Ұбт-ға дайындық кезінде жеке білім беру картасын қолданудың мүмкіндіктері

Қазақ тілінен білім сапасы деңгейін арттыруда жеке білім беру картасын қолданудың маңызы.

Мамалакова К. С., Абдрахманова К. Т.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектебі» КММ

ҰБТ-ға дайындық кезінде жеке білім беру картасын қолданудың мүмкіндіктері

Кез келген сабақтың тиімділігі мұғалім оқушыларға не бергенімен емес, олар оқыту үдерісінен не алғанымен анықталады (сабақтан немен кетті) . Мұғалімнің міндеті - оқыту үдерісін оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуымен, олардың саналық әрекетінің негізгі тетіктері қалыптасумен байланыстыра білу. Мұғалім әрекетінің сынағы соңғы нәтиже болып табылады: оқушыға тек пән бойынша білім беріп қана қоймай, тұлға қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық әрекеті тек жаңаны қабылдауымен шектелмейді. Жұмыс оқушы өзі ойланғанда, тапсырма беріліп, ол игерілген білім арқылы шешімін тапқанда ғана шығармашылық болады.

Осылайша, оқушы мұғалім оқытатын адам емес, керісінше мұғалімнен үйренетін адам. Мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырушы, оқушыларға қажетті қолдау мен көмекті беретін жеке іс-әрекет жетекшісі ретінде көрінеді. Бұл оқыту үдерісінде басты «жұмысшы» оқушы болатын, оқыту әрекеті тұлға қалыптастыруға бағытталған, ал негізгі түрткісі оқу-танымдық болып табылатын сабақ.

Білім үдерісіне ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу бізден, қазақ тілі мұғалімдерінен тек оқушыларды ҰБТ-ға дайындау әдістемесін өзгертуді ғана емес, сонымен қатар тақырыпты түсіндіру, бекіту және қайталау тәсілдерін өзгертуді талап етті. Бір түрі - тест бойынша үй тапсырмалары, бұл әр оқушының әр тақырып бойынша білім деңгейін бақылауға және қайталау үдерісін жекешелендіруге мүмкіндік береді. Тексеруден кейін қателерді талдау, сонымен қатар ерекше қиындық тудырған тапсырмаларды талдау жүзеге асырылады. Осы бақылау жұмысының тапсырмалары қазақ тіліне деген қызығушылықты тудырып, өздік жұмыс орындау дағдыларын қалыптастырады.

ҰБТ- ға дайындаудың ең тиімді тәсілі, біздіңше, мұғалім дайындайтын жеке білім беру картасы болып табылады. Әр оқушыға пән бойынша тест тапсырғаннан кейін жеке білім беру картасы жасалады. Жеке карта пән бойынша оқу материалдарының тақырыптық тізімін құрайды. Ол тест тапсырғаннан кейін қалыптасады және үнемі кезекті тесттен кейін өзгеріп отырады.

Кесте 1. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (10 сынып)

Этап, цель работы: Этап, цель работы
Вид работы(что делать):

Вид работы

(что делать)

Сроки: Сроки
Как делать, что использовать?: Как делать, что использовать?
Оценка: Оценка
Этап, цель работы: Қазақ отбасы. Фонетика. Дыбыс үндестігі.
Вид работы(что делать):

1. Повторить теоретический материал.

2. Выполнить фонетический разбор.

3. Пересказать тексты.

4. Уметь отвечать на вопросы.

5. Выучить 5 пословиц.

Сроки: 3. 09-10. 09. 2011
Как делать, что использовать?:

1 Қ. т. 10кл. Алматы «Мектеп», 2010ж., стр. 39-правила; §1текст IV;

2. Т. М. Артыкова «Опорные схемы по казахскому языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №1, 2, 3;

3. Қ. т. 9кл. Алматы «Атамұра», 2005ж., стр. 45-46;

урок №1 упр№4; урок№2 упр№2.

Оценка:
Этап, цель работы:

Қасиетті қара шаңырақ.

Зат есімнің жалғаулары (көптік, септік, тәуелдік, жіктік) .

Вид работы(что делать):

1. Повторить теоретический материал.

2. Уметь правильно определять виды окончаний, знать пути способы образования притяжательных, личных окончаний, знать падежные вопросы и окончания.

3. Пересказать тексты.

4. Уметь отвечать на вопросы.

Сроки: 12. 09-26. 09. 2011
Как делать, что использовать?:

1. Қ. т. 10кл. Алматы «Мектеп», 2010ж., стр. 60-61-правила; §1 текст IV;

2. Т. М. Артыкова «Опорные схемы по казахскому

языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №6, 7, 8;

3. Қ. т. 9кл. Алматы «Атамұра», 2005ж., стр. 45-46; урок №1 упр№1, 3; урок №2 упр. №1.

Оценка:
Этап, цель работы:

Ақ бата. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Синонимдер, антонимдер, омонимдер.

Вид работы(что делать):

1. Повторить и выучить теоретический

материал.

2. Выучить: Антонимы-20;

Синонимы-15; Омонимы-10;

3. Уметь задавать вопросы к заданной

теме.

4. Написать конспект, реферат на тему:

«Қазақтың ұлттық тағамдары ».

Сроки: 1. 10-6. 10. 2011
Как делать, что использовать?:

1. Қ. т. 10кл. Алматы «Мектеп», 2010ж., стр. 15; §1 текст IV; стр. 154; §7 текст VI;

2. А. Тұрлыбаева «Ақ бата», Алматы «Өнер»1992;

3. Т. М. Артыкова «Опорные схемы по казахскому

языку», Алматы «Атамұра»2005, блок №4.

Оценка:

Кесте 2. Қазақ тілінен жеке білім беру картасының бөлшегі (11 сынып)

Этап, цель работы: Этап, цель работы
Вид работы (что делать): Вид работы (что делать)
Сроки: Сроки
Как делать, что использовать: Как делать, что использовать
Результат: Результат
Этап, цель работы:

Етістік

Етістіктің шақтары

Вид работы (что делать):

1. Етістіктің ережесі

2. Нақ осы шақ және оның түрлері

3. Келер шақ және оның түрлері

4. Өткен шақ және оның түрлері

Сроки:

Январь

(2-3нед. )

Как делать, что использовать:

1. Опорные схемы стр. 18-19

2. Қ. т. 5кл. стр. 109-111

3. Қ. т. 6кл. стр. 102-103, 108

4. Қ. т. 7кл. стр. 60-61

Результат:
Этап, цель работы: Етістіктің райлары
Вид работы (что делать):

1. Ашық рай (мысал)

2. Бұйрық рай (мысал)

3. Шартты рай (мысал)

4. Қалау рай (мысал)

Сроки:

Январь

(4нед. )

Как делать, что использовать:

1. Опорные схемы стр. 19

2. Қ. т. 5кл. стр. 110

3. Қ. т. 6кл. стр. 114

4. Қ. т. 7кл. стр. 81

Результат:
Этап, цель работы:

Есімше

Көсемше

Етіс

Вид работы (что делать):

1. Есімшенің жасалу ережесі

2. Көсемшенің жасалу ережесі

3. Етіс түрлері

Сроки:

Февраль

(1-2нед. )

Как делать, что использовать:

1. Опорные схемы стр. 20

2. Қ. т. 7кл. стр. 102

3. Қ. т. 7кл. стр. 113

Результат:
Этап, цель работы: Үстеу
Вид работы (что делать):

1. Үстеудің ережесі

2. Үстеудің сұрақтары

3. Үстеудің түрлері

Сроки:

Февраль

(3-4нед. )

Как делать, что использовать:

1. Опорные схемы стр. 21

2. Қ. т. 5кл. стр. 134

3. Қ. т. 6кл. стр. 131-132

Результат:

Жеке білім беру картасын қолдану технологиясы «Барлығын емес, жеке-жеке оқыту» ұстанымын ұстанады және өзінің соңғы кезеңінде оқушылардың қазақ тілі пәнінен ҰБТ тапсыру кезіндегі білім сапасының артқанын байқатады.

Жеке білім беру карталарын қолдану арқылы қорытынды қайталау үдерісі қалай құрылады?

Ең алдымен ҰБТ материалына кіретін әр тақырыпты сынып оқушыларының меңгеру сапасының диагностикасы жасалады. Бұл диагногнистка жыл бойы немесе оқушылардың әр кешенді тестілеуінен кейін жасалып отырады. Диагностикадан кейін мұғалім жақсы меңгерілген және де әлі де қайталауды қажет ететін тақырыптарды анықтайды. Осыған сәйкес мұғалім материалды тақырыптық жағынан бөлуді жоспарлайды.

Сабақты қайталау жүйесі тақырыптық және грамматикалық блоктардан тұрады, мысалы, «Фонетика», «Лексика», «Морфология», «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Лексикалық тақырыптар», «Пунктуация», т. б. Әр блок сәйкесінше ұйымдастырылған белгілі сабақ көлемінен тұрады.

Жеке білім беру картасы оқушылар орташа деңгейде меңгерген тақырыптарға жасалады. Қалған тақырып бойынша олар қалған оқушылармен бірге жұмыс жасайды.

Қайталау бойынша жеке білім беру картасының құрылымы келесідей:


Ұқсас жұмыстар
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушыларды ортақ мақсаттары бойынша топтау
Оқушыларды математика пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Ионды байланыс
Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары
Баламалы тест
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық тұрғысынан дайындаудың жолдары мен шешімі
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау
Мұғалімнің шығармашылығын әлеуеттік дамытудың оқушылардың ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыруға ықпал ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz