Мемлекет туралы

№ 3 Красный Яр орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

«Азаматтардың негізгі міндеттері туралы»

Пән: Құқық негіздері

Сынып 10 а сынып

Орындаған: Ғалымжанова Г. А.

Көкшетау, 2011

Сабақ тақырыбы: Азаматтардың негізгі міндеттері туралы

Сабақ мақсаты: білімділік -оқушыларға адам құқығы, азаматтық,

олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі,

адам және азаматтардың негзгі міндеттері

туралы түсінік беру

дамытушылық - оқушылардың өз бетімен оқып-үйренуі,

ойлау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік -оқушы бойында жауапкершілік приципін

қалыптастыру.

Сабақ түрі : ашық сабақ

Сабақ әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, кесте, оқулықпен, өздігінен жұмыс істеу.

Пән аралық байланыс: саясаттану, мемлекет және құқық теориясы

Көрнекі-құралдар: интерактивтік тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең.
  1. сәлемдесу.
  2. оқушыларды түгендеу
  3. сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.
  1. Үй жұмысын сұрау.
  1. Бұқара-ақпараттар, газет-журнал арқылы жаңалықтар дайындау.
  2. Берілген сұрақтарға жауап беру.Мемлекет дегеніміз не?Адамның құқықтары мен бостандықтары туралыАзаматтардың экономикалық және әлеуметтәук құқықтар?Еңбек ету құқықтары қандай?Адамның саяси құқықтары мен бостандықтар қандай?Парламент қандайқызметтерді атқарады?Президент ?Демократиялық мемлекет деп қандай мемлекетті айтамыз?Қазақстан Республикасындағы Президент пен Парламенттің өзара қатынастары қандай?1948 жылы қандай Декларация қабылданды?Конституция неше бөлімнен неше баптан тұрады?Қазақстан Республикасының азаматы қандай жағдайда беріледі?
  3. Терминдерді еске түсіру.Республика-қоғамдық, жалпы халықтық ұғымМонархия-атадан балаға мұра ретінде қалдыратын билікПарламент-заң шығарушы органҮкімет-атқарушы органПрезидент-бекітуші органҚұқық-мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.Конституция- мемлекеттік ата заң. Халықпен референдум арқылы қабылдау. Өзгерістер енгізудің ерекше тәртібі.Демократия- халық билігіСот билігі-мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра аладыБилік-мемлекет басқару органыАзаматтық-белгілі бір адамның нақты мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы ретінде қаралады
  4. Кесте толтыру

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу
Азаматтығын тоқтату
Азаматтыққа қабылдамау
Азаматтық алу:
Азаматтығын тоқтату:
Азаматтыққа қабылдамау:
  1. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспар.

  1. Конституция мен заңдарды сақтау.
  2. Азаматтың құқығы, бостандығы, қадір-қасиетін құрметтеу
  3. Меншікті пайдалану
  4. Қазақстан Республикасын қорғау.

1. Сабақ басында оқушылардың арнайы дайындаған қосымша материалдар оқылады.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  3. Мемлекет туралы

2. Тақырып түсіндіріледі.

  1. Конституция-Қазақстан мемлекетінің негізгі заң, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды және мемлекеттің халықты басқару қызметін айқындап береді.

Конституция бөлімдері:

  1. Жалпы ереже
  2. Адам және азамат
  3. Қ. Р. Президенті
  4. Қ. Р. Парламенті
  5. Қ. Р. Үкіметі
  6. Сот және сот әділдігі
  7. Қ. Р. Конституциялық Кеңес
  8. Өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару
  9. Қорытынды бөлім.

Азаматтың конституциялық міндеті республиканың заңын сақтау болып табылады. Бірінші жағынан, заң талаптарын бұзбау, қылмыс істемеу, әкімшілік жүктелген міндетті орындау. Екінші жағынан-өзіне жүктелген міндетті орындау деген сөз.

  1. Азаматтың басқа бір конституциялық міндеті-басқа адамдардың да құқығын, бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеу.
  2. Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа байланысты болғандықтан, мемлекет салық төлеу, салық жинау жұмыстарының маңыздылығына үлкен мән береді.
  3. Меншікті пайдалану. Меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мүліктік меншік дегеніміз құнды дүниелер және ол сапалы түрде пайдаланып отыру үшін жасалады.

Жеке меншік иесі өзінің мүлкін өз еркінше пайдалануға құқылы.

  1. Қазақстан Республикасын қорғау-ресрублика азаматтарының конституциядық қасиетті міндеті. Барлық азаматтары өздерінің әскери борышын өтеуге міндетті. Әскери қызмет-мемлекетке қызмет етудің ерекше түрі, ол республика азаматтарының Қарулы Күштер қатарында болып, тиісті әскери борышын өтеуімен де байланысты.

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 19-БАБЫНДА: “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қайпартияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы”

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 39-БАБЫНДА: “адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығы, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген”

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 13-БАБЫНДА: “әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген”

  1. Сабақты бекіту.
  1. Берілген жағдайларды талқылау.
  • Ерлі-зайыпты Галимовтар Қазақстан Республика азаматтары болып табылады. Бірақ олардың баласы дүниеге келген кезде олар Англияда оқуда болады.

Азаматтық алуда қиындықтар туа ма?

  • Ивановтар отбасы ҚР-ның елшілігіне оларға азаматтық беру туралы өтініш берді. Өздері еш уақытта Қазақстан жерінде тұрмаған, бірақ бұл жерде көп жыл бойы кәрі ата-анасымен отағасының ағасы тұрады.

Ивановтар отбасының азаматтық алу мәслесі қалай шешіледі?

  • Балалар үйінің жанынан нәрестелі бала табылды, оның ата-анасын анықтау жұмысы нәтиже бермеді.

Бала кім болып танылады: азаматтығы жоқ; ҚР-ның азаматы; шетел азаматы?

  • Қазақстан азаматы Мусин басқа елдің заң органына қызметке тұрды.

Оның азаматтық мәселесі қалай шешіледі?


Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және экономика
Құқықтық мемлекет
Біздің Отанымыз - Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты, дербес, тәуелсіз мемлекет
Конституция-кемелдік кепілі
Сабақ басы
Құқықтық сана
Жағдаяттық сұрақтар
Орал - тарихи қала
«африка материгі» тақырыбын қайталау
Бала құқығы туралы конвенция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz