Сабақ барысын

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Бітік ОЖББМ Мерзiм 23 11 № 11 Тақырып: Ашу - дұшпан, ақыл-дос
Құндылық: Тыныштық Қасиеттер: сабырлылық, ұстамдылық, төзімділік.
Мұғалiм: Мирманова Толғанай Класс 4 Оқушылар саны_12__
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.
Міндеттері: Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру.
Оқушылардың «ұстамдылық» пен «сабырлылық» қасиеттерін дамыту
Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 11 сабақ. 58 бет Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып, талдау.
1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар ?
2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болы?
3. Мұғалім неліктен Азаматтың суретін мақтады?
- Дәйексөз.
Ақыл - адам көрігі,
ақылдың сабыр серігі .
М. Әуезов
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз? Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.
- Әңгiмелеу.
Сабыр суы
аңыз әңгіме
Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті. Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.
-Не амал етсем екен?.
Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.
«Осы су саған көмектесуі тиіс, - дейді.
Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.
«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» - деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі - көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» - дейді.
- Ақсақалға не үшін келді?
2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?
3. Ақсақал не үшін суды ұсынды?
4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты?
5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді?
6. Сіздер үшін сабырлы адам кім?
7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?
8. Сонда сабырсыз адам бақытсыз адам болғаны ма?
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. (әуен жайлап қосылып тұрады)
Оқушыларды 4 топқа бөліп өлең құрастырылу беріледі
(үздік құрастырған топтың өлеңі сабақтың соңында айтылады)
«Көңілді күн»
1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол
. . . шыдамды бол
Сабырлы да ұстамды бола білу
. . .
Қ-сы
. . .
Шыдамдымыз, төзімдіміз
Жарасымды, тартымды, ұстамдымыз
. . .
- Топпен ән айту.
«Біз үйде де, аулада сабырлымыз»
1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол
Сабырлы да, ұстамды бола
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz