Тармақталу командасының Паскаль тілінде жазылуы

Қаниева Айнұр Қылышбайқызы
Шетпе лицейінің информатика
пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу командасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету;
Алгоритмдік ойлау стилін дамыту;
Тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындау жауапкершілігіне тәрбиелеу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру,
компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы
сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа материалды игеру, практикалық
Сабақтың әдісі: Блум жүйесі
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Өтілген материалдарды қайталау
- Жаңа сабақ.
- Білімділік сатысы.
- Түсіну сатысы
- Талдау сатысы
- Қолдану сатысы
- Жинақтау сатысы
- Бағалау.
- Үйге тапсырмаҰйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта сіздермен не өткен болатынбыз? Сызықтық алгоритм.
- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
- Блок схемасы қалай орындалады?
1 бөлім. Оқушы қызығушылығын арттыру
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бағалау парақтары таратылады. Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға 2 есептен беріледі. Біреуінде есептің қатесін табу. Екіншісінде математикалық өрнек арқылы бағдарлама құру.
№1 Тапсырма.
1-топқа
- Бағдарламаның қатесін тап.
Program misal1;
begin
Var S1, S2, S3, v1, v2, v3,
t1, t2, t3:real;
write(‘v1, v2, v3, t1, t2, t3 -терді енгіз’) ;
readln(v1, v2, v3, t1, t2, t3) ;
s1:=v1*t1
s2:=v2*t2;
s3:=v3*t4;
S:=s1+s2+s3;
readln(‘S=’, s:7:2) ;
Readln;
End.
2-топқа
program esep;
var x1, x2, x3, y1, y2, y3, a, b, s, p : real;
begin
readln(x1, x2, y1, y2, x3, y3) ;
write('x1, x2, y1, y2, x3, y3 координат мәндерін енгіз') ;
a:=sqrt(sqr(x1-x2) +sqr(y1-y3) ) ;
b:=sqrt(sqr(x2-x3) +sqr(y2-y3) ) ;
c:=sqrt(sqr(x3-x4) +sqr(y1-y3) ) ;
p:=(a+b+c) ;
s:=sqrt(p*(p-a) *(p-b) *(p-c) ) ;
readln;
write('s=', s) ;
end.
№2 Тапсырма.
1-топқа
- y=(cosx+sinx) 5*xy = \frac{\sqrt{\left \left( \cos x + \sin x \right) \right}}{5*x}y=(cosx+sinx) 5*xy = \frac{\sqrt{\left \left( \cos x + \sin x \right) \right}}{5*x}функциясының Паскаль тілінде бағдарламасын құру.
2-топқа
- y=a2+b2absin3xy = \frac{a^{2} + b^{2}}{{ab}^{\sin^{3}x}}y=a2+b2absin3xy = \frac{a^{2} + b^{2}}{{ab}^{\sin^{3}x}}функциясының Паскаль тілінде бағдарламасын құру.
Топтардың жауаптарын бір-бірімен ауыстырып, оқушыларға дұрыс жауаптарын тақтадан тексертемін. Қателерін тауып, екінші топқа бағаларың қояды. Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, қорытынды жасаймын.
-Осы есептерде бөлшектің бөлімі нөлге тең болғанда функцияның мәні анықталмайды. Олай болса, бұл есептерді шешуде сызықтық алгоритмді қолдана алмаймыз екен. Бұл есепті шешу үшін « тармақталу командасы» деп аталатын алгоритмдерді қолдану қажет болады. Ендеше бүгін Тармақталу командасымен танысамыз.
Жаңа сабақ
Назар аударатынымыз:
- Тармақталу командасы;
- Тармақталу командасының блок-схемасы;
- Тармақталу командасының алгоритмдік тілде жазылуы;
- Тармақталу командасының Паскаль тілінде жазылуы;
- Тармақталу командасының толық түрі;
- Тармақталу командасының қысқартылған түрі;
- Шартсыз көшу операторы;
- Қатынас белгілері.
Білімділік сатысы.
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер - алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 - жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы - ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер, then - онда, else - әйтпесе.
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады. }
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;
Көшу операторы (GOTO)
Әдетте Паскальда программа операторлары қалай жазылса, сондай
реттілікте, белгілі бір тәртіппен орындалады. Кейде берілген тәртіпті бұзып, программаның басқа бір бөлігіндегі нүктеге (операторға) басқару мүмкіндігін
беру қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта көшу (ауысу) операторы
қолданылады.
Форматы:
GOTO белгі;
Турбо -Паскальдағы белгі қолданушы арқылы еркін
енгізілген сілтеме жасау идентификаторы. Тамға ретінде 0-999-ға дейінгі бүтін
сандарды пайдалануға болады.
Мысалы:
. . .
GOTO 99;
. . .
99: WRITELN (‘АУЫСУ ОПЕРАТОРЫ ОРЫНДАЛАДЫ’) ;
Программада қолданылатын белгілер белгілерді баяндау бөлімінде
қамтылуы тиіс.
LABEL тарауында баяндалады.
Мысалы: LABEL 5. 99. 100
Тармақталудың орындалу түрлері:

Тармақталу командасы:
а) толық пішіні:
егер шарт
онда 1 серия
әйтпесе 2серия
ә) қысқартылған түрі
егер шарт
онда серия
әйтпесе
Шартты оператор:
If шарт then begin
1-серия
end
else begin
2-серия
end;
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
Және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар құрама шарттар деп аталады. Логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.
Pascal тілінде логикалық операцияларды енгізейік:
және
немесе
емес
and
or
not
Тармақталған алгоритмге мысал:
Блок схема
Алгоритмдік тіл
Pascal тілі
алг есептеу
басы
енгізу Х
егер Х<=0
онда Y:=X²
әйтпесе Y=√Х
бітті
шығару у
соңы
program ec1;
var x, y: real;
begin
readln(x) ;
if x<=0
then y:=sqr(x)
else y:=sqrt(x) ;
writeln (‘y=‘, y:2:0) ;
end.
Түсіну сатысы
Жаңа сабақты түсіну үшін «Ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті сөздерді қойып жазады)
Талдау сатысы.
- Мына жазылған бағдарлама бойынша не есептеледі(формуласын анықта) .
program j;
var x, y:integer;
begin
read(x) ;
if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;
write('y=', y) ;
end.
Жауабы:
- Мына алгоритмдік тілде жазылған есептің Pascal тілінде бағдарламасын құр.
Алг ЕСҮТ( арг нақ А, В, нәт лит max)
басы
енгізу А, В
егер А>B
онда max:=A
әйтпесе max: =В
бітті
шығару max
Соңы
Жауабы:
Program ECYT;
Var a, b, y:real;
begin
readln(a, b) ;
if a>b then y:=a else y:=b;
writeln(‘y=‘, y) ;
end.
Қолдану сатысы
Практикалық жұмыс:
- aX2+ bX + c = 0
- Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құрыңыз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz