10-сынып: Орнында және қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу тәсілдері және жауап беру

«Бекітемін»

мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы. Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (10 сыныптағы сабақты қайталау)
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.
  3. Уақыты:45 минут.
  4. Өткізілетін орны:Саптық алаң.
  5. Өткізілетін күні:
  6. Көрнекілік құралдар:Саптық стенд, АӘД оқулығы.
  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут.

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?
  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

б) Негізгі бөлім - 25 мин.

.

Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу - сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

  • бірінші тәсіл- дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
  • екінші тәсіл- қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
  • Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және

бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

Бас киіммен тұрғанда - аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
  • Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
  • Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
  • Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
Бір орында және қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу және оған жауап беру
Алғашқы әскери дайындық: орнында және қозғалыстағы бұрылыстар, саптық және жорықтық адым
10 сыныпқа арналған әскери топография сабағы: Азимут бойынша қозғалыс
Бастапқы әскери даярлық: орнында бұрылу, саптық тұрыс және қатарларды қайта құру сабақ жоспары
Бастапқы әскери дайындық: Калашников автоматынан атуға оңтайлану, оқтау және атыс тәсілдері (10 сынып)
Бір қатарлы және екі қатарлы сапқа қайта сап құру әрі қозғалыстағы әскери сәлемдесу
10-сынып: Орында тұрғандағы бұрылыстар, саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
10-сыныптың әскери дайындығы: атыс жүйесі, топографиялық карта, жалпы әскери қорғаныш толымы және қарауылдық қызмет
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау: жалпы әскери қорғаныш толымын қолдану және кию-алу тәсілдері
8-сынып: Волейбол - допты астынан қабылдау және беру тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz