Құжат схемасы

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей

Ашық сабақ

MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс

Пән мұғалімі: Баймұхаметова А

Келісемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«» 20 Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ДК де ұқыпты, таза, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: MS Word мәтіндік редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді, барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: ДК, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, стикер, А3 қағаздары, түрлі түсті қаламдар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Семинар сабақ.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест

ІІІ. Топқа бөлу. Топ аттары: І то п - Компьютердің негізгі құрылғылары,

ІІ топ - Компьютердің қосымша құрылғылары .

Бүгінгі үйренеріміз, яғни тақырыбымыз «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс». Топтарға жаңа тақырыпқа байланысты мәтіндер үлестіремін, оқып таныса отырып, өз ойларыңызды постерге түсіріп, араңыздан бір оқушы шығып қорғайды.

ІҮ. Жаңа сабақ. «MS Word мәтіндік процессоры, құжатпен жұмыс»

Компьютердің негізгі құрылғылары тобына:

MS Word - бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған MS Office құрамына кіретін бағдарлама. MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

- құжаттарды құру және теру,

- қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды пішімдеу,

- кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану,

- емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау,

- іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды қолдану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері :

- математикалық формулаларды енгізу күрделі,

- растрлық графикаларға арналмаған.

MS Word мәтіндік процессорын бірнеше әдіспен іске қосуға болады.

  • Іске қосу(Пуск) -Программалар - MS Office - MS Wordкомандаларын орындау арқылы.
  • Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен.

MS Office тақтасындағы батырмалармен.

- Word қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады. (суретін көрсету)

- Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жол, меню жолы, стандартты құрал-саймандар тақтасы (Стандартная), пішімдеу тақтасы (форматирование), сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті, айналдыру жолағы, шегініс маркері, қалып-күй жолы.

- Терезенің тақырыбында құжат атымен программаның аты көрсетіледі.

MS Word - пен жұмыс істей отырып, негізінде екі құрал - саймандар тақтасын пайдаланамыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандарты (Стандартная) тақтасы мен Пішімдеу (Форматирование) тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет.

- Стандартты тақтада ең жиі қолданылатын командаларды шақыруға арналған батырмалар бар. Қандай да бір батырманың міндетін білу үшін оған тышқанды орнатсақ, біраз уақыттан соң оның астыңғы жағында берілген батырманың қысқаша атауы көрсетілген шағын жақтау пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын функциясын көрсетеді.

:
Құру: Құру
:
Болдырмау: Болдырмау
:
Құру: Ашу
:
Болдырмау: Қайталау
:
Құру: Сақтау
:
Болдырмау: Кестелер және шекаралар
:
Құру: Басу
:
Болдырмау: Кесте қосу
:
Құру: Алдын ала қарау
:
Болдырмау: Excel кестесін қосу
:
Құру: Дұрыс жазу
:
Болдырмау: Бағандар
:
Құру: Қиып тастау
:
Болдырмау: Сурет салу
:
Құру: Көшірмелеу
:
Болдырмау: Құжат схемасы
:
Құру: Кірістіру
:
Болдырмау: Басылмайтын символдар

WordPad- тағы сияқты Word- та екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.

- Кірістіру нүктесі - жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.

- І меңзер - терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы І латын әріптің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында маус нұсқағышының кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.

Компьютер тобына:

- Терезедегі екінші панель - бұл Мәтіндік құжатты Пішімдеу тақтасы. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар.

Аспаптардың “пішімдеу” панелі

:
Стиль: Стиль
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Оң жақ шеті бойынша туралау
:
Стиль: Қаріп
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Ені бойынша туралау
:
Стиль: Өлшемі
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Нөмірлеу
:
Стиль: Қарайтылған
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Маркерлеу
:
Стиль: Курсив
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Сыртқы шекаралар
:
Стиль: Астын сызу
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Түспен ерекшелеу
:
Стиль: Сол жақ шеті бойынша туралау
:
Оң жақ шеті бойынша туралау: Қаріп түсі
:
Стиль: Ортаға туралау

Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:

- әр түрлі қаріптерді пайдалану,

- құжат өрісінің шекараларын өзгерту: сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін анықтау,

- мәтінді бағандарға бөлу, т. б.

- батырмаларын қолданып қаріп түрін және өлшемін, жартылай қалың, курсивпен жазу, асты сызылған етіп пішімдеуге болады. Сол сияқты мәтінді туралау батырмаларымен сол жақ, орта, оң жақ және еніне туралауға болады.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  • Файл - Шығукомандаларын орындау.
  • Alt + F4батырмалар комбинацияларын басу.
  • MS Wordпрограммасының тақырып жолындағы жабу батырмасымен.

MS Word терезесін жабу кезінде қүжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға сұхбат терезе шығады. Осы сұхбат терезе арқылы файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз. Ия, Жоқ, Болдырмау батырмаларының қажеттісін басамыз.


Ұқсас жұмыстар
Құжаттың құрылымы, беттерді нөмірлеуі, колонтитулдер
Ақпараттық модель түрлері
Күнделікті сабақ жоспары
Блокнот қолданбасының құжаты
Ms word мәтіндік редакторы
Файлдар мен қашықтар
Компьютерлік желінің негізгі түрлері. жергілікті желілер. байланыс хаттамалары. желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Шартты оператор
Триггердің схемасы
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz