4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Кім болғым келеді? Мамандықтар мен дауыссыз дыбыстар

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

№26 орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Кім болғым келеді? Дауыссыз дыбыстар.

Өткізген: Асқарова Г. А.

4 «Г» класы

Ақтөбе - 2012

Сабақтың тақырыбы: Л. т. : Кім болғым келеді?

Г. т. : Дауыссыз дыбыстар(ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты.

Білімділік - оқушыларға мамандықтар туралы түсінік бере отырып, оларға мамандықты дұрыс таңдай білуге үйрету, білімдерін тереңдету; дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық - оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту; сөздік қорын молайту; өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік - білімге қызығушылығын арттыру, әр мамандық иесін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кубик, суреттер, плакат.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) оқу құралдарын тексеріп, оқушының зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық ( 2-ші слайд ашылады) .

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-тапсырма (85-бет) . Өлеңді оқу, жаттау.

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын.

( Т. Молдағалиев)

5-тапсырма (85-бет) . Сөйлем құрап жаз.

Үлгі: сатушы дүкенде жұмыс істейді.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

Интерактивті тақтадан 3-ші слайд ашылады.

«Кубизм» стратегиясы бойынша өткен сабақтың жаңа сөздерін еске түсіру:

  1. Молодой, пожилой, дружный - жас, кәрі, тату;
  2. Видел, позвал, приду - көрді, шақырды, келемін;
  3. Поёт, танцует, шьёт - ән айтады, билейді, тігеді;
  4. Жители, профессия, нужно - тұрғындар, мамандық, керек;
  5. Зубной врач, пекарь - тіс дәрігері, наубайшы;
  6. Жарит, пекут, ценить - қуырады, пісіреді, қадірлеу.

ІV. Жаңа сабақ.

Интерактивті тақтадан 4-5-6 слайдтар көрсетіледі.

Жаңа тақырыпты түсіндірместен бұрын, төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Осы уақытқа дейін қандай мамандықтармен таныс болдыңдар?
  2. Олардың негізгі жұмысы қандай?

-Жарайсыңдар, балалар! Мамандықтардың біраз түрін танып, білген екенсіңдер! Ендеше бүгін біз қосымша тағы да жаңа мамандықтармен таныс болайық!

Ұшқыш - лётчик

Ғарышкер - космонавт

Ғалым - учёный

7-слайдтан «Артық болмас білгенің . . . » айдары көрсетіледі.

V. Жаңа сабақты игерту тапсырмалары.

8-слайд көрсетіледі.

  • 1 - тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.

Ең алдымен өзім мәнерлеп оқимын. Содан соң кезекпе - кезек оқушылар оқып, аударады.

Мамандық

Мамандық өте көп. Мен мектепте жақсы оқимын. Математика сабағын өте жақсы көремін. Компьютерде есептер шығарамын. Мұғалім маған көп есеп береді. Менің ғалым болғым келеді.

  • Жұптық жұмыс.

Әр партаға 2 оқушыдан әр түрлі мамандық иелерінің суреттері бар парақ таратылады. 1-ші оқушы «Бұл кім?», 2-ші оқушы «Ол не істейді?» деген сұраққа жауап беруі керек (9-слайд ) .

Құрылысшы. Құрылысшы үй салады.

Аспазшы. Аспазшы тамақ пісіреді.

Шаштараз. Шаштараз шаш қияды.

Етікші. Етікші етік тігеді.

Кітапханашы. Кітапханашы кітап береді.

Тігінші. Тігінші киім тігеді.

Дәрігер. Дәрігер сырқаттанған адамдарды емдейді.

  • Дәптермен жұмыс.

10- слайд көрсетіледі.

  • 3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Менің шеше. . М. . - дәрігер.

Сенің шеше. . Ң. . - сатушы.

Менің әке. . М. . - құрылысшы.

Сенің әке. . Ң. . - ұшқыш.

Менің аға. . М. . - студент.

Сенің аға. . Ң. . - оқушы.

VI. Сергіту сәті.

11- слайд көрсетіледі.

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық!

  • Тақтамен жұмыс (дауыссыз дыбыстарға арналған тапсырма) .

Тақтаға 2 оқушы етікші және балықшы деген сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.

Етікші - 3 буын; 1, 3 - ашық буын; 2 - бітеу буын.

Е - дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

Т - дауыссыз, қатаң.

І - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

К - дауыссыз, қатаң.

Ш - дауыссыз, қатаң.

І - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

Балықшы - 3 буын; 1, 3 - ашық буын; 2 - бітеу буын.

Б - дауыссыз, ұяң.

А - дауысты, жуан, езулік, ашық.

Л - дауыссыз, үнді.

Ы - дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Қ - дауыссыз, қатаң.

Ш - дауыссыз, қатаң.

Ы - дауысты, жуан, езулік, қысаң.

Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.

VIІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сөзжұмбақ беріледі. Сұрақтың жауабы әріптерді дұрыс қосу арқылы табады.

  1. Дәмді тамақтар пісіретін адамды қалай атаймыз? (аспаз)
  2. Азық-түлік дүкенінде сататын адамды қалай атаймыз? (сатушы)
  3. Тоқтар Әубәкіров кім? (ұшқыш)
  4. Ғылыммен айналысатын адамды қалай атаймыз? (ғалым)
  5. Роза Рымбаева кім? (әнші)
А
С
С
А
Т
А: Ұ
С: П
С: А
А: З
Т: У
А: Ш
С: А
С: Л
А: Ә
Т: Ш
А: Қ
С: Ғ
С: Ы
А: Н
Т: Ы
А: Ы
С: Ш
С: М
А: Ш
Т: І

VIII. Үйге тапсырма.

12-слайд көрсетіледі.

  1. Сөздік жаттау;
  2. «Кім болғым келеді?» тақырыбында шағын шығарма жазу.

ІX. Бағалау.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Кім болғым келеді: 2-сыныпқа арналған мамандықтар туралы әдебиеттік оқу сабағы
4-сынып қазақ тілі ашық сабағы: Кім болғың келеді? (Мамандықтар)
Кім болғым келеді? Қалау райы арқылы мамандықтарды танып-білу (5-сынып, ашық сабақ)
Дауыссыз дыбыстар мен олардың түрлері: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ
Дауыссыз дыбыстар мен олардың түрлері: 5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ғарышкер болғым келеді! - мектеп оқушыларына арналған білім-танымдық сайыс
2-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Мұқағали Мақатаевтың Сәби болғым келеді ертеңгілігі, түбір мен қосымша, зат есім және математика пысықтауы
3-сыныпқа арналған логопедия сабағы: дауысты мен дауыссыз дыбыстар, дыбыс-әріп талдауы және артикуляциялық жаттығулар
Дауыссыз дыбыстар: 5-сынып қазақ тілі сабағының жоспары
Дауыссыз дыбыстардың емлесі: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz