Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зымыранды сұрақтар

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі
Сереева Рысты-Жанагуль.
Іс-шараның тақырыбы: «Білгір химик»
Мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін тексеру,логикалық есептерді шығару қабілетін
бақылау
• Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту
• Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу
Типі:білімдік шара
Түрі:сайыс
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.
Барысы:
1.Зымыранды сұрақтар
2.Есептер додасы
3.Жұмбақ ыдыстар
4.Көрермендер көрімдігі
5.Тікелей сұрақтар
6.Ғажайып шеңбер
«Білгір химик»сайысы.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия
ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық
құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің
жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 сыныптар арасында
өткізілгелі отырған«Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.
1. 8«а»кл«Тапқырлар»
2. 8«ә»кл«Ойшылдар»
3. 8«б»кл«Алғырлар»
Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Г.Дөңесова биология пәнінің мұғалімі.
2.Ғ.Кенжалиева биология пәнінің мұғалімі
3.Э.Сыдықова химия пәнінің мұғалімі.
Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың
кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:
1.Зымыранды сұрақтар
2.Есептер додасы
3.Жұмбақ ыдыстар
4.Көрермендер көрімдігі
5.Тікелей сұрақтар
6.Ғажайып шеңбер
Жүргізуші:Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл
турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.
«Тапқырлар»тобының сұрақтары:
1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?
2.Коэффицент нені көрсетеді?
3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді?
4.Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?
5.Капсула дегеніміз не?
6.Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?
7.Жану реакциясы кезінде не байқалады?
8.Мыстың латынша атауы?
9.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі?
10.Кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?
«Ойшылдар» тобының сұрақтары:
1.Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?
2.Индекс нені білдіреді?
3.Натрий неше валентті?
4.Екі элементтің біреуі оттегі болатын заттар?
5.Атомдардың белгілі бір түрі?
6.Ауада оттек неше пайыз?
7.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?
8.Оттектің латынша атауы?
9.Отынның жануы қандай құбылыс?
10.Қышқылдармен де,сілтілермен де әрекеттесетін негіздер?
«Алғырлар» тобының сұрақтары:
1.Тұздар қалай жіктеледі?
2.Темір қандай валенттілік көрсетеді?
3.Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?
4.Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым?
5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
6.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы?
7.Сутектің латынша атауы?
8.Суда еритін негіздер қалай аталады?
9.Зат массасының сақталу заңын кім ашты?
10.Қышқылдарда өздерінің түсін өзгертетін заттар?
Жүргізуші:Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз
кезегін әділ-қазы алқасымен берсек.
Әділ-қазы сөзі:------------
Жүргізуші:Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз бойланып,
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр
Есеп шешер кезегіде келіп тұр,-деп есептер додасы
турына кезек береміз.Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам,әр топ
тақырып таңдайды.Әр тақырып төңрегінде 10,20,30ұпайлық есептер
жасырылған.Тақырыпты ұпайы көп топ таңдайды.

Жүргізуші:Рахмет,топтарымыздың ұпай санын анықтау үшін сөз кезегін әділ-
қазыларға береміз.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі кезегі «Жұмбақ ыдыстар »деп аталмақ.Мұнда
ұпайы аз топ берілген ыдыстың бірін таңдап,онда жасырылған жұмбақтың шешуін
табады.Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

Жүргізуші:Сайысымыздың келесі туры «Көрермендер көрімдігі»
деп аталмақ.Мұнда сайысымызды тамашалап отырған көрермен қауымға сұрақтар
қойылады.Дұрыс жауап үшін арнайы сыйлығымыз бар!
1.Қаның құрамына кіретін металл?
2.Ас тұзының химиялық аталуы?
3.Адам асқазанындағы қышқыл?
4.Фосфор қышқылының оқылуы?
5.Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен «тіс жегі» пайда болады?
Жүргізуші: Рахмет,сайысымыздың алғашқы кезеңінде айтып кеткендей төртінші
турдан кейін ұпайы аз топ ойынан шығарылады.Енді ұпай санын анықтау үшін
әділ-қазы алқалары сөз кезегіөздеріңізде.
Жүргізуші:Ал,оқушы балалар,
Ойланып бір көріңдер,
Сендерге сұрақ беремін,
Толғанып жауап беріңдер,-деп келесі турымыз « Тікелей
сұрақтарға» көшеміз.Бұл турда ұпайы аз топ сұрақтарға бірінші болып жауап
береді.Ұпайы20.

Жүргізуші:Рахмет,топтарымыздың ұпай санын анықтау үшін сөз кезегін әділ-
қазыларға береміз.
Сайысымыздың келесі кезегі «Ғажайып шеңбер»деп аталмақ.Мұнда әр топ 2 минут
ішінде мына шеңберден элемент аттарын құрастыру керек.Қай топ көп элемент
аттарын тапса,сол топқа10ұпай беріледі.

Жүргізуші:Білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға
береміз.

Жүргізуші:Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен
сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Плутон ғаламшары
"байқоңыр" е.ерботин 1 сынып
Қуат
Тамаша балалар
Мамандықтың бәрі жақсы Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру
Қазір ғарышты қалай зерттейді
Мамандық сөзінің орыс тілі және ағылшын тілінің аудармасын сұрау
Элементтер – химия негізі
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту
<<өрт - тілсіз жау>>
Пәндер