Ақан сері өмірі мен шығармашылығы

І. Сабақтың тақырыбы : Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
ІІ. Сабақтың мақсаты :
1 . Білімділік : Ақан сері поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз - ақ өз өнерлерін дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз - ақ көрсете білгенін түсіндіру;
2. Дамытушылық : Өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
3. Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы
Сабақтың типі : Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, зерттеу, салыстыру, пікір айту
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка, өнер
ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны :
Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
Жүсіп Баласағұн
2. Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында топтастыру арқылы серілерге тән ортақ қасиеттерді анықтап алайық.
Өнерл і сұлулықты сүйеді ел еркесі
Күйкі тірлікпен
Бесаспап
айналыспайды
сәнді киінеді сұңқар тамақты
әнші, күйші, сазгер
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-
ақындарды білесіңдер ?
-Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?
-Сал мен сері сөздерінің арасында айырмашылық бар ма ?
-Сал- серілік дәстүрдің негізін салушылар кімдер ?
3. Сабақтың негізгі бөлімі
Сынып төрт топқа бөлінген, алдын -ала тапсырма берілген. Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
І топ « Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )
ІІ топ « Егіліп әндеріне сөзін тыңдап . . . » ( Ақан әндері, оның шығу тарихы)
ІІІ топ « Сегіз қырлы, бір сырлы » ( Ақан бойындағы қасиеттер )
ІV топ « Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өнерімен Ақан маған » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын-жазушылар )
І топ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі- Ақан сері Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қоскөл деген жерде туған. Шын аты- Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Ақан білімді, орыс, татар, шағатай тілдеріне жүйрік. Әншілік шеберлігі жоғары . Онымен қоса жоғары талғам иесі, жүйрік атты, қыран құсты, құмай тазыны ұстап, баптай білген, саяткер болған. Ақан шығармаларын тану үшін тақырып жағынан 3 топқа бөліп жіктеуге болады.
ІІ топ
Ақан сері - сегіз қырлы, бір сырлы, ұлы талант иесі. Ақанның шығармашылық өнері- тазалықтың, әсемдіктің көрінісі. Ол жай ғана ақын емес, әнші - ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі орындаған.
Ақанның « Мақпал», « Ақмарал», « Зағипа », « Балқадиша», « Сырымбет », « Қараторғай», « Маңмаңгер »
, « Нәзік гүл » т. б әндері қазақ арасында кең таралған.
( Осы жерде « Балқадиша », « Сырымбет », « Үш тоты » әндерінің шығу тарихын айтады )
« Балқадиша » әнін тыңдайды.
ІІІ топ
Ақан ел есінде ақын, әнші, сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де танымал болған.
Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі - Құлагер еді.
( Осы жерде оның Құлагерді Шөкетай деген кісіден сатып алғанын, оны ерекше баптап, бағып күткенін, С. Жүнісовтың романынан үзінді келтіріп, айтып кетеді )
VІ топ
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы : Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы, Ілияс Жансүгіровтың « Құлагер » поэмасы, Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың « Ақан сері » өлеңі, Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы, « Құлагер » фильмі .
( Әр шығарма жайлы қысқаша түсінік беріледі, « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасынан үзінді- көрініс қойылады )
4. Сабақты қорытындылау
Балалар, жаңағы 4 топтың ізденіс жұмыстарын қорытындылап, бір арнаға тоғыстыру мақсатында Ой толғау жазайық . Мына екі тақырыптың біріне жазуға болады :
- Сегіз қырлы, бір сырлы Ақан аға !
- Мен сенің өнеріңе табынамын !
5. Айтарым бар
Сендердің ойларыңша, қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу
керек ?
- Бағалау
- Үйге тапсырма : Ақан өлеңдерін жаттау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz