Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Зақымдану ошақтарын барлау
«Бекітемін»
______________ ______________
мектеп директоры
1. Сабақтың тақырыбы: .Барлау,оның міндеттері,барлауға қойылатын
талаптар,оны жүргізу әдістері,радиац-қ және хим-қ қадағалау бекеті,оның
атқаратын қызметі мен құрамы.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зақымдану ошақтарын барлаудың негізгі
міндеттерімен таныстыру.
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
б) Негізгі бөлім – 23 мин.
Зақымдану ошақтарын барлау.
Зақымдану ошақтарын барлау.
Барлау АҚ күштерінің табысты әрекеттерін қамтамасыз ету түрлерінің бірі
болып табылады.
Ол үздіксіз және белсенді жүргізіледі, оның мәліметтері нақты болуы
керек.
Барланған мәліметтердің нақтылығы басқа деректерден алынған мәліметтермен
салыстыру және жинақтау, мұқият зерделеу жолдары арқылы анықталады. Қайшы
мәліметтер болған жағдайда ең бірінші кезекте радиациялық, химиялық, өрт,
инженерлік, медициналық едәуір қиын ахуалды аудандарда қайта тексеру және
қайта барлау жұмыстары ұйымдастырылады.
Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты жалпы және арнаулы
болып бөлінеді.
Жалпы барлауды әскери бөлімдердің барлаушы бөлімшелері, байқау және
лабораториялық бақылау пункттері, барлау ұшақтары мен тікұшақтары, өзен
(теңіз) барлауының барлаушы буындары, темір жол көлігі, аудан, қала және
халық шаруашылық объектілерінің барлаушы топтары жүргізеді.
Арнаулы барлауды радиациялық, химиялық, өрт сөндіру, инженерлік,
медициналық және эпидемиологиялық барлау топтары жүргізеді.
Мәліметтерді іздеп табу тәсілдеріне байланысты барлау әуеден, өзеннен
(теңізден) және жер үстінен барлау болып бөлінеді.
Барлаудың негізгі міндеттері:
- жаппай және жай зақымданудың, табиғи апаттың, апаттар мен опаттардың
пайда болу зардаптарына шалдыққан аудандарды, қалалар мен объектілерді
анықтау;
- бүліну, өрт шығу сипатын және жаппай зақымдану ошақтары мен оған жақын
аудандардағы залалдану дәрежесін анықтау;
- жылжу маршрутын, халық шаруашылығы объектілерінің жағдайын, қорғаныш
құрылыстары мен зақымдану ошақтарындағы зақымданушыларға дәрігерлік көмек
көрсету мүмкіндігін анықтау;
- ауаның, судың, топырақтың мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің радиоактивті улағыш және бактериялық заттармен зақымдалуына
лабораториялық бақылау мен тексеру жүргізу.
Барлау құрамалары өз міндеттерін бақылау және аспаптар көмегімен
объектілерді тікелей байқау арқылы орындайды.
Түрлі өнеркәсіп объектілері, мекемелер, шаруа қожалықтары мүддесіндегі
міндеттерді шешу үшін барлау топтары мен радиациялық және химиялық бақылау
постары құралады. Олар объектінің барлаушы құрамаларын құрайды.
Барлаушы топтар қаланың сыртқы аймағындағы объект құрамалары орналасқан
ауданда, қозғалыс жасау маршруттарында және зақымдану ошақтарындағы өз
объектілерінде барлау жүргізеді. Сондай-ақ ол адамдардың, техника мен
мүліктердің, азық-түлік пен ауыз судың радиоактивті және улағыш заттармен
зақымдануын бақылау үшін тартылуы мүмкін.
Барлаушы топтың барлаушы буыны командир, барлаушы-дозиметрист, барлаушы-
химиктен тұрады. Ол сүзгіш және оқшаулағыш газтұмылдырықпен, теріні қорғау
құралдарымен, радиациялық және химиялық аспаптармен, дозиметриялық бақылау,
қозғалыс жасау, байланыс құралдарымен, зақымданған учаске белгілерімен және
басқа да қажетті мүліктермен қамтамасыз етіледі.
Радиациялық және химиялық бақылау постары объекті аумағы мен оған жақын
жерлердегі әуе және жер үсті ахуалдарының өзгеріп отыруына, сондай-ақ
қаланың сыртқы аймағында жұмысшылар мен қызметшілердің орналастыру
орындарын да қадағалап отырады. Сонымен бірге, постарға зілзала апаттары
болған аудандарда, ірі өндірістік апаттар мен опаттар болған орындардағы
жағдайдың өзгеріп отыруына бақылау жасау жүктеледі.
Пост үш адамнан тұрады:
- пост бастығы;
- барлаушы-дозиметрист;
- барлаушы-химик.
Пост сүзгіш газтұмылдырықпен, жеке қорғаныш құралдарымен, радиациялық
және химиялық барлау, сәулеленуді дозиметриялық бақылау аспаптарымен,
компас, сағаттармен жабдықталады. Бұдан басқа поста: бақылау журналы,
бағдарлар сызбасы, хабарлау белгілерінің кестесі, дүрбі, хабарлау
белгілерін беру, байланыс құралдары және басқа да қажетті мүліктер болуы
қажет.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Барлауға қандай талаптар қойылады?
- Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.
- Барлаудың негізгі міндеттері қандай?
- Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның
құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz