Оқу - әдістемелік құрал талапкерлердің ҰБТ дайындалуына көмек ретінде ұсынылады. Орта мектеп мұғалімдері диктанттар жинағын оқу барысында оқушы білімін тексеруге пайдалана алады.
Аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінің шешімімен ұсынылды.
Әдістемелік кеңес № отырысында, № хаттама,
2013 жыл.
Мазмұны
Түсініктеме . . . 4 бет
6 сынып
I тарау
Жер туралы географиялық білімінің дамуы . . . 5 бет
II тарау
План және карта . . . 6-7 бет
III тарау
Жер қабықтары . . . 8- 9 бет
IV тарау
Биосфера. Географиялық қабық . . . 10-11 бет
V тарау
Жер бетіндегі адамзат . . . 12-13 бет
7 сынып
I . Кіріспе. Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері. Материктер мен мұхиттардың карталары . . .
I бөлім . Жер планетасы табиғатының басты ерекшеліктері . . .
Литосфера және жер бедері . . .
Атмосфера және климат . . .
Дүниежүзілік мұхит . . .
II бөлім . Материктер мен мұхиттар. Солтүстік жарты шар материктері
Еуразия . . .
Солтүстік Америка . . .
Оңтүстік жарты шар материктері
Оңтүстік Америка . . .
Африка . . .
Аустралия . . .
Тынық мұхит, мұхиттық аралдар . . .
Антарктида . . .
III - бөлім. Жер - біздің ортақ үйіміз . . .
Түсініктеме
Ұсынылып отырған географиялық диктант жұмыстары оқушылардың білімдерін тексерудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың география пәнінен білімдерін тексере отырып, жүйелі білім алуға бағыттайды.
Географиялық диктант жұмыстарын тарауды, тақырыптарды бекітуде пайдаланған тиімді. Диктант сұрақтары оқушының қабылдауына жеңіл, түсінікті. Географиялық диктант жұмыстары оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс жасауға баулиды, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мұғалім диктанттың сұрақтарын нөмірі бойынша оқиды. Оқушы әрбір сұрақтың нөміріне сәйкес жауапты нөмірлеп, жазып отырады, сұрақты жазбайды немесе интерактивтік тақтаға сұрақтарды алдын- ала жазып қоюға болады. Соңынан тақтада алдын- ала жазылып қойылған диктанттың жауаптары ашылып, оқушылар өзін - өзі, немесе жолдасының жауабын тексеріп бағалайды.
Бұл жұмыс түрі аз уақыттың ішінде бір тарауды қамтитын жауап алуға, тарау көлемін сынып оқушылары қалай меңгере алғанын байқауға, жеке оқушының білім сапасын анықтауға жол ашады, әр оқушының жеке жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл жұмыс түрінде баланың алаңдап, бос отыруға мүмкіндігі жоқ, оның назары сұраққа дұрыс әрі тез жауап жазуға, уақытында толық үлгеруге ауады.
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалауда көбіне берілген тапсырманы оқушылардың өздері орындайды, сәтті шыққан тапсырмалар оларды қуантып, оқуға ынтасын арттырады, географиялық диктанттың сұрақтарына нақты жауап бере алады, оқушы өзін- өзі және жолдасының білімін тексеріп бағалап, біліміндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туады. Оқуға берілетін мерзім шектеліп отырса, нәтижелі жауап алуға болады. Тарау көлемі сұрақтар саны ескеріліп, жауап беру сапасы бойынша бағаланады.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың география пәнінен білімдерін жүйелейді, пәнге қызығушылықтарын арттырады, өз бетімен жұмыстануға баулиды.
Кіріспе
Жер туралы географиялық білімінің дамуы
1. Географияның ежелгі дамыған елдері.
2. «География ғылымының атасы».
3. Ұлы географиялық ашулар заманы.
4. XV ғ. алғашқы глобусты ойлап тапқан неміс картографы.
5. Америка жағалауларында тұңғыш жеткен, Орталық Американың аралдарын зерттеген теңіз саяхатшы.
6. Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан португалдық теңіз саяхатшысы.
7. Жаңа дүние Американы ашқан итальяндық теңіз саяхатшысы.
8. 1577 жылы Отты жер аралын, Тынық және Атлант мұхиттарының арасын қосатын бұғазды ашқан.
9. Тұңғыш рет жер шарын айналып шыққан испандық теңіз саяхатшысы.
10. Аустралия, Жаңа Зеландия жағалауын зерттеген ағылшын теңіз саяхатшысы.
11. Солтүстік полюсті ашқан саяхатшы.
12. Оңтүстік полюсті ашқан норвег саяхатшыcы.
13. Антарктида материгін ашқан орыс саяхатшылары.
14. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы.
15. Орта Азиядағы Тянь- Шань тауларын зерттеген экспедицияны басқарған орыс саяхатшысы.
Жауаптың нұсқалары:
1. Васко да Гама (1469-1524 жж. )
2. Френсис Дрейк
3. Грекия, Рим
4. Эратосфен (б. з. б. 276-194 жж. )
5. XV ғасыр соңы мен XVII ғасыр ортасы
6. 1911 ж. Руал Амундсен
7. Мартин Бехайм
8. П. П. Семенов (1827-1914жж. )
9. 1492ж. Христофор Колумб (1451-1506 жж. )
10. Фернан Магеллан (1480-1521жж. )
11. Америго Веспучи (1451-1512 жж. )
12. Ф. Белинсгаузен, М. Лазарев
13. Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж. )
14. Джеймс Кук (1728-1779 жж. )
15. 1909 ж. Роберт Пири
Дұрыс жауабы: 1-3; 2- 4; 3-5; 4- 7; 5-9; 6-1; 7-11; 8-2;
9- 10 ; 10- 14; 11- 15 ; 12-6; 13- 12; 14-13; 15- 8 .
II тарау
План және карта
1 Жергілікті жерде көкжиек тұстарын ажырату.
2. Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
3. 0 0 азимут қандай көкжиек тұсы.
4. 270 0 азимут қандай көкжиек тұсы.
5. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.
6. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы.
7. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.
8. Жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа нүктеден айырмасы.
9. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.
10. Картадағы абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
11. Ең ұзын параллель.
12. Жер бетіндегі солтүстік пен оңтүстік полюстерді бастыра жүргізілген шеңберлер.
13. Меридиандарға кесе - көлденең жүргізілген шеңберлер.
14. Жер бетіндегі географиялық ендік пен бойлықтан тұратын нүкте.
15. Жер бетінің белгілі бір масштабқа сәйкес кішірейтіліп, шартты белгілермен жазықтықтағы сызбасы.
Жауаптың нұсқалары:
1. Солтүстік
2. Батыс
3. Бағдарлау
4. Масштаб
5. Азимут
6. Салыстырмалы биіктік
7. План
8. Абсолюттік биіктік
9. Горизонтальдар
10. Деңгейлегіш
11. Географиялық карта
12. Экватор
13. Географиялық координаталар
14. Параллельдер
15. Меридиандар
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-5; 3-1; 4-2; 5-4; 6-7; 7-8; 8-6; 9-10; 10-9; 11-12; 12-15; 13-14; 14-13; 15-11.
Жер қабықтары
Литосфера
1. Жердің ең сыртқы қабаты.
2. Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты.
3. Жер қыртысынан шамамен 2900 км тереңдікке дейінгі қабат.
4. Жердің ең орталық өзегі.
5. Тау жыныстарын құрайтын заттар.
6. Мұхиттардың түбінде ұзыннан- ұзақ созылып жататын су асты тау жоталары.
7. Жердің терең қойнауында жоғарғы температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат.
8. Жер қойнауындағы ығысулар мен ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалысы.
9. Жер сілкіну ошағының дәл үстінде жатқан жер бетіндегі нүкте.
10. Жердің терең қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.
11. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып, төгілген отты қоймалжың зат.
12. Жанартау атылғаннан кейін төбесінде пайда болатын ұңғы.
13. Мезгіл- мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар.
14. Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі.
15. Жалғаса тізіліп жатқан таулар.
16. Тау жыныстарының ауа, ылғал және тірі организмдер әсерінен бұзылуы .
17. Абсолюттік биіктігі 200 м- ден аспайтын жазық.
18. Абсолюттік биіктігі 200 м - ден 500 м - ге дейінгі жазықтар.
19. 500м - ден астам биіктіктегі жазықтар.
20. Мұхиттағы тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал.
Жауаптың нұсқалары:
1. Мұхит ортасы жоталары
2. Минерал
3. Литосфера
4. Жер қыртысы
5. Мантия
6. Ядро
7. Үгілу
8. Магма
9. Кратер
10. Жер сілкінісі
11. Гейзер
12. Жер сілкінудің эпицентрі
13. Тау
14. Лава
15. Ойпат
16. Жер сілкіну ошағы
17. Тау жотасы
18. Эхолот
19. Қырат
20. Таулы үстірт
Дұрыс жауабы: 1-4; 2-3; 3-5; 4-6; 5-2; 6-1; 7-8; 8-10; 9-12; 10-16;
11-14; 12-9; 13-11; 14-13; 15-17; 16-7; 17-15; 18-19; 19-20; 20-18.
Атмосфера
- Жер шарын жан- жағынан қоршаған ауа қабығы.
- Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ.
- Атмосфера қабаттары.
- Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.
- Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.
- Тәулік ішінде ең жоғарғы ең төменгі температуралар айырмашылығы.
- 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері.
- Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы.
- Ауаның жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының жинақталуы.
- Жер бетінен біраз биікте атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.
- Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал.
- Атмосферадағы 50- 55 км биіктіктегі қабат.
- Ауаның жер бетінде горизонталь бағытта қозғалуы.
- Тәулігіне бағытын 2 рет ауыстыратын жел.
- Жылына бағытын 2 рет ауыстыратын жел.
- Атмосфераның қысқа мерзімдегі жай- күйі.
- Тропосфераның бір - бірінен температурасы, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері .
- Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай- күйі.
- Жер шарындағы 23, 5 солтүстік пен оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер.
- Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым.
Жауаптың нұсқалары:
1. Температураның тәуліктік амплитудасы
2. Барометр
3. Конденсация
4. Атмосфера
5. Атмосфералық қысым
6. Азот
7. Бұлт
8. Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
9. Абсолюттік ылғалдылық
10. Тұман
11. Тропиктер
12. Муссон
13. Гигрометр
14. Климат
15. Стратосфера
16. Бриз
17. Метеорология
18. Ауа - райы
19. Жел
20. Ауа массалары
Дұрыс жауабы: 1-4; 2-6; 3-8; 4-5; 5-2; 6-1; 7-9; 8-3; 9-10; 10-7; 11-13; 12-15; 13-19; 14-16; 15-12; 16-18; 17-20; 18-14; 19-11; 20-17.
Гидросфера
- Жердің су қабығы.
- Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит.
- Дүниежүзілік мұхит бөліктері.
- Мұхит суының тұздылығының өлшем бірлігі.
- Теңіздің түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын.
- Мұхит пен теңіз суының зор көлемде бір жерден екінші жерге ауысып тұруы.
- Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма.
- Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі кең, ұзын ойыс .
- Өзеннің өзенге, көлге теңізге, құятын жері.
- Өзеннің барлық салаларымен жиынтығы.
- Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі.
- Жер шарындағы ең биік сарқырама.
- Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
- Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс.
- Дүние жүзіндегі ең ірі көл.
- Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.
- Жердің терең қабатындағы қысымды су.
- Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы.
- Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін мұзтаулар.
- Жасанды су қоймасы.
Жауаптың нұсқалары:
1. Тынық мұхиты
2. Саға
3. Гидросфера
4. Цунами
5. Мұхит ағысы
6. Өзен аңғары
7. Промилле
8. Мариан шұңғымасы
9. Анхель сарқырамасы 1054 м
10. Көл
11. Тасқын
12. Өзен жүйесі
13. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
14. Минералды су
15. Артезиан суы
16. Бөген
17. Айсберг
18. Өзен алабы
19. Каспий теңізі
20. Жер асты сулары
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-1; 3-13; 4-7; 5-4; 6-5; 7-8; 8-6; 9-2; 10-12; 11-18; 12-9;
13- 11; 14-10; 15-19; 16-20; 17-15; 18-14; 19-17; 20-16.
VI тарау
Биосфера
Географиялық қабық
- Тіршілік қабығы.
- Жер бетіндегі табиғат жағдайлары бірдей ортаны мекендейтін организмдер жиынтығы.
- Атмосфера, гидросфера және литосфераның тоғысып, бір - біріне әсер етуінің нәтижесінде түзілген жердің ерекше қабығы.
- Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі.
- Географиялық қабықтың ендік бойымен созылып жататын ірі бөлігі.
- Климат жағдайлары, топырақ пен өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі бірдей ендік.
- Негізгі географиялық белдеулер.
- Жазда да, қыстада температура үнемі жоғары, жыл мезгілдері байқалмайтын табиғат белдеуі.
- Дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона.
- Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты орманы.
- Әр жерінде шоқ- шоқ немесе жеке ағаш пен бұта кездесетін шөп басқан алқап.
- Мүк пен қына, бұта өсетін, мұз басып жатқан зона.
- Таулардағы табиғат кешенінің алмасуы.
- Бір- бірімен өзара тығыз байланысты табиғат компоненттерінің біртұтас жүйесі.
- Организм мен қоршаған ортаның қарым - қатынасын зерттейтін ғылым.
Жауаптың нұсқалары:
1. Географиялық қабық
2. Тайга
3. Биосфера
4. Географиялық зона
5. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, поляр белдеулер
6. Табиғат компоненті
7. Экваторлық белдеу
8. Биоценоз
9. Тундра
10. Географиялық белдеу
11. Табиғат кешені
12. Шөлейт зонасы
13. Экология
14. Саванна
15. Биіктік белдеу
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-8; 3-1; 4-6; 5-10; 6-4; 7-5; 8-7;
9-12; 10-2; 11-14; 12-9; 13-15; 14-11; 15-13.
VII тарау
Жер бетіндегі адамзат
1. Халықтың санының өсуі туралы ғылым.
2. Жер бетіндегі халық саны.
3. Халық санын реттеу мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы.
4. Тұрғылықты халқы жоқ материк.
5. Ең халқы көп мемлекет.
6. Жер бетіндегі нәсілдер саны.
7. Мемлекеттердің Жер шарындағы орны мен шекарасын көрсететін карта.
8. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 1 орын алатын мемлекет.
9. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 2 орын алатын мемлекет.
10. Қазақстан Республикасы орналасқан материк.
11. Қазақстанның жер көлемі.
12. Қазастан Республикасының халқының саны.
13. Елдің астанасы Алматыдан Астана қаласына көшірілген жылы.
14. Ақмола қаласының Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып аталған жылы.
15. Қазақстандағы облыс саны.
Жауаптың нұсқалары:
- Демографиялық саясат
- 2, 7 млн км 2
- Антарктида
- 16, 3 млн адам (2009)
- Канада
- Демография
- 14 облыс
- Саяси карта
- 7 млрд
- 1998 ж. 6 мамыр
- Ресей Федерациясы
- 1997 ж. 10 желтоқсан
- Еуразия
- Қытай ( 1 млрд. 300 млн . )
- Еуропоидтық, монғолоидтық, негроидтық
Дұрыс жауабы: 1-6; 2-9; 3-1; 4-3; 5-14; 6-15; 7- 8; 8-11; 9-5; 10-13;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz