Есептерді шешу әдістері

Мазмұны:

І. Кіріспе

1. Тақырыптың өзектілігі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тақырыптың ғылыми - әдістемелік негізі
  2. Тақырыптың жаңашылдығымен практикалық құндылығы
  3. Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы;

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Физика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білуге үйрету.

Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :

1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау

2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру

3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
  • игерілген білімді тасымалдай білуі;
  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;

Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ-синтез.

II. Негізгі бөлім

2. 1 . Тақырыптың ғылыми - әдістемелік негізі:

Білім беру саласында қол жетілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Экономикалық ынтымақтастық және даму үйымы жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасырдың моделі болып табылады. Бұл жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі түйінді құзыреттерді сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімдері мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы - қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.

Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың оқушылардың өздеріде оқу үрдісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдірісіне толыққанды қатысу үшін қалай оқу керектігін білуі керек. Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонмен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.

2. 2. Жаңашылдығы мен практикалық құндылығы:

Физика сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстар алуын қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Физика пәні күрделі екеніне ешкімніңде дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бүгін физика сабағы ұнады», «Маған ұнағаны физикалық құбылыстарды мақал-мәтелде қолданғанымыз», «Өзіміз жаңа сабақты аштық, тәжірибені өзіміз жасадық». Сабақ жоспарымның әр бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын анықтап отырамын. Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі төрт сатыдан тұрады:

  1. Үйренушілік деңгейі «Білу»- оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі,
  2. Алгоритмдік деңгейі «Түсіну», «Талдау» - оқушының функционалдық сауаттылығының орта деңгейі,
  3. Эвристикалық деңгейі «Қолдану», «Жинақтау» - оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі,
  4. Шығармашылық деңгейі «Бағалау» - оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі.

Шығармашылық деңгейдегі оқушылар танымдық қабілеті қалыптасқан, толық құзырлыққа ие. Физика сабағында танымдық белсенділіктерін арттыру үшін түрлі әдіс -тәсілдерді жиі пайдаланамын.

Сабақ барысында тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі

Тапсырмалар тізімі
мен мұны есте сақтай аламын ба?
Маған мұны есте сақтау қажет пе?
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?
Тапсырмалар тізімі: Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс
мен мұны есте сақтай аламын ба?: Есте сақтай аламын, өйткені бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға орын ауыстырады
Маған мұны есте сақтау қажет пе?: Есте сақтау қажет, себебі жылдамдықтарды анықтауда кездеседі
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?: Бұл тақырыпты меңгердім, мысалы сағат тілшігінің қозғалысы бірқалыпты қозғалыс
Тапсырмалар тізімі:
мен мұны есте сақтай аламын ба?:
Маған мұны есте сақтау қажет пе?:
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?:
Тапсырмалар тізімі: Тапсырмалар тізімі
мен мұны есте сақтай аламын ба?: мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек
Тапсырмалар тізімі: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс
мен мұны есте сақтай аламын ба?: Парашуттың қозғалысы - автомобильдің қозғалысы
Тапсырмалар тізімі: Тапсырмалар тізімі
мен мұны есте сақтай аламын ба?: (мен мұны дұрыс түсіндім бе?) ;
Маған мұны есте сақтау қажет пе?: мен тығырыққа тірелдім, менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?: сондықтан маған көмек қажет
Тапсырмалар тізімі: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс
мен мұны есте сақтай аламын ба?: Қозғалыс түрлерін түсіндім.
Маған мұны есте сақтау қажет пе?: Қозғалыс теңүдемелі және теңбаяулағыш болып шықты.
бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?: Менің теңайнымалы қозғалыс туралы білгім келеді

Осыған орай, әр сабағымда оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және қателер-оудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Оқушылардың оқу пирамидасын төмендегідей тұрғызуымызға болады:

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін физика сабағында төмендегі есеп шығару әдістер өте тиімді.

Физика пәнінде шығармашылық есептер оқушының шығармалығын шыңдайдын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пәнеге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындағаны өте тиімді. Олимпиодаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығын арттырады. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Физика сабағында сапалық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Қарапайым сапалық есептер - ойды, зейінді қызықтырып әкететін тартымды есептер. Әсіресе 7-8 сыныптарда физиканы бастағанда сапалық есептерді көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сапалық есептер оқушыларды әртүрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сапалық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді. Сапалық есеп оқушылардың физика заңдарын, құбылыстарды, постулаттарды тез естеріне түсіріп, білу дағдыларын, тапқырлықты, шығармашылықты, мұқияттылықты, кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мүмкіншілік береді.

2. 3. Жұмыс жүйесінің қалыптасуы мен дамуының динамикасы:

Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым:

10 және 11 сыныптарында «Физика ғылымындағы ілгері эксперименттер» және «Физика пәнінен есептер шығару әдістері» тақырыбында қолданбалы курсты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты. Оқу жылының басында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік. Сауалнамаларға жауап алу арқылы физикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілді. Қарапайым тәжірибелерді жасап, ілгері тәжірибелермен салыстырып отырды. Әр тоқсанда оқушылар кішігірім зерттеу жұмыстарын орындап, сынақтан өттіп отырды. Оқушылардың танымдық белсенділігінің өсу динамикасын әрдайым бақылаудамын. Оқудағы жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері төмендегідей:

Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.

Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу - біздің басты борышымыз.

Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау .

Ғылыми жобалау әдісіндегі іс-әрекететуші тұлға, зертеушілік шығармашылдық, ролде ойнаушы, іздемпаз тұлға.

Жобалаудың жалпы құрылымы :

1) алдымен жобаның тақырыбын типін таңдау ;

2) зерттеудің маңыздылығы;


Ұқсас жұмыстар
Тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шешу әдістері
Физикалық есептерді шешу
11 сынып геометриядан ұмж, қмж
Ұбтға дайындық математика
Логикалық ойын есептері
Математикалық сауаттылық
АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Квадрат теңдеуді шешу
Диофант сызықтық теңдеулері
Бағдарламасы тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz