Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Апталық шығын кестесі

Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Кестеде есептеулер орындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word редакторында кестелерде
есептеулер орындау жолдарын
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ,қиялдау және ойын жеткізе білу
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, тәртіпке,
компьютерді жетік меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: компьютер, кеспе қағаздар, проектор.
Пәнаралық байланыс: Шет тілі, математика, экономика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Сабаққа даярлықтарын бақылау.
3.Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кеспе қағаздағы тапсырманы орындау арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Апталық шығын кестесі.

|Апта күні |Тағамдар |Өнеркәсіп |Басқа шығындар |
| | |тауарлары | |
|Дүйсенбі |125 |50 |120 |
|Сейсенбі |250 |500 |20 |
|Сәрсенбі |300 |120 |50 |
|Бейсенбі |200 |680 |20 |
|Жұма |0 |120 |0 |
|Сенбі |1200 |0 |40 |
|Жексенбі |0 |0 |300 |

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Енді осы үй тапсырмасын пысықтаған кесте арқылы, жаңа сабағымызды
бастаймыз. Апталық шығын кестесінде қорытынды деректер – жолдар мен
бағандар бойынша қосындылар жоқ. Осындай қосындыны есептеуді де редакторға
«жүктеуге» болады. Ол үшін тиісті ұяшықтарға қажетті формулаларды кірістіру
керек. Ол үшін соңғы бағанға барып Таблица/Вставить/Столбцы справа
командасын орындаймыз. Жаңа бағанға Күн қорытындысы атауын теру керек. Жаңа
бағанның бірінші ұяшығына тұрып, Таблица/Формула командасын беріп, пайда
болған терезеде SUM(LEFT) формуласын көрсету керек – сол жолдағы сол жақта
тұрған сандардың қосындысы. Шығын түрінің қорытындысы жолын кірістіру үшін
маус меңзерін кестенің соңғы жолының астына орналастырып, Таблица/Вставить
строки командасын беру керек, тура бір жол керек екенін растап және сол жол
кестеде пайда болғаннан кейін оған жолдың атауын, ал сол жолдағы
ұяшықтардың бәріне SUM (ABOVE) формуласын кірістіру керек – баған бойынша
жоғарыдан бастап барлық сандарды қосу. Кестелерде басқа да формулалар
қолдануы мүмкін. Мысалға, көбейтінді (PRODUCT), орташа (AVERAGE), ең үлкен
немесе ең кіші (MAX не MIN).
Апталық шығын кестесі.

|Апта күні |Тағамдар |Өнеркәсіп |Басқа |Күн қорытындысы |
| | |тауарлары |шығындар | |
|Дүйсенбі |125 |50 |120 |295 |
|Сейсенбі |250 |500 |20 |770 |
|Сәрсенбі |300 |120 |50 |470 |
|Бейсенбі |200 |680 |20 |900 |
|Жұма |0 |120 |0 |120 |
|Сенбі |1200 |0 |40 |1240 |
|Жексенбі |0 |0 |300 |300 |
|Шығындар түрінің| | | | |
|қорытындысы |2075 |1470 |550 |4095 |

ІҮ. Өтілген сабақты пысықтау.
1.Сергіту сәті. «Домино» ойыны
Ойын шарты:   Бірнеше сөздер берілген. Осы сөздерден тақырыпқа байланысты
сөйлем құрастыру керек.   
  
|бағандарда |бұл |ақпарат |
|ұяшық |Жолдар |қиылысып |

 
 
Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
 
жаңа |пернесімен |жол | 
Tab | |болады |қосуға |кестеге | | | 
 
Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады

   2.« Техникалық диктант»
1. Таблица – Вставить Таблица командасының көмегімен ……… құруға болады.
2.Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.
3. Число строк өрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.
4.Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін
басамыз.
5.Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң
тышқанның оң жақ батырмасын басып, ………… командасын орындаймыз.
 

«Техникалық диктант»  жауаптары
 
1.Таблица – Вставить Таблица командасының көмегімен КЕСТЕ  құруға болады.
2.Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН  санын енгіземіз.
3.Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.
4.Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа  оңға қарай жылжыту үшін TAB пернесін
басамыз.
5.Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң
тышқанның оң жақ батырмасын басып, Удалить Столбцы командасын орындаймыз.

Ү.      Қорытынды бөлім:
1. Оқушылардың білімін бағалау.
2. Үй тапсырмасы: «Кестеде есептеулер орындау» тақырыбына дайындалып келу.
«Информатика-10» Кирнос В.Н.162-163
б.б.

 

Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарларының топтамасы
Шығындар есебі
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Сынып жетекшінің сынып оқушыларымен жұмыс жоспары
Шығын түрлері
Ресурстарға ресурстардың кеткен шығын саны
Тәрбие сағаттарын бекіту
Апталықты өткізу жоспары
Топ басшысы ның бағалауы
Химиялық және механикалық технология
Пәндер