Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгінгі өткен дыбыстың бас әрпі және кіші әрпін жазу



Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту,

Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек
басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау
жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын
элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ. аралас
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б.
суреттер,« Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз құрастыр» ойындары, кеспе әріптер,
слайд, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: /Психологиялық дайындық/
а). Амандасу.
ә). сабаққа дайындық.
б). оқушылар назарын сабаққа аудару.
/2 топтағы оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй білдіру./
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық
- М дыбысымен.
«Алма теру» ойыны ойналады. Оқулықтағы М дыбысына байланысты бағандағы
сөздерді оқу.«Қар»мәтінін Дүниетану сабағымен байланыстыра отырып, неше
мезгіл бар екенін атау және қыс туралы әңгімелеу. М дыбысына сөздер ойлап,
буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
- Сонымен М дыбысы қандай дыбыс екен?
- М дыбысы – дауыссыз дыбыс.
Жаңа сабақ
3. Қызығушылығын ояту:
/екі топқа кезекпен жұмбақ шешкізу арқылы суреттерін тақтаға ілу./
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1-топ: Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).

2-топ: Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жылтылдап
Қайсы әріптен басталған,
Сол жүзгіштің атын тап?
(Бақа ).

1-топ:Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).
2-топБолмайды одан жұрт абай
Суық жақта болатын
Ірі жуас жануар
Мүйіздері бұтадай.
(бұғы)

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, балапан сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт
ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін
графикалық таңба. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б -
дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
Баспаша, жазбаша түрімен таныстыру.
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші
буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
Б - дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.
-Балалар б дыьысына а дыбысын қосатын болсақ қандай буын пайда болады екен
ба буыны о дыбысын қойсақ бо буындары бүгінгі сабақтағы жаңа буындар.
Ба, бо хормен айту
4. Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суреттермен танысу. Бағандағы сөздерді оқып
беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.
5. Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Жоғары бір қарап
Төменге бір қарап
Орнымызға отырып
Әдемі етіп жазайық

6. Дәптермен жұмыс. Б әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің
элементтерін ауада жазу. жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Б дыбысын бастырып
жазу. Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

7. Үлестірмемен жұмыс: мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдылыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу.

..............

...........................................................
/Бүгінгі өткен дыбыстың бас әрпі және

кіші әрпін жазу.
Дауысты ,дауыссыз екенін түспен
..........................................................
Жаңа буындарды жазу/

..........................................................

Екі топта компьютерге өткен сабақтардан буындарды еске түсіріп жазу.

Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.

Ұқсас жұмыстар
Бір сөйлемді сөздерге талдау
Емен ағашы
Балаларды сабаққа ұйымдастыру
Бастап тұрған қай әріп
З з дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Сс дыбысы мен әрпі
Сөйлем. Суретпен жұмыс
Ц дыбысы мен әрпі
Іі дыбысы мен әрпі
Пәндер