Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Менің отбасым


Ашық сабақ: <<Менің отбасым>> Өткізген: Есболаева Алтынай Олжайқызы.
Күні: 3.12.12.
Сыныбы: 2 сынып
Пәннің аты: Композиция
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту,қонақжайлыққа үйрету,әдептілік ережелерін баулу.
б)дамытушылығы: Бейнелі ойлауын дамыту.Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
в)тәрбиелігі: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,тақырып,сұрақ-жауап, <<ой шақыру>>тірегі, алма ағашы,отбасылық фотолар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақтардан пысықтау.(сұрақтары)
1)сұрақ. Бейнелеу өнерінің бір түрі(графика).
2)сұрақ. Табиғат көрнісін бейнелейтін көркем шығарма(Пейзаж) .
3)сурет. Көркемөнердің бір түрі(Мүсін).
4)сурет. Әлемнің жеті кереметінің бір пирамидалар орналасқан ел (Египет).
5)сұрақ. Анималист суретші нені бейнелейді?(Жануарды).
6)сұрақ. Кеуделік мүсінге жататын қай мүсін?(Бюст).
7)сұрақ. Түстер неше түрге бөлінеді?және қандай?(2түрге,жылы және суық).

ІІ.Жаңа сабақ. <<Ой шақыру>>(менім отбасым атты ашық сабағымызды тірек сызбалар арқылы ашамыз)
Отбасы мүшелері
Отбасы
Апам
Ағам
Әжем
Атам
Шешем
Әкем
Мен


Бүгінгі композиция сабағынан алынған менім отбасым атты ашық сабағымызға қысқаша мағлұмат беріп кетейін.Балалар барлығымыздың да отбасымыз бар,мына суретте отбасы мүшелері атасы әжесі,анасы,інісі барлығы түгел үстел басында.Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап,қамқорлық жасайды.Отбасы-бұл қоғамның негізі.Композиция тұрғыдан суреттің орналасуын,салыну жолдарын,орнын белгілеу,көру нүктесін таңдау, үйлесімділігін табу. Композиция заңдылықтарын айта кетсек.
1.Бүтіндік заңы
2.Үлгі заңдылығы
3.Қарама-қарсылық(контраст)заңдылығы
4.Композиция барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы.
Отбасы ата-анадан,балаларынан,туытардан тұрады.Әр отбасында ата-ананың,отбасы мүшелерінің орны ерекше.Отбасындағы тәрбиеде туыстық қарым-қатынастардың да мәні бар.Үлкені кішісіне қамқоршы да,өнегеда болуы тиіс. Олардың бір-біріне қолғанат,сүйеу болуы құптарлық. Композициялық тұрғыдан айта кетсек.Әрбір нәрсенің көрніп тұратын формасын жақсы болу үшін нәрсенің құрлысына талдау жасаған жөн.Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп,үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі.
Міне балалар әкенің де,ананың да отбасындағы орыны алтынан да қымбат,оны ешқандай бағалы затпен өлшеуге келмейді.Күні ертен сендердің әрқайсың бір отбасының әкесі,анасыңдар.Сондықтан барлық адамгершілік қасиеттерді жақсылық пен ізгілікті,мейірімділік пен кешірімділікті бойларыңа сіңіріп өсіңдер.Себебі отбасың сенің ертенгі болашағың.
ІІІ.Енді балалар суретімізді салып отырып сөз жұмбаққа сөз жүгіртіп отырайық.
<<Сөз жұмбақ>>
Г
О
о
б
е
л
е
н
Б
ю
с
Т
Н
о
Б
а
й
М
о
з
А
й
к
а
М
ү
С
і
н
Қ
Ы
л
қ
а
л
а
м
М
а
р
и
н
и
с
т


1.Сурет салып тоқылған кілем.
2.Кеуделік мүсін дегеніміз не?
3.Негізгі көрініс бейнеленген,сызықты салынған сурет.
4.Әр түрлі шыны тастардан жасалған сурет.
5.Кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
6.Бояумен жұмыс істеуге арналған құрал.
7.Теңіс көрнісін бейнелейтін суретші.
ІV. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі суреттер бойынша әңгіме жүргіземіз. <<Менің отбасым>>Алғашқы ең негізгі бөлігі неден тұрады деген сұраққа жауап іздейін.Ағаштың тірегі-дің.Демек біздің тірегіміз отбасы.Плакатта бейнеленген ағаштың әр бұтағы өз жанұяндағы адамдарды қалауыңша орналастыр және неліктен ол орынға орналастырдыңсол жөнінде әңгімелеп бер.
V.Ситуациялық сұрақтар (3минут)
1.сұрақ.Егерде сен сабақтан 2 деген баға алып қаласын,анаң саған ұрысты.Мұндай кезде сен қандай жауап берер едің?
2.сұрақ.Үйде інің екеуің әлде сіңілің екеуің бір ойыншыққа таласып қаласыңдар,мұндай уақытта сен не істер едің?
3.сұрақ.Каникулда ауылға атаңмен әжеңе бардыңдар,мұндай кезде әжеңе,атаңа қандай көмек көрсетер едіңдер?
Төмендегі суретті мысалға ала отырып,өз отбасындағы қуанышты сәттер туралы айтып беріңдер.
Қорытынды:Сабағымызды қортындылай келіп,өзіміздің үйден әкелген отбасылық суреттерімізді жинақтап, <<Менің отбасым>>тақырыбына фотоальбом құрастырамыз.





Ұқсас жұмыстар
Отбасының ұйытқысы кім
Менің отбасым .Өз отбасы туралы айта білуге үйрету, жаңа сөздерді меңгерту
Ересек тобына арналған ашық сабақ жоспары
Менің отбасым. Сабақ барысы
Біз қазақша сөйлейміз
Оқып -үйренудің негізгі мақсаттары. Жұмыстың белсенді формалары, модульдер
Құрметті отбасымыз
Отбасы - шағын қоғам
Отбасы туралы мақалдар
Менің отбасым және математика сыныптан тыс жұмыс
Пәндер