3-сынып ана тілі сабағы: Оралхан Бөкей Апамның астауы - сабақ жоспары

Ана тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Апамның астауы»

Сабақтың мақсаты :

а) Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты мәтінін оқып, түсінік беру. Мәтінге талдау жүргізе отырып автордың негізгі ойын анықтау.

ә) Әңгіме желісіне орай оқушыларды ананы құрметтеуге, еңбекқор болуға, ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу.

б) Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қаблетін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, СТО әдістері (топтастыру, әңгіме кестесі)

Пәнаралық байланыс :Еңбекке баулу, бейнелеу, дүниетану, музыка

Сабақ көрнекілігі :Оқулық, тақта, дәптер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгелдеу.

2. Сабаққа назар аударту.

3. Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сыныпты топқа бөлу. «Оқу», «Өнер», «Жазу» орталықтары.
  2. Шығарма оқу. «Ана тілім -тірлігімнің айғағы»
  3. Ана тіліне қатысты мақал-мәтелдер айту.

ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

«Туған өлкем-тұғырым» тарауы бойынша сұрақ-жауап арқылы сөзжұмбақ шешу. Шешуі: Апамның астауы.

ІҮ. Қызығушылықты ояту.

1. Бұл қандай ыдыстар? (Көне ыдыстарды атау) Оларға түсінік беру.

Ү. Жаңа сабақ.

  1. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.
  2. Мәтінбойынша түсіндіру, мазмұндау.
  1. Мәтінді кезектесіп оқыту.
  2. Түсінбеген сөздермен жұмыс.
  3. Дәптермен жұмыс.
  4. Мінездеу деген сөзге түсінік беру.

ҮІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

Топтарға сұрақтар беру.

1. «Оқу» орталығы:Автор өзінің балалық шағын қалай әңгімелегенін мәтіннен

тауып оқу.

Жазушы өз апасын қалай мінездегенін тауып оқу.

2. «Жазу» орталығы: Қандай сызбасын толтыру.

«Әңгіме кестесін» толтыру.

3. «Өнер» орталығы: Астаудың суретін салып, ермексазбен жасап көрсету.

«Дана әжем» әнін орындату.

ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

1. Әңгімені оқып отырып Ананы көз алдыңа қалай елестеттің?

2. Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің?(хат жазу)

3. Ана туралы бір шумақ өлең құрастыру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Өз апаларыңа немесе әжелеріңе мінездеме жазу.

ІХ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған Оралхан Бөкейдің Апамның астауы мәтіні бойынша сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен сабақ жоспары
Оралхан Бөкей шығармашылығы мен Қайдасың, қасқа құлыным повесін талқылау конференциясы
7-сынып қазақ әдебиеті: Оралхан Бөкей өмірі мен Тортай мінер ақ боз ат әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Оралхан Бөкей: Алтайдың асыл жыршысы - танысу кеші мен ашық сабақтың әдістемелік сипаттамасы
Фразеологизмдер мен синонимдер бойынша ашық сабақ және Оралхан Бөкей әңгімесіне арналған музыкалық-әдеби кештің жоспары
Оралхан Бөкейдің мерейтойына арналған сынып сағаты: өмірі мен шығармашылығы
3-сынып ана тілі сабағы: Көжек ертегісін оқытуға арналған сабақ жоспары
Алтайдың Кербұғысы - №1 орта мектебінің 9-сынып оқушылары арасында Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған әдеби-танымдық сайыс (Жезқазған, 2012)
3-сынып ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Жаз өлеңіне арналған сабақ жоспары
3-сынып ана тілі сабағы: Ғ. Мүсірепов Көлде мәтіні бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz