Әкімшілік тест. І тоқсан. 8- сынып. Қазақстан тарихы

Әкімшілік тест. І тоқсан. 8- сынып. Қазақстан тарихы.
1. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтардың тәуелсіздігіне кім қауіп төндірді?
А) Қоқанд хандығы В) Қалмақтар С) Жоңғар хандығы
Д) Ресей мемлекеті Е) Қытай мемлекеті.
2. 1711 жылы қазақтардың өмірінде қандай елеулі өзгеріс болды?
А) Жоңғарлар шапқыншылығы В) Қазақтар жеңілісі
С) Үш жүздің жоңғарларды жеңуі. Д) Қоқандықтардың шапқыншылығы
Е) Қытаймен шайқас.
3. »Ақтабан шұбырынды» жылдары Қазақстанның қай аймағы көбірек зардап шекті?
А) Батыс В) Солтүстік С) Жетісу Д) Оңтүстік Е) Оңтүстік-батыс
4. 1725 жылы жоңғарлар қай қаланы басып алды?
А) Янгикент В) Томск С) Сайрам Д) Түркістан Е) Шымкент
5. Бұланды өзеніндегі шайқас қай жылы болды?
А) 1731ж. В) 1726 ж. С) 1729 ж. Д) 1718 ж. Е) 1713 ж.
6. Қазақтардың жоңғарларды ойсырата жеңген Аңырақай шайқасы қай жылы болды?
А) 1729 ж. В) 1723 ж. С) 1730 ж. Д) 1752 ж. Е) 1728 ж.
7. Ресеймен одақ болу үшін билер кеңесінің атынан келіссөз жүргізген кім еді?
А) Қазыбек би В) Төле би С) Қойдағұлұлы, Көштайұлы
Д) Тевкелев Е) Тәуке хан
8. 1731 жылғы ақпан айының 19 күні Кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі Жарлығына кім қол қойған?
А) ІІ Александр В) І Петр С) Анна Иоанновна Д) І Павел Е) ІІ Екатерина
9. Әбілқайыр ханмен Кіші жүздің 29 старшындары Ресейдің қол астына кіруге ант қай жылы берді?
А) 10 қазан 1731 ж. В) 12 көкек 1734 ж. С) 8 қараша 1730 ж.
Д) 19 қаңтар 1731 ж. Е) 20 мамыр 1742 ж.
10. Орта жүздің атақты саяси қайраткері Абылай қай жылы хандыққа сайланды?
А) 1723 ж. В) 1724 ж. С) 1730 ж. Д) 1771 ж. Е) 1734 ж.
11. Жоңғария қашан дербес мемлекеттігінен айырылып, өмір сүруін тоқтатты?
А) 1756 ж. В) 1750 ж. С) 1758 ж. Д) 1724 ж. Е) 1762 ж.
12. 1799 жылғы қараша айында Ертіс өзенінің оң жағасына қазақтарға жерді пайдалануға рұқсат берген кім?
А) І Александр В) І Павел С) Абылай хан Д) ІІ Екатерина Е) Нұралы хан
13. Қазақтар қай жылдары Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты?
А) 1782-1784 жж. В) 1772-1774 жж. С) 1773-1775 жж.
Д) 1772-1773 жж. Е) 1771-1775 жж.
14. 1773 жылы қарашаның 18-інде Нұралы ханның қандай сенімді өкілі Пугачевтің ордасында болды?
А) А. Тевкелев В) Сұлтан Досалы. С) Зәбір молда
Д) Ералы хан Е) И. Симонов
15. ХVІІ ғ. Бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай маңызы болды?
А) Қазақстанның байлығы қызықтырды
В) Азияға кіретін қақпа мен кілт ретінде
С) Қазақстанның арзан жұмыс күші
Д) Қазақтардың қолымен Жоңғарияны құртуды ойлады
Е) Қазақстанмен тең дәрежеде әскери одақ құру тиімділігі
16. Қазақтардан ант алуға Ресейден орыс елшілігін кім басқарып келді?
А) Чебуков В) Степанов С) Татишев Д) Тевкелев Е) Годунов
17. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батырларынан кімді білесіз?
А) Сырым Датұлы В) Исатай С) Кенесары Д) Бөгенбай Е) Амангелді
18. «Ақтабан шұбырынды» жылдарынан қазақ халқында қандай ән қалды?
А) Қараторғай В) Бозторғай С) Елім-ай Д) Ақсақ киік Е) Ақ жайық
19. Бөгенбай батыр қай ғасырда өмір сүрген?
А) VІІІ ғ. В) Х ғ. С) ХІІІ ғ. Д) ХVІ ғ. Е) ХVІІІ ғ.
20. Қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары қай жылдары болды?
А) 1726-1728 жж. В) 1723-1727 жж. С) 1729-1730 жж.
Д) 1723-1724 жж. Е) 1723-1725 жж.
21. 1718 жылы Аягөз бойындағы қазақ-жоңғар ұрысында қазақтардың жеңуіне қарамастан жағдайдың өзгермеу себебі неде?
А) Қазақтардың саны ұрыста өте аз болды
В) Жоңғарлардың әскери өнері өте жоғары болды
С) Қазақтар нашар соғысты
Д) Әбілқайыр, Қайып сұлтандар соғыс қимылын келісіп жүргізбеді
Е) Ауа-райының қолайсыздығы
22. Қазақтың қай дала ақыны Абылай ханның кеңесшісі болды?
А) Тәттіқара В) Үмбетей С) Бұқар жырау Д) Құрманғазы Е) Біржан сал
23. 1757-1760 жж. Абылай хан не себепті Қытайдың билігін мойындады?
А) Сауда жасау үшін
В) Қазақстанның аймақтық біртұтастығын сақтап қалу үшін
С) Хиуамен соғыс бастау үшін
Д) Орал өзенінің оң жағасындағы жерлерді қайтарып алу үшін
Е) Қамалдар салуды жалғастыру үшін
24. Тәуке хан қашан қайтыс болы?
А) 1716 ж. В) 1715 ж. С) 1717 ж. Д) 1718 ж. Е) 1714 ж.
25. Қарақұм маңындағы бас қосу қай жылы болды?
А) 1710 ж. В) 1711 ж. С) 1712 ж. Д) 1713 ж. Е) 1714 ж.
Кілт. 8-сынып
Әкімшілік бақылау жұмысы. 9- сынып. Қазақстан тарихы.
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Ресей қай әскери саяси блокқа кірді?
А) НАТО В) Варшава келісімі С) Антанта Д) Үштік Одақ Е) СЕНТО
2. Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?
А) 38 В) 40 С) 39 Д) 36 Е) 37
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған:
А) Сербтік ұлтшылдардың басқыншылығы. В) Отарлаудың басталуы
С) Австро-Венгрия империясының эрцгерцогін өлтіру
Д) Белградты бомбалау Е) Түріктердің Дарданел бұғазын жауып тастауы
4. »Бұратаналық» халықтардың ер адамдарын тыл жүмыстарына шақыру жөніндегі жарлық қай уақытта шықты?
А) 1917 жылғы 16 шілде В) 1916 жылғы 25 шілде
С) 1916 жылғы 25 маусым Д) 1916 жылғы 23 шілде Е) 1925 жылғы 20 шілде
5. Патшаның жарлығы бойынша неше жастағы ер адамдарды тылдағы жұмысқа алуғатиіс еді?
А) 17-43 В) 16-40 С) 17-42 Д) 18-40 Е) 19-43
6. 1916 жылы Торғай өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс кезінде сардарбек болып кім тағайындалды?
А) Ә. Жанбосынов В) А. Иманов С) Б. Шолақ Д) Т. Бокин Е) Б. Әшекеев
7. 1916 жылғы көтерілісте Торғай өлкесінде кім хан болып тағайындалды?
А) Б. Әшекеев В) Т. Бокин С) Ә. Жанбосынов Д) Ж. Мәмбетов Е) А. Иманов
8. Амангелді сарбаздары Торғайды қашан басып алды?
А) 1918 ж. В) 1916 ж. С) 1917 жылдың басында
Д) 1917 жылдың соңында Е) 1916 жылдың соңында
9. 1916 жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері қандай болды?
А) Басқа ұлттардың қатысуы В) Тек қана қазақтардың қатысуы
С) Қозғалысқа балалардың қатысуы Д) Көшпенділердің қатысуы
Е) Тек қана қызметкерлердің қатысуы
10. ХХ ғасырдың басында жұмысшы-шаруа қозғалысының өсуіне не итермеледі?
А) Соғыстың ауыртпалығы В) Ауыл шаруашылығының дамуы
С) Темір жол құрылысы
Д) Көшпенділердің жаппай отырықшылыққа көшуі
Е) Пролетариаттың құрылуы
11. Қазақ интеллигенциясы басшыларының ішінде кім халықты қарулы көтерілістен бас тартуға шақырды?
А) Б. Әшекеев В) Т. Бокин С) М. Дулатұлы Д) Ж. Мәмбетов Е) А. Иманов
12. Қос өкіметтілік деген не?
А) Уақытша үкімет пен монорхия В) Уақытша үкімет пен Кеңестер
С) Уақытша үкімет пен «Алаш орда» Д) Монархия мен Қазақтар кеңесі
Е) Монархия мен Түркістанның уақытша мұсылмандық үкіметі
13. «Қазақ» газеті қашан жабылды?
А) 1917 ж. В) 1918 ж. С) 1920 ж. Д) 1921ж. Е) 1922ж.
14. Уақытша халықтық кеңес «Алаш орда» үкіметі қашан құрылды?
А) 1917ж. В) 1918ж. С) 1919ж. Д) 1916ж. Е) 1920ж.
15. Алаш Орда үкіметін кім басқарды?
А) М. Дулатұлы В) Б. Қаратайұлы С) Ә. Бөкейханұлы
Д) А. Байтұрсынұлы Е) М. Шоқай
16. 1917 жылы Түркістанда оппозициялық Уақытша мұсылман үкіметінің басшысы кім болды?
А) М. Шоқай В) М. Тынышбайұлы С) Ә. Бокейханұлы
Д) А. Жангелдин Е) М. Жұмабаев
17. Кеңес Өкіметі Қазақстанның қай жерінде бірінші орнады?
А) Перовскіде В) Оралда С) Орынборда Д) Петропавлда
Е) Ақмолада
18. Қазақстандағы азамат соғысы жылдарын көрсетіңдер
А) 1917-1918 жж. В) 1917-1920 жж. С) 1918-1920 жж.
Д) 1919-1920 жж. Е) 1917-1919 жж.
19. Қазақстанда шетелдік интервенция қашан басталды?
А) 1917ж. В) 1918ж. С) 1919ж. Д) 1920ж. Е) 1921ж.
20. КазАКСР-інің тұңғыш астанасын көрсет
А) Түркістан В) Қызылорда С) Орынбор Д) Алматы Е) Семей
21. Черкасск қорғанысы қашан болды?
А) 1918 жылғы маусым-1919 жылғы қазан
В) 1917 жылғы ақпан-1918жылғы қазан
С) 1918 жылғы мамыр -1919 жылғы шілде
Д) 1917 жылғы маусым- 1918 жылғы қазан
Е) 1917 жылғы мамыр- 1918 жылғы шілде
22. »Қара жұмысшылар одағы» қашан құрылды?
А) 1917 жылдың шілдесінде В) 1917 жылдың мамырында
С) 1917 жылдың маусымында Д) 1918 жылдың шілдесінде
Е) 1918 жылдың мамырында
23. 1916 жылғы көтеріліс кезінде Жетісудың генерал- губернаторы кім болды?
А) Куропаткин В) Фольбаум С) Виноградов Д) Тевкелев Е) Татищев
24. 1913 жылы «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» -деп кім жазды?
А) М. Дулатов В) А. Байтұрсынов С) Ә. Бөкейханов Д) М. Тынышпаев
Е) М. Шоқай
25. »Жүрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» деп кім айтқан?
А) М. Дулатов В) Ә. Бөкейханов С) С. Сейфуллин Д) А. Байтұрсынов
Е) М. Тынышпаев
Кілт
Екінші бөлімді қайталау сұрақтары. 5 сынып. Қазақстан тарихы.
1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?
А) 1 млн жыл бұрын Ә) 40 мың жыл бұрын
Б) 2 млн жыл бұрын В) 5 млн жыл бұрын
2. Ежелгі адамдардың тұрағы Қазақстанның қай аумағынан табылды?
А) Жоңғар Алатауынан Ә) Қаратау маңынан
Б) Торғайдан В) Үстірттен
3. Ежелгі адам тері өңдеуде қандай құралды пайдаланды?
А) Тас Ә) Қырғыш Б) Дротик В) Гарпун
4. Адамзат тарихындағы өте ұзаққа созылған кезең:
А) Тас дәуірі Ә) Қола дәуірі Б) Темір дәуірі В) Орта ғасырлар
5. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?
А) Қорғасын мен қалайы Ә) мыс пен темір
Б) Қалайы мен мыс В) Қалайы мен темір
6. Андрон тайпалары қыш ыдыстарының негізгі орнаменті . . .
А) Аң стилі Ә) Геометриялық бейнелер
Б) Адамдар өмірінен көріністер В) Әскери көріністер
7. Сақтар туралы жазған грек тарихшысы, тарих атасы.
А) Анахарсис Ә) Рашид ад-Дин Б) Геродот В) Фукидид
8. Сақтардың негізгі баспанасы:
А) Қыстау Ә) Сарай Б) Киіз үй В) Кесене
9. Б. з. б. 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшасы кім?
А) Спаргапис Ә) Томирис Б) Тарғытай В) Колоксай
10. Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы:
А) Дарий Ә) Гобри Б) Ескендір Зұлқарнайын В) Пероз
11. Сақтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігі.
А) Көшпелі мал шаруашылығы Ә) Аң стилі
Б) Күнге табыну В) Обалар
12. «Алтын киімді адам» қай қорғаннан табылды?
А) Күлбадан Ә) Есік қорғанынан Б) Берелден В) Қаратаудан
13. Ғұндардың өмірінде шаруашылықтың қай түрі маңызды болды?
А) Теселі егіншілік Ә) Жайылымдық мал шаруашылығы
Б) Үй маңылық мал шаруашылығы В) Көшпелі мал шаруашылығы
14. Ғұн билеушісінің атағы:
А) Тәңірқұты Ә) Шаньюй Б) Король В) Хан
15. »Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қай тайпа түрткі болды?
А) Аландар Ә) Остготтар Б) Ғұндар В) Вестготтар
16. Б. з-дың V ғасырындағы ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды?
А) Мөде Ә) Аттила (Еділ) Б) Тұман В) Пероз
17. Түрік қағанатын құрған кім?
А) Аттила (Еділ) Ә) Бумын Б) Мөде В) Тұман
18. Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
А) Б. з-дың 44 жылы Ә) Б. з-дың 552 жылы
Б) Б. з-дың 715 жылы В) Б. з-дың 714 жылы
19. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қайдан табылған?
А) Персопольден Ә) Сібірден
Б) Орхон өзені бойынан В) Грекиядан
20. Ежелгі түркі жазуларын тұңғыш рет кім оқыды?
А) Юстиниан Ә) Ф. Страленберг Б) Ә. Марғұлан В) В. Радлов
21. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?
А) Б. з. б. IV ғ. Ә) Б. з. б. II ғ. соңы Б) Б. з. VI-VIII ғ. В) 1921 жылы
22. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды?
А) Грекиядан Ә) Римнен Б) Ираннан В) Қытайдан
23. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?
А) Отырар Ә) Испиджаб Б) Тараз В) Йасы
24. Әл-Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерген?
А) Парсы Ә) Латын Б) Қытай В) Көне грек
25. Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталады?
А) Орда Ә) Шахристан Б) Рабат В) Базар
26. Қай қала қыпшақтардың басты саяси және мәдени орталығы саналады?
А) Сығанақ Ә) Испиджаб Б) Тараз В) Йасы
27. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
А) Б. з. б. V ғ. Ә) Б. з. б. II ғ. Б) VI-VIII ғ. В) XVI ғ.
28. Қала қанша дуалмен қоршалған?
А) 1 Ә) 4 Б) 2 В) 6
29. »Алтын киімді адам» киімі қанша алтын ?
А) 2 мыңға жуық Ә) 3 мыңға жуық Б) 4 мыңға жуық В) 5 мыңға жуық
30. Шөл далада парсы әскерін адастырған сақ жауынгерін атаңдар.
А) Шырақ Ә) Спаргапис Б) Липоксай В) Арпоксай
І тоқсан. Бақылау жұмысы. 5-сынып. Қазақстан тарихы.
1. Тарих сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) Өткен оқиғалар жайлы әңгімелер; В) Жыл санау;
С) Өткенді есте сақтау; Д) Қағазға түсіру;
2. « Тарихтың атасы» деп кімді атайды?
А) Страбонды; В) Геродотты; С) Эротосфенды; Д) Птоломейді;
3. Жазба тарихтың негізін салушы:
А) Алаша хан В) Геродот С) Рашид ад-Дин Д) Әл-Фариби
4. Қазақстан тарихы қанша кезеңге бөлінеді ?
А) Төрт; В) Екі; С) Үш; Д) Алты;
5. Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?
А) Заңдар; В) Эпос; С) Жұмбақтар; Д) Киім-кешек;
6. Гомердің « Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?
А) Баласағұн В) Троя С) Афины Д) Александрия
7. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы.
А) Археология В) Этнография С) Антропология Д) Топономика
8. Орталық Азияда б. з-дың 5 ғасырында қандай жазу пайдаланылды?
А) Ұйғыр жазуы В) Руна жазуы С) Иероглиф Д) Пиктография
9. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды?
А) Ұйғыр жазуы В) Сына жазуы С) Иероглиф Д) Пиктография
10. Ахмет Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?
А) Латын В) Кириллица С) Араб Д) Иероглиф
11. Археология термині қай ғасырдан бастап қолданыла бастады?
А) б. з. б. ІІ ғ. В) б. з. б. IVғ. С) б. з. III ғ. Д) б. з. XVI ғ.
12. Дүние жүзінде қанша этнос бар?
А) 200 В) 470 С) 1200 Д) 3000
13. Ономастика ғылымының қай саласы жер-су атауларының тарихын зерттейді ?
А) Антропонимика В) Топонимика С) Этнонимика Д) Теонимия
14. Көне замандардың жазба құжаттары қайда сақталады?
А) Театрда В) Мұрағатта С) Баспада Д) Мектепте
15. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап тапты?
А) Қазақтар В) Египеттіктер С) Римдіктер Д) Шумерлер
16. Біздің заманымыз қандай оқиғадан басталады?
А) Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуімен
В) Иисус Христостың дүниеге келуімен
С) Мұхаммед пайғамбардың Мединеге қоныс аударуымен
Д) Иисус Христостың қайта тірілуімен
17. Күнге табынудан қазақ жерінде қандай ескерткіштер қалған?
А) Пирамида В) «Мұртты қорғандар» С) Обалар Д) Кесенелер
18. Ежелгі түріктер неге табынған?
А) Тәңірге В) Жаратушыға С) Күнге Д) Тауға
19. Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?
А) Тарихи В) Физикалық С) Саяси Д) Географиялық
20. Тарихи оқиғаларды суреттейтін карталар қалай аталады?
А) Тарихи В) Физикалық С) Саяси Д) Географиялық
21. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?
А) 14 В) 16 С) 15 Д) 17
22. Қазақстан Республикасы Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі?
А) Ресей Федерациясымен В) Қырғызстанмен С) Әзірбайжанмен
Д) Түрікменстанмен
23. Қазақстандағы ең биік жер;
А) Қаратау В) Ұлытау С) Хантәңірі шыңы Д) Алатау
24. Қазақстанда қаншаға жуық өзендер бар?
А) 5 мыңға В) 85 мыңға С) 40 мыңға Д) 814
25. Тың игеру жылдары Қазақстанға қанша өзге ұлт өкілдері қоныстандырылды?
А) 35 мың В) 2 млн-дай С) 48 мың Д) 630 мың
26. Мемлекет құрған этностардың саны қанша?
А) 75 В) 46 С) 110 Д) 200-дей
27. Қазақстан Республикасының батысынан шығысына дейінгі шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым?
А) 3000 шақырым В) 51000 шақырым С) 15000 шақырым Д) 8000 шақырым
28. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?
А) Түркістан В) Алматы С) Ақтау Д) Атырау
29. Қазақстанның бұрынғы астаналарын болған уақытына қарай ретімен жазып шық.
А) Алматы В) Орынбор С) Түркістан Д) Қызылорда
30. 1924-1928 жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қала
А) Алматы В) Орынбор С) Түркістан Д) Қызылорда
31. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?
А) 1 млн жыл бұрын В) 2 млн жыл бұрын
С) 40 мың жыл бұрын Д) 5 мың жыл бұрын
32. Ежелгі адамдардың тұрағы Қазақстанның қай аумағынан табылды?
А) Жоңғар Алатауынан В) Қаратау маңынан С) Торғайдан
Д) Үстірттен
33. Ежелгі адам тері өңдеуде қандай құралды пайдаланды?
А) Тас В) Қырғыш С) Дротик Д) Гарпун
34. Адамзат тарихындағы өте ұзаққа созылған кезең;
А) Тас дәуірі В) Қола дәуірі С) Темір дәуірі Д) Орта ғасырлар
35. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?
А) Қорғасын мен қалайы В) Қалайы мен мыс
С) Мыс пен темір Д) Қалайы мен темір
36. Андрон тайпалары қыш ыдыстарының негізгі орнаменті . . .
А) Аң стилі В) Адамдар өмірінен көріністер
С) Геометриялық бейнелер Д) Әскери көріністер
37. Сақтар туралы жазған грек тарихшысы, тарих атасы.
А) Анахарсис В) Рашид ад-Дин С) Геродот Д) Фукидид
38. Сақтардың негізгі баспанасы:
А) Қыстау В) Сарай С) Киіз үй Д) Кесене
39. Б. з. б. 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшасы кім?
А) Спаргапис В) Томирис С) Тарғытай Д) Колоксай
40. Сақ-скиф жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы:
А) Дарий В) Гобри С) Ескендір-Зұлқарнайын Д) Пероз
5-сынып І тоқсан бақылау жұмысы.
Кілт. Қазақстан тарихы.
Бақылау жұмысы. І тоқсан. Қазақстан тарихы. 6-сынып. Алматы «Атамұра»2011
1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
А) Сүйектен Ә) Тастан Б) Қоладан В) Темірден Г) Ағаштан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz