Конус тақырыбы бойынша сабақ жоспары, жаттығулар мен бағалау критерийлері - Прманова Зауре Кулдасбаевна, математика мұғалімі

Түйіндеме

Аты-жөні: Прманова Зауре

Кулдасбаевна

Туған жылы: 25. 06. 1958ж

Ұлты: қазақ

Білімі: Жоғары

Қызметі: №20С. Сейфуллин атындағы

мектеп-гимназиясы

математика пәні мұғалімі

Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

Ақсукент ауылы

Мамандығы: математика пәні мұғалімі

Бітірген оқу орны: Қызыл Орда қаласы

Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық

институты

Еңбек өтілі: 30 жыл

Ұстанымы: Қазіргі нарықтық заманға бейім,

адамгершілігі мол, экономикалық

сауатты, жан - жақты дамыған

жеке тұлға қалыптастыру

Қосымша білімі: Компьютерде еркін жұмыс істеймін .

«Педагогика және психология» ШУ бітіргенмін

Қосымша мәліметтер: 2010-2011 оқу жылында математика пәні мұғалімдерінің аудандық және облыстық олимпиадасында І орынды иелендім. Аудандық, облыстық баспасөзде материалдарым жарияланды.

Сабақтың тақырыбы: Конус

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға конусты, конус элементтерін, конус жазбасын таныстыру, конус бүйір бетінің және толық бетінің ауданын табу формуласын қорытып, есептер шығаруға пайдалана білуге үйрету.

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың айналу денелері туралы түсініктерін кеңейту, айналу денелері бойынша есептер шығару қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Күнделікті өмірмен байланысын көрсету. Халықтық педагогикамен байланыстыру, оқушылардың бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: Конус, конус жазбасы: Тікбұрышты үшбұрыш бойынша конус шығару моделі, киіз үй, тақия, сәукеле, есептерді бағалау тақтасы, интерактивті тақта, көп жақтар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

, ▲, ○ топтарына бөлу. Әр топтың ұпайларын есептеп отыру үшін 1 оқушыдан белгілеу.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

б) Қайталау сұрақтарын қою. әр топтан 1 оқушы тұрғызып 3 сұрақтан қою.

  1. Цилиндр деген қандай фигура?
  2. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын қандай формуламен

табамыз?

  1. Дөңгелек ауданы неге тең?
  2. Цилиндрдің толық бетінің ауданын қалай табамыз.
  3. Цилиндрдің жазбасы қандай фигуралардан тұрады?
  4. Дұрыс көпжақ дегеніміз не?
  5. Цилиндрді жазықтықпен қиса, қандай фигуралар шығады?
  6. Цилиндрге іштей және сырттай сызылған призма деген не?
  7. Шеңбердің ұзындығы неге тең?

«Цилиндр» сөзжұмбағын шешу

1. Шеңбер сызатын құрал. (циркуль)

2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады

(синус)

3. Бір жазықтықта жатқан қиылыспайтын түзулер қандай

түзулер деп аталады. (параллель)

4. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы. (гипотенуза)

5. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады (Тангенс)

6. Шеңбердің центрін шеңбер нүктесімен қосатын кесінді. (радиус)

7. Параллель жазықтықтарда жатқан тең екі көпбұрыштан және сол көпбұрыштың сәйкес нүктелерін қосатын параллель кесінділерден тұратын көпжақ. (призма)

Жаңа сабақты түсіндіру.

Өткен сабақтағы тақырыбымыз цилиндр - бұл айналу денесіне жатады дедік. Осы айналу денелерінің бірі - конус. Конусты шығарып алу үшін дөңгелек аламыз. Дөңгелек жазықтығында жатпайтын А нүктесін аламыз. Дөңгелек шектелген шеңбердің әрбір нүктесін А нүктесімен қосамыз ( кесінді арқылы) .

Сонда шыққан денені конус деп айтамыз. А нүктесімен табанындағы шеңбердің нүктелерін қосатын кесіндіні жасаушысы деп айтамыз. Табанының центрі мен төбесі арқылы өтетін түзу табан жазықтығына перпендикуляр болса, онда ол тік конус болады. Біз тек тік конусты ғана қарастырамыз.

Сондықтан жай ғана конус деп атаймыз. А нүктесімен шеңбердің нүктелерін қосатын кесінділер жиыны бүйір бетін береді.

Төбесі мен табанын қосатын перпендикуляр кесіндіні биіктігі деп атайды.

Мына конустың биіктігі, табанының радиусы, жасаушысы тік бұрышты үшбұрышты құрастырып тұр. Осы тікбұрышты үшбұрышты бір катетін ось етіп алып айналдырғанда пайда болатын дене конус деп аталады. Конустың бүйір бетінің, толық бетінің ауданын табу үшін конустың бүйір бетін бір жасаушысының бойымен тіліп, жазбасын аламыз. Ол сектор дан және дөңгелек тен тұрады. Сектордың радиусы конус жасаушысына тең болады. Сектордың доғасы конустың табанындағы шеңбердің ұзындығына тең болады. Конустың бүйір бетінің ауданы осы сектордың ауданына тең:

S б. б =

\[\frac{\dot{H}^{2}}{360}Q\]
\[\frac{\bar{l}\ ^{2}}{360}Q\]
( 1 )

α - АВА´ доғасының градустық өлшемі.

l - жасаушысы.

α -ны l және R арқылы өрнектейміз.

Табанындағы шеңбер ұзындығы 2ПR, доға ұзындығы

\[\frac{I}{150}a\]

сонда 2 ПR=

\[\frac{I}{150}a\]
, бұдан α=
\[\frac{2\cos}{i}\]
шығады. (1) формулаға апарып қоямыз. сонда шығатыны:

S б. б =

\[\frac{\dot{H}^{2}}{360}Q\]
=
\[\frac{I}{360}\]
\[\frac{2\cos}{i}\]
= ПRl

S т. б = S б. б + S б. а = ПRl + ПR² = ПR (l+R)

Міне, балалар, айналу денелері цилиндрмен және конуспен таныстық.

Бұл күнделікті өмірде көп кездесетін денелер. Ал, балалар, цилиндрге ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер? Труба, сым, әр түрлі темір қалбырлар. Ал, енді конусқа ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер? біздің ата- бабаларымызда айналу денелеріне ұқсайтын нәрселерді көп пайдаланған. Мысалы: қыз бала тақиясы (цилиндр), ер бала тақиясы ( цилиндр және төбесі конус формалары ) киіз үйді алсақ, керегесі цилиндр формасында орналасады, ал уықтары қиық конус жасаушысын береді. Қиық конус дегеніміз балалар, айта кетейін, конусты табанына параллель жазықтықпен қиғанда шыққан фигура, бұл тақырыпқа арнайы сабақ өтеміз . Төбесіндегі шаңырақ шардың сегментін бейнелейді.

№1 есеп Конустың биіктігі 15см, табанының радиусы 8см. Конустың жасаушысын табыңдар.

Берілгені: Конус Шешуі:

Н=15 cм Пифагор теоремасы бойынша:

R=8 см ℓ l= √ H ² +d ²=√15²+8²=√289=17

табу керек: Жауабы: l=17см

l-?

№2 есеп

Тігіншіге сәукеле тігу қажет болды. Оның биіктігі 28 см, табанындағы шеңбердің диаметрі 22 см, сәукелеге қанша мата кетеді?

Берілгені: Конус Шешуі:

Н=28 Пифагор теоремасы бойынша:

d=22

l = √ H ² +d ²=√28²+11²=√728+121=√905≈30

S б. б=ПRℓ = 30см•11см•3. 14 = 1036см²

табу керек:

S б. б -? Жауабы: 1036 см ²

Міне, көрдіңіздер конусқа байланысты берілген есептерді де шығарып көрдік. Енді 3 топқа есеп бөліп береміз, өз тобының есебін шығарып болған оқушы келесі топтың есебін шығарып, ұпайды көбірек жинақтай алады. Мен есепті шығаруды аяқтаймыз, жауабын тексереміз дегеннен кейін қатар отырған екі оқушы есеп шығарған парақтарды алмастырып алады. Интерактивті тақтаға әрбір есептің жауабын жазып қоямын. «Есептерді бағалау».

Оқушылар парақтағы шығарылған есепкекөрсетілген сәйкес баллды қояды да, сабақ басында сайланған есептеу комиссиясына өткізеді. Олар әр оқушының қортынды балын қояды. Есеп комиссиясы қортынды баллды әр бір оқушыға және топқа шығарғанша «Конус » сөзжұмбағы шешілді.

Сөзжұмбақ «Конус»


Ұқсас жұмыстар
Математика пәнінен конус тақырыбы бойынша емдеу ісі мамандығы студенттеріне арналған теориялық ашық сабақтың әдістемелік талдауы
3-сынып математика пәні: бақылау жұмыстары мен өзіндік жұмыстардың жоспары және бағалау критерийлері
8-сынып Қазақстан тарихы: Қазақтардың рухани мәдениеті, дін мен салт-дәстүрлер - Үйсіндер тақырыбы бойынша сабақ жоспары және бағалау критерийлері
Рационал сандарды көбейту: сабақ жоспары мен бағалау критерийлері (Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп, мұғалімі Усенова А.А., 2016-2017 оқу жылы)
Рационал сандарды көбейту: сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
8-сынып география пәні: Қазақстанның өзендері тақырыбы бойынша оқушылардың оқу жетістігін бағалау критерийлері мен баллдық жүйесі
5-сыныпта Пайыз тақырыбы бойынша ауызша жаттығулар мен әдістемелік ұсыныстар
6-сынып: Парфия патшалығы - сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Информатиканы оқыту әдістемесі: бақылау түрлері мен бағалау критерийлері
Литосфера тақырыбы бойынша қайталау сабақ жоспары және бағалау тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz