Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақпараттық технологиялар тиімділігі Қазақстан мектебі
Зор-Октябрь жалпы негізгі білім беру мектебі
Орындаған: информатика пәні
мұғалімі:
Искакова
Арай Муратхановна
2012-2013 оқу жылы
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші
тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа
нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті
де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-
лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру
қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын
қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы мол.
Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да
өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани
мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау
қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің
шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды
жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін
жоғарылататын құрал.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
← компьютерлік техниканы интернет, компьютерлік желі, электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды
← интербелсенді құралдарды
← электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Яғни, жаңа ақпараттық
–коммуникациялық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап,
оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал
компьютeр және интербелсенді тақта болып табылады. Интербелсенді тақта -
бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек,
ақпараттық
бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін
оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып
табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп (1-сызбанұсқа).
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық
алмастыра алады);
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы
жаңа деңгейде);
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған
әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды
компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда
талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі
тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің
графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен,
кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар,
қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.
Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ
оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының
әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке
қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу
процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен
оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік
туғызады.
Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша
көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас
ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса
алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.
Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру
үшін керекті ең бірден-бір құрал бұл – интербелсенді тақта. Интербелсенді
тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты
материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы
жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады.
Интербелсенді тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар
арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс
жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар,
графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар,
алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар,
гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне
көмегін тигізеді.
Қазіргі уақытта білім беруде интербелсенді құралдарды кеңінен
қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интербелсенді құралдардың
көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр.
Білім берудегі интербелсенді технология - мұндағы интербелсенді сөзі-
inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында
оқушының топпен жұмыс жасауға, оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес,
бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын
ұйымдастыратын оқыту барысы. Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар
аударсақ интербелсенді тақтаның білім беру процесінде үлкен
мүмкіншіліктерге ие екенінін байқауға болады.
Интербелсенді тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға, білім
алушының танымдық белсенділігін дамытып, мазмұнды және көрнекі тапсырмалар
құруға, сабақты құрылымдауға, сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз
жеткіземіз. Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы
оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Интербелсенді құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі. Атап айтар болсақ:
• Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
• Алған білімді жүйелеу ;
• Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
• Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып
қаламын; маған көрсетші –менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда
түсінемін» делінген. Яғни, оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және
көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір
мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден
интербелсенді оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Жылдан-жылға интербелсенді технологияны сабаққа қолдану
үрдісі саны жағынан да сапасы жағынан да артып келеді. Оқушыларға дәстүрлі
түрде сабақ өткізгеннен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып
өткізген сабақтар өте қызықты. Сондай-ақ осы технологиялардың нәтижесінде
оқушылардың білім сапасы да, жетістіктері көтеріліп келеді. Оқушылар өздері
де қазіргі таңда шығармашылық жұмысты ақпаратты технологиялар Power Point
презентациясын қолданып орындайды. Оқушылардың да ақпаратты технологияларды
қолданып орындаған шығармашылық жұмыстары да артып отыр. Бұл технология
оқушы үшін де, оқытушы үшінде өте тиімді.
Бұрынғы білім берудің әдістемесі қазіргі қоғамның талаптарына жауап
бере алмайды, ал оқытуда жаңа технология қолдану мектептің дұрыс бағытта
дамуына жол ашады.
Мұғалімдер XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп
атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды
қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту
технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің
артуына тиімді әсерін береді.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен
дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында
мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану
өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін
мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі
тренинг, курстар өткізілуде.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды
елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың
өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.
Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есептерді компьютердің
көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен
есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын
өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау
мүмкіндіктерін пайдаланып, онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін
анықтайды.
Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері шексіз,
артықшылықтары орасан. Оған «оnline» режимінде интербелсенді байланыс
арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткіздік.
Мүмкіндігі шексіз интербелсенді тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер
жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер,
диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген
тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан-жақты, дарынды
әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша
баспалдағы деуге толық негіз бар.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында
ақпараттық технологияларды пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде
ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл
жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану
оқушылардың кез-келген пәндi игеруге қызығушылықтарын арттырады.
Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12
жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.
Мысалы: (өз тәжірибемнен мысал)
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі –
ол электронды оқулық. Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс –
тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.
Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей
болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің
дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі
арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі
мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.
Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін
қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге
жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған
білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа
әлем.
Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы,
мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар
беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің
қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы».
2. «Информатика негіздері» журналдары.
3. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»
4. Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж
5. Ақпараттық технологиялар тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. № 6. –
24–25 бб.
6. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы оқытушының рөлі мен
біліктілігі // ҚР ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. – 2008. – № 2. –
16–18 бб.
7. Республиканский научно-методический журнал . №6 (30) – 2009
8. Интернет материалдары «Gooqle» сайттары
9. http://www.bsh.kz/news//2/ (08.11.2012ж)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz