Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау
Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін
арттыру.
Қазақстанның болашағы мектептен басталады.
Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік
деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік
деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту
жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол
үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру
міндеті қойылып отыр.
Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең
маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты
жандандыруда дер едім.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп
оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар
қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім
сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын
күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа
әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете
алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі
оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға
бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім сапасын
жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік,
рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары
технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін
бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Ұстаздан білім мен тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы
болуы-ұстаздың айтқан сөзінде емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз
болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық
қабілет керек.ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»деген
екен. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды
сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте
жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай
әсер етеді:
1.Мұқият дайындалу.
2.Шеберлікпен өткізу.
Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын
сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар
жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Инновациялық
технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып
сабақ жоспарын ұйымдастыру.Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан
оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып келеді.Олардың бірі Қазақстанда
1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы
дамыту жобасы».
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам
негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын
зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға
топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру
және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру,
ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне
шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламасы деген болар едім.
Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық
сөзінің төркіні- «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді.
Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол
жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп
тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның
дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.
«Сыни ойлауды дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді
ұсынады.
- Күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
- Жазба жұмыстарын жиі орындау;
- Оқушының ой-өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою;
- Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
- Оқыту пәндерін әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру;
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау
тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс
түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз
даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері
сөзсіз.Олай дейтінім мен осы бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс жасау
барысында көз жеткіздім. Мұғалімдік кәсіби шеберлігім жетіле түсті.
Бағдарламаны басшылыққа алып сабаққа пайдаланғаннан бері оқушылардың пәнге
қызығушылығы артып, болжау қабілеттері мен жаңалықты тез қабылдауы, өз
бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін байқадым.
Әсіресе ана тілі, қазақ тілі пәні бойынша үйге берілген мәтін бойынша
ұнаған көрініске сурет салып келу, сол тақырыпқа сай өлең құрастыру немесе
ребус пен сөзжұмбақ құрастыру тапсырылады. Бұндай тапсырманы оқушылар
ерекше ынтамен орындап келеді. Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді,
қиялдайды, болжам жасайды. Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте
отырып, әсіресе, сурет салуға бейім балалардың ойын ұштай түстім. Сурет
немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының өзін-өзі тануына ықпал жасадым. Әрбір
баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет. Мысалы, ана тілі сабағында
«Еліктің лағы» атты мәтінді өткенде ой-толғаныс сәтінде оқушыларға өлең
құрастыру тапсырылды. Солардың бір-екеуіне тоқталсам:
Нұрдос:Келе ғой лағым,
Міне тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
Мен күтіп тұрамын.
Назым:Қанекей лағым,
Дайын тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
Сені күтіп тұрамын- деген өлең шумақтарын бірнеше оқушылар құрастырды. Ал
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін өткенде оқушылардың қызығушылығын ояту
сатысында Абай туралы не білеміз?- деп сұрадым. Оқушылар:
Зере Ұлжан Ибрагим
Құнанбай
Ұлы ақын
Табиғат Күз
Қыс
суретшісі
Ал қорытындылау кезінде оқушылар сөзжұмбақ шешті.
Бағдарламаның ішкі құрылымында өзіндік ерекшелік бар. Құрылым үш
деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,
қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін, ойын,
еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай
білуге, құрметтей білуге үйренеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен
жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер сабақта баланың танымдық белсенділігінің
артқандығын, өз бетінше жұмыс жасауға үйренгендігін, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал ететіндігін айтса, оқушылар- сабақтарының қызықты,
жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің
тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды,
еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы
біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу
қалыптасады, белсенділігі артады.
2. Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып
бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
3. Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін
саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой
елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі
шығармашылықпен көріне алады.
Өз сабағымда осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы
көптеген нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап,
кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-
қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне
сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса
жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде
сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге
үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін ойын дамытып, байланыстырып
сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы
тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу
дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге
тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын
игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой
қорытыу жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең»
әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап,
сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым.
Оқуға зауқы жоқ, үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір
жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім
ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез-келген пәнге оқушы
қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі
көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және
сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір
көрінісі.
Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс
істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-
бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін
тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының
түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын
сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән
ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір
жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.
Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете
білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім
оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі
қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын
өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін
шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.
Оқыту мен үйрену кезінде оқушының тек белсенді түрде ғана меңгерген
білімі маңызды әрі тиімді.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі
қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының
тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пердерерін дәл тауып, оны ойната білу
оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі,
бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен
көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола
алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды
ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету
үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскидің
«Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген
сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту баланы оқуға, жаттауға, есте сақтауға
үйретсе «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы баланың
дербес немесе топтаса, ұжымда бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауына,
алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Заман талабына сай
технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ
тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектеп журналы №5-2011
Әдіскер мұғалім №5-2004
Бастауыш сынып журналы №5,7,8-2004
Б.Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»
12 жылдық білім журналы №6-2007,№10-2008
Қ. Жарықбаев. Психология-Алматы, «Иектеп»1982
Мектептегі психология 2007, №2
Әрекеттегі PWCT философиясы мен әдістері
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі

дамыту
(баяндама)
Бастауыш сынып мұғалімі
Бөріқұлақова Ботакөз
Аққұм 2012 жыл
-----------------------
Абай
А
Н
А
Б
Ұ
Л
Т
А
Қ
П
А
Н
Н
А
Й
З
А
О
Й
Л
А
А
Й
Р
А
Н
Ж
А
З
У
Ш
Ы
С
И

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz