Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Таным үрдістері
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
жолдары.
Оспанова
Гүлнар Айжарыққызы
Биология-химия пәні мұғалімі
Атырау
облысы, Индер ауданы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің
қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер
білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы
ең басты міндет.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы
азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш – қуатын жетілдіру, жеке
тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау
міндеті көзделген.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға
итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса,
мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін
мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай
болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім
қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім
бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде
мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату
мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр.
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық
бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын
көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар
мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға
сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста
оқыту жатады. Қызығушылық деп - оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір
заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар
оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз
бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын
көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын
арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі
оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін
анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді.
Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың
жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын
шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек.
Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар
оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа
деген ынтасын жоғалтуының себебі болады.
Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: мұғалімді
тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық
тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық
үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу.
Аталған процестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен
жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда
жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді.
Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз - ол ойлау қабілетін
белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек берілген
танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол
тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға
деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру казіргі заманғы мектептің басты
талабы.
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек
емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың
маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы
тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр
сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін
мыналарды ескеру қажет:
- Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.
- Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
- Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру
- Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
- Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру
- Мәселелік жағдаятты туғызу.
- Әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу
- Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету
Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде
биология пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту
мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп
оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі табиғатты, сыртқы
ортаны, жалпы тіршілікті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де
шешілетіні белгілі.
Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін,
заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен
іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте
түседі.
Биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіу-
білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді
ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір
түйіндеуге үйретеді.
Таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті
арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде
түрліше әсерге бөленеді.
Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді
қамтиды:
1. Биология пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тіршіліктің
қағидаларын басшылыққа ала отырып,сабақтың білімдік мақсатымен
қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны
сыртқы орта мен тірі ағзаның арасындағы байланыстылықты түсінуге,
табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді.
2. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере
отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез - келген ақпаратты
қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру
табиғатқа бақылау жүргізе білуімен байланысты. Берілген тақырып
ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу
оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге
жетелейді.
3. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз
байланысты бола келіп, одан әсер алатын күнделікті қоғамдық
өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен
жалғасып, баланың ой-өрісін, сана- сезімін кеңейтеді.
Оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.
Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен
ажыратқысыз. Оқушының таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін
сипаттайды. Ал басқа қабілет-қасиеттері іс-әрекет барысында
айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаса белсенділік те
өркен жая алмайды.
Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейілінше
дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау
салады. Мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде
пайдаланудың жолын кеңейтеді.
Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу
саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу
жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі
жатады.
Таным үрдісі - өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған
байланысты. Таным белсенділігін арттыруда биология пәнінің қосар үлесі
ерекше. Ал, оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты
проблемалық оқыту.
Іздену – оқу – таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс -
әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал
одан проблема шешіледі.
Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты – оқушылардың таным
белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда
арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру. Жеке оқушының таным
белсенділігін арттыра түсуге болады. Нәтижесінде:
1.Оқушылардың таным деңгейі кеңейе түседі.
2.Оларға қиын, түсініксіз болып көрінетін тақырыптың өзіне бейімділік
белсенділігі артады.
3.Оқушылардың бойында «Басқа сыныптасымнан кеммін бе, мен де
оқиын» деген сияқты намыс белсенділігі артады.
Оқушылардың таным бесенділігін арттырудағы өз дәрежесінде жабдықталған
кабинеттік жүйенің әсері мол. Кабинетте оқушылар да, мұғалімдер де өз жұмыс
орнына қалыптасады. Мұғалім жұмыс жүргізуге қажетті құрал – жабдықтарды
жинақтайды, оны оқушылар алдында дұрыс дәресінде көрсете білуге
дағдыланады.
Білім берудің негізгі сатысында биологияны оқытудың мақсаты –
тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған,
сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дара тұлға даярлауға
мүмкіндік туғызу.
Биология пәнін оқытуда оқушының жан – жақты жұмыс істеу
мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес,
жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер
меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық
сауаттылық талап етіледі.
Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде
екі іс - әрекет тобын бөліп шығарады.
- оқушының мұғаліммен бірге араласа отырып орындаған әрекеті;
- оқушының дербес іс - әрекет элементтері.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай оқыту үрдісін жүзеге
асыру мүмкін емес.
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп
ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.
Менің ойымша сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.
Олар:
- сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау;
- тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс – тәсілдерін түрлендіріп отыру;
- қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп алу;
- дидактикалы, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа
сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;
- сабақта алдыңғы қатарлы озық іс–тәжірибелер мен жаңа технологияларды
пайдалану.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінің интерактивті әдіс – тәсілдері өте көп.
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі
болған оқыту әдіс – тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, нақтылы жағдайға
орай ең тиімдісін таңдап алу және оларды түрлендіре үйлесімді, әрі
шығармашылықпен қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Биология сабағында мен тақырып сайын оқушылармен түрлі шығармашылық
жұмыстарды өз шеберлігіме қарай ұйымдастырып, түрлендіріп отырамын. Өзімнің
тәжірибемде әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда және рухани –
адамгершілік тәрбиені нығайту мақсатында өткізілген сабақтарымды ұсынғым
келеді.
Биология сабағында әр тақырып сайын оқушылармен түрлі шығармашылық
жұмыстарды өз шеберлігіме қарай ұйымдастырып, түрлендіріп, өткізуге
жұмыстанамын. Өзімнің тәжірибемде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда осы
сабақтарымдағы жеткен нәтижем:
- оқушылардың тақырыпты оқуға және пәнге ұмтылысы артады;
- оқу процесінің сапасы, оқу үлгерімі жоғарлайды;
- оқушыларды сабақ кезінде және сабақтан тыс жан – жақты ізденуге
үйретеді;
- оқушы өзін - өзі тану жолы арқылы табиғаттың, сыртқы ортаның
мүмкіндіктерін жақсы түсінеді;
- оқушы білім алу жолында өз бетінше жан – жақты терең жұмыс істеуге
талпынады;
- зерттелетін объектіні биологиялық ғылыми әдістерді пайдалана отырып,
оны дәл анықтау жолын ізденуге үйренеді.
Әрбір сабақ - мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты
оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен
техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми
тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін
дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін,
ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа
технология әдістерін тиімді пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай
алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін, бала жанының бағбаны –
мұғалім. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру
– табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» - дейді,
Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын
жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда
озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты
түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да
мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым
мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.
ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты
назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты
мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай
болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі
жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз.
-----------------------
Сезіну
Ойлау
Құлшыну
Қабылдау
Таным үрдістері
Өзіндік пікір түю
Есте сақтау
Мұғалім алдындағы міндеттер
Оқушының өз бетімен ізденуін ұштау
Сапалы теориялық білім бббббберунегіздерінбеқалыптастыру
Ұлттық дүниетанымға негізделген тәрбие беруб

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz