Бекіту тобының мәліметтері

Ашық сабақ
Қазақстан тарихы - 9 сынып
тақырып атауы:
«Ауыл шаруашылықтың дамуы. Тың игеру».
Құрастырған: тарих пәні мұғалімі Қаламов Ж. А.
Сабақ мақсаты:
Жалпы мақсат: Тың игеру кезіндегі жалпы Қазақстанға сипаттама жасау, қайшылықтарын ашу, маңызын шығару. Тың игеру салдарын айқындау.
Білімділік: Тың игеру кезеніне, сол кездегі оқиғаларға объективті баға беру. Мәселелерді ашу, шешу жолында, жалпы әдістерді және тенденцияларды айқындау.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи мәліметтерді модельге келтіру, жеке және ұжымдық түрде жұмыс жасау, себеп-нәтиже байланыстарды айқындау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Тарих алдында жауапкершілікті тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: интерактивтік тақта (актив студио арқылы слайдтарды көрсету, видео материалдар) хрестоматия, статистикалық материалдар, атлас, Қазақстан картасы (КСРО) .
Сабақтың түрі, әдісі: Мәселелік оқыту технологиясы (дебат түрінде) .
Тірек білімдер:
Оқиғалар күнтізбесі:
1954 ж. - тың игеру бағыты.
1954 - 1955 жж. - «бастапқы кезең»
1956-1958 жж. - «дамыған кезең»
Тұлғалар: Н. С. Хрущев, И. В. Сталин, Д. А. Кунаев, А. Шаяхметов, Н. Понамаренко.
Ұғымдар: «тың», «ассигнациялау», интенсивтік жол, экстенсивтік жол, орыстандыру саясаты, топырақ эрозиясы.
Ұйымдастыру кезені: (1 мин)
Мотивациялық кезен: (5мин) :
? Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылықтың жағдайы . . .
Әнгіме арқылы, оқушылармен бірге ашу
Мұғалім сабақтың басында тақырыпқа жалпы сипаттама жасайды: (3 мин)
1. 1954 жылы (қантар-наурыз пленумы)
2. Идеяны ұсынушы Үкімет
3. Одақ бойынша жіртылатың жер: Солтүстік Кавказ, Орал, Оңтүстік Сібір, Еділ бойы, Қазақстан.
4. Қазақстан бойынша жыртылатын жер: Павлодар, Көкшетау, Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысы.
5. Тыңгерлерді материалдық ынтыландыру.
- Дүние мүлкі тегін көшірілді
- Отбасы басшысына 500 - 1000 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді
- Үй салу үшін 10 жылға 1 сом мөлшерінде несие берілді (35%-ын мемлекет өз қарамағына алды)
- Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие бөлінді
- 1, 5 центнер астық немесе ұн, азық-түлік берілді
- 2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.
6. 1954-1955 жылдары өнеркәсіпке, көлікке жұмыс істеу үшін 0, 5 млн. адам
- Ақмола облысына 2 адам
- Солтүстік Қазақстанға 15 адам келу керек еді, 65 артығымен адам келді
- 1954-1962 жылдары жалпы 2 млн Адам келды.
7. Жыртылған жер көлемі
- 1954 жылы 6, 5 млн. гектар
- 1955 жылы 9, 4 млн. гектар
- Жалпы 25 млн. Гектар
8. Бөлінген қаржы 1954-1959 жылдары 20 млрд. сом
Әрі қарай сабақ мәселелік технологиясы арқылы жүргізіледі, дебат түрінде.
Оқушылардың қызығушылын арттыру.
? Оқушылар қалай ойлайсындар - Қазақстан үшін тың игеру керек болды ма, пайдасы немесе зияны қандай. Астық мәселені шешу үшін басқа жолдар болды ма . . .
«Қазақстан үшін тың игеру - пайдалы ма зиянды ма?»
(1954-1960-ші жж. )
Тың игеру себептері неде? Кітап арқылы, оқушылармен бірге ашу (3мин)
1. Ауыл шаруашылықтын өнім шығару әлсіздігі, төмен дамуы.
2. Өлкенін техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою.
3. Бидай дағдарыстан шығу. Ауыл шаруашылықтын өнімділігін артыру, деңгейін көтеру.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін : Интерактивтік тақтаға тың игерумен байланысты слаидтар ашылады (2 мин)
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
Эксперттік топты тағайындау.
Тайм спикерді тағайындау.
Бекіту тобы: Қазақстан үшін тың игеру - пайдалы, пайдасын ашу .
Жоққа шығару тобы: Қазақстан үшін тың игеру - пайдассіз, зиянын ашу.
I кезен
1 топ. - ақталау 2 топ. - жоққа жығару
2 адам. (2мин) ↗↖ 2 адам. (2 мин)
II кезен
1 топ қосымша мәліметтер, жоққа шығару 2 топ қосымша мәліметтер, жоққа шығару
III кезен
1 топ жоққа шығару, қорытынды бекіту 2 топ жоққа шығару, қорытынды бекіту
3 топ-Сот. Топтардың мәлімметтеріне талдау жасау. Әрбір топтың келтірген мәліметтеріне, жауаптарына баға беру. Мәліметтерді толықтыру жұмысы. 10 мин.
Резолюцияны аш
Бекіту тобының мәліметтері.
- Ұлттық маман кадрлар көбейді
- Қалалар мен өнеркәсіп орындары салынды
- Мәдени ошақтар пайда болды
- Техниканы меңгеру басталды
- Халықтар арасында достық қарым қатынас орнап, басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді
- Басқа салалардың дамуына әсер етті
- Одақ бойынша астықты аймаққа айналды
Резолюцияны ашу
Жоққа шығару тобының мәліметтері.
- Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды
- Қазақ мектептері жабылды
- Демографиялық күйзеліс басталды
- Экстенсивті әдісімен жүргізілді
- Мал шаруашылығының жайылымдылық жерлері тарылды
- Топырақ эрозиясы күшейді
- Жардің құнарлы қабаты желге ұшты
- Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды
- Пайдакүнемдер көбейді
- Ғалымдардың кең көлемде жерді игеру өзін өзі ақтамайды, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ескертулері еленбеді.
Пікірталас откеннен кейін, эксперт тобынын әр топқа бағаларды беру, жақсы және нашар жақтарды ашу: (3 мин)
Мәліметтерді бекіту үшін: тапсырма
Оқушылар тақтаға шығып Тың игерудын салдарын жазады.
Жалпы қорытынды жасау.
Үй жұмысы: & 22-23 оқу, тың игеру тақырыпқа эссе-шығарма жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz