Дәрілік өсімдіктер жайлы

«М. Горький атындағы орта мектеп» ММ-сі
Кіріктірілген сабақ
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер тақырыбын оқытуда WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалану.
7 «А» класс
Мұғалімдер: Сапаева Назым Даулетхановна
Бидашева Альмира Толеухановна
Мекен жайы: ШҚО, Үржар ауданы
Үржар ауылы
Панкратова 14
тел: 2 - 12 - 55
e-mail: Nazym. Sapaeva@rambler. ru
Тақырып: Дәрілік өсімдіктер тақырыбын оқытуда WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалану.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Биология, информатика
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап, зертханалық, иллюстрациялық, түсіндірмелі- практикалық, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Кеппешөп, Үржар ауданының дәрілік өсімдіктерінің сұлбасы, слайд.
Сабақтың мақсаты: Биология сабағын информатика сабағымен біріктіре отырып, дәрілік өсімдіктерді оқытып үйретуде мәтіндік редактордың көмегімен тапсырмалар орындау.
Оқушылар үшін әлемнің біртұтастығы, пәндердің байланыстылығы жайлы ұғымды қалыптастыру.
Туған жерге, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру;
Дәрілік өсімдіктердің күннен-күнге жойылып бара жатқанын ұмытпау керек!
Өткізілген уақыты: 04. 03. 2009ж.
Пәндер: Биология, информатика
Класс: 7 «А»
Уақыты: 3 сабақ
Мұғалімдер: Бидашева Альмира Толеухановна І санатты биология пәнінің мұғалімі.
Сапаева Назым Даулетхановна ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру сәті.
Сабақ бойы класты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа даярлығы, тәртіп.
Оқушылармен амандасып, оқушыларды кезекшінің көмегімен түгендеу.
Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.
Мақсаты: 1. Дәрілік өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын, қызметін, қолданылуын анықтай білу. Үржар ауданында кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы ізденуі, халық медицицинасында қолданылуы.
2. Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы жинаған мағлұматтарын WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып шағын кітапша жасау;
Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып биология пәнінің тапсырмаларын орындау;
Тест тапсырмасын VipTest тестілеу бағдарламасының көмегімен орындау.
Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстыру.
ІІ Жаңа тақырыпты меңгеру.
- Дәрілік өсімдікке жалпы сипаттама.
- Дәрілік өсімдікті қолданылуына топтастыру.
- Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктерге сипаттама.
- Оқушылардың дәрілік өсімдіктер жайлы жинаған мағлұматтарын WordPad мәтіндік редакторында жазу, көркемдеу.
- Сәйкестендіру тесті.
- Венн диаграммасы.
- Зертханалық жұмыс.
- Жұмбақ шешу.
- VipTest тестілеу бағдарламасының көмегімен тест шешу.
- Бағалау парағымен оқушылардың білімін бағалау.
ІІ Жаңа білімді игеру.
IV Жаңа сабақты бекіту.
VI Оқушылардың білімін бағалау.
VII Үйге тапсырма
Биология мұғалімі: Дәрілік өсімдік деп қандай өсімдікті атаймыз?
Қазақстанда 6000-нан астам өсімдіктің түрлері болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.
Дәрілік өсімдіктерді қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
Дәрілік шөптерден жүрек ауруын емдейтін дәрінің 78 %, ішек қарын, бауыр 75%, жатыр жыныс мүшелері ауруларының 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тиятын дәрілердің 65% жасалады.
Үржар ауданында дәрілік өсімдіктің 450 түрі кездеседі. Біздің мектептің оқушылары «Ізденімпаздар» тобын құрып, Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктер жайлы мағлұмат жинақтап дәрілік өсімдіктердің таралуы жөнінде сұлба жасады, кесте құрды. «Әсер - ал» деген серіктестікпен кездесу жүргізіп, олардың шығаратын дәрілік шөптерінің түрімен, қолданылуымен танысты. Мектеп үлескісінде де Үржарда кездесетін дәрілік өсімдіктердің кейбір түрлері өсіріледі және оны оқушылар бақылап отырады.
Сұрақ: Үржарда өсетін қандай дәрілік өсімдіктердің түрлерін білесіңдер? Әрбір оқушыға жекеленген дәрілік өсімдік туралы мағлұмат дайындау тапсырылған.
Информатика мұғалімі: Тапсырма №1. Барлығымыз WordPad мәтіндік редакторын іске қосамыз. Әр оқушы өзіне тапсырылған дәрілік өсімдіктің суретін Жұмыс үстелінде орналасқан «Дәрілік өсімдіктер» атты папкадан тауып алып, алмасу буфері арқылы суретті мәтіндік редактор терезесіне орналастырамыз. Өсімдік жайлы мағлұматты мәтіндік редактордың көмегімен тереміз.
Биология мұғалімі: Әр оқушы өзінің өсімдігі жайлы мағлұмат беріп, Үржардың дәрілік өсімдіктер сұлбасынан көрсетуі қажет.
Информатика мұғалімі: Дәрілік өсімдіктер жайлы алған білімдерді информатика пәнімен ұштастырып мына сәйкестендіру тестін орындаймыз. Тапсырманы орындау үшін жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан Тапсырма. xls файлын ашып, Сәйкес тесті бетін ашып, енгізу ұяшығына дәрілік өсімдікті қолданылуына тиісті 1, 2, …, 8 цифрды жаз.
/Тапсырма №2. Сәйкестендіру тесті. Microsoft Excel электрондық кестесінде дайындалған/
Биология мұғалімі: Венн диаграммасына екі өсімдікті салыстыр. (Бақ-бақ, итмұрын) ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Информатика мұғалімі: Жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан Венн диаграмма көрмесін ашамыз. Маустың оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Указатель⭢Фломастер тізбегін орындап, жауабын жазамыз. Тапсырма толығымен орындалғанда маустың оң жақ батырмасын басып, контекстік менюден Завершить показ слайдов командасын таңдап, қолмен жазылған ескертуді сақтаймыз.
Бақ-бақ Ұқсастығы Итмұрын
Биология мұғалімі: Зертханалық жұмыс. Дәрілік өсімдіктерді анықтап, танып білу.
Тапсырма: Дәрілік өсімдіктердің бір топ кеппе шөбін алып, жапырағын, сабағын, тамырын, бір-бірімен салыстыру және оларды ажырата білу. Қай тұқымдасқа жататынын анықтау.
Кеппешөпті пайдалана отырып, семантикалық карта құру.
Информатика мұғалімі: Тапсырма №3. /Microsoft Excel электрондық кестесінде дайындалған/
Бұл тапсырманы орындау үшін жұмыс үстелінде орналасқан Биология-информатика папкасынан Тапсырма. xls файлын ашып, семантикалық карта бетін ашып, өсімдіктің дұрыс сипатталуын «*» таңбасымен белгіле.
Биология мұғалімі: Жұмбақ шешу.
Өзіне шап-шақ
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.
Сұрақ: Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін қандай ережелерді білген жөн?
Тест.
Информатика мұғалімі: Жаңа сабақты бекіту үшін тест тапсырмасын орындаймыз. Жұмыс үстелінде VipTest тестілеу бағдарламасын іске қосамыз. Биология пәнін таңдап, сұрақтардың дұрыс нұсқасын сәйкесінше белгілеңдер.
1. Шипалы бұта
- Құртқашаш
- Итмұрын
- Лиана
- Қарандыз
2. Дәрілік өсімдікпен емдеу ғылымы . . .
- Экология
- Физиология
- Фитотерапия
- Герпетология
3. Үржар ауданында қанша дәрілік өсімдіктің түрі кездеседі?
- 500
- 580
- 200
- 450
4. Паразит құрттарды түсіретін өсімдік
- Пия
- Қарақат
- Сарымсақ
- Қызанақ
5. Қант диабеті ауруында қолданатын өсімдік
- Қандыағаш
- Қаражидек
- Жералмұрты
- Арамшытыр
6. Қызыл кітапқа енген дәрілік өсімдік
- Бөденешөп
- Кәріқыз
- Бойқалақай
- Алтын тамыр
7. Дәрілік өсімдіктің қай мүшесі емдік мақсатта қолданылады?
- Тамыр
- Сабақ
- Жеміс
- Емдік қасиеті бар барлық мүшесі
8. Дәрілік өсімдікті қалай кептіру керек?
- Күнге
- Көлеңкеге
- Ылғалға
- Суыққа
9. Құрамында С дәрумені бар өсімдік
- Орамжапырақ
- Пияз
- Қияр
- Шомыр
10. Шпинат қай тұқымдасқа жатады?
- Алабота
- Құлқайыр
- Күрделігүл
- Көкнәр
Биология мұғалімі: Алдарыңдағы жауап парағына белгілеген әрбір тапсырманың ұпайын қосып, жалпы ұпайды шығару.
Бағалау көрсеткіші
49 - 44 - «5»
44 - 38 - «4»
38 - 32 - «3»
31 - төмен - «2»
Бағалау парағының көрсеткіші бойынша оқушылар биология және информатика пәнінен бағаланды.
Тапсырма: Дәрілік өсімдіктер жайлы қосымша материал жинақтау. Дәрілік өсімдіктер жайлы мақал-мәтел жазып келу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz