Көсемшенің түрленуі

Такырыбы : Көсемшенің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көсемше, оның жасалуы мен түрленуі ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі туралы
түсінік беру, оқушылардың алған білімін тексеру, кеңейту.
Дамытушылық: оқушыны өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, тілдік
қорын молайту, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, салауаттылыққа, сүйіспеншілікке, әдеби тілде сөйлеуге, білімге
үндеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі ашық сабақ.
Сабақ әдісі: талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Көрнекілік : сызба, интерактивті тақта, кесте.
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
Үй тапсырманы тексеру :
А) Жаттығу жұмысы
Ә) Өтілген сабақты пысықтау
1) Есімшенің жұрнақтарын ата
2) Есімшенің тәуелдену үлгісі (көргенім)
3) Есімшенің септелу үлгісі(көрген)
4) Есімшенің жіктелу үлгісі (көргенімін)
Жаңа сабақ :
1) Қаз тұрып жүре бастаған баланың тұсауын кескенде айтылатын өлең-жыр (тұсаукесер)
2 ) Қайтыс болған адамның жақындарына алыс-жақын, ағайын-туыстың жұбатарлық сөзі (көңіл айту)
3) Төрт түліктің бірі (сиыр)
4) Бесіктегі балаға айтылатын тәрбиелік мәнді өлең (Бесік жыры)
5) Жылқының пірі (Қамбар ата)
6) Жаңа түскен келінге айтылатын жыр (беташар)
7) Төрт түлік малдың бірі (түйе)
Балалар бүгінгі жаңа тақырыбымыз көсемше. Көсемше де есімше сияқты екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше бірде жіктеліп нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданса, енді бірде қимылдың амалын білдіріп үстеу қызметінде қолданылады. Сондықтан көсемшеде етістіктің бір түрі болып табылады.
Көсемше пысықтауыш пен баяндауыштың қызметін атқарып етістіктің ерекше түрі.
Көсемшенің жұрнақтары
Көсемшенің жіктелуі
Мен барамын
Сен барасың
Сіз барасыз
Ол барады
келіппін
келіпсің
келіпсіз
келіпті
Біз барамыз
Сендер барасыңдар
Сіздер барасыздар
Олар барады
Келіппіз
Келіпсіңдер
Келіпсіздер
Келіпті
Көсемшенің - ғ алы, -гелі, -қалы, -келі түрлері жіктелмейді.
181-жаттығу. Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.
182-жаттығу. Көсемшенің жасалу жолын және қай жақта жіктелгенін ажыратып айтыңдар.
Үлгі: жоғалып кетіпті- көсемше, күрделі етістік, негізгі етістік. Жоғал -ып, -көсемше жұрнағы, кетіпті-көсемше, түбірі-кет, көмекші етістік, -іп көсемше жұрнағы, -ті ІІІ-жақтың жіктік жалғауы. Айтасың-көсемше, түбірі-айт, -а- көсемше жұрнағы, -сың ІІ- жақтың жіктік жалғауы. Келемін- көсемше, түбірі -кел -е- көсемше жұрнағы, - мін-І жақтың жіктік жалғауы. Көресiң- көсемше, түбірі-көр, -е- көсемше жұрнағы, -сiң-ІІІ-жақтың жіктік жалғауы.
«Жалғасын тап»
Мақал- мәтел. Балалар тақтада мақал- мәтел берiлген, iзiн жалғастырып, көсемше табамыз.
183-жаттығу. Көсемшені байланысқан сөзiмен бiрге терiп жазамыз.
Сарайына барыпты, табаққа салып, алтын қасық қойыпты, қатты қызығады, тамақ iшiп, қалтасына сүңгiтiп жiберiптi, байқап қалыпты, қасық саламын, қалтасынан шығарып беремiн, қасықты суырып алыпты.
185-жаттығу
Өлеңді- мәнерлеп оқу, көсемшені табу.
«Бас қатырамыз»
Төмендегі сұраққа мақал- мәтелмен жауап беру, көсемшені табу.
1) Не сүйектен өтеді? (сөз)
2) Не тас жарады? (тіл)
3) Не ширатады? (еңбек)
4) Кім майданда шынығады? (батыр)
5) Жылайын деген бала кімнің сақалымен ойнайды? (әкесінің)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz